БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 130

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. білім алушының бірлескен жұмысы, ал екінші жағдайда – оқытушы енетін бүкіл топтың жұмысы болып табылады. Оқытушы басқа қызметтерді де атқарады: ұйымдастырушы және кеңес беруші, бұл оқытудың субъектісі болып саналатын студент ұстанымының өзгеруіне негізделеді. Біз Е.С. Полаттың педагогтың жобалар әдісін қолдану шеберлігі – оның жоғары біліктілігінің көрсеткіші, оқыту мен дамытуда алдыңғы қатарлы әдістемені меңгеруінің көрсеткіші деген пікірімен келісеміз. Бұл технологияларды ХХІ ғасырдың технологиясына бекер жатқызбайды, олар ең алдымен, адамның индустриалды қоғамдағы жедел өзгеретін жағдайларына бейімделу білігін қарастырады. Е.С. Полат жобалау әдісі деп, «тұлғаның өзбетінділік іс-әрекетінің нәтижесінде, белгілі бір мәселені шешуге мүмкіндік беретін, оқу-танымдық тапсырмалардың белгілі жиынтығын» атайды [5]. Егер жобалар әдісін, педагогикалық технологиялар ретінде түсіндіретін болсақ, ол өзінің құрамына зерттеу, ізденістік, проблемалық әдістерді, мәні бойынша шығармашылық әдістерді қамтиды деп түсіндірме береді. Бірақ бұл анықтамалар білім алушы-оқытушы қатынасының сипатын, олардың өзара іс-әрекетінің мақсаттары мен нәтижелерін көрсетпейді. Т.И. Шамованың көзқарасын негізге ала отырып, қазіргі жағдайда жобалау іс-әрекеті арқылы оқытудың негіздерін құру туралы айтуға болады, оның бастапқы бағдарларын атаймыз: 1) оқытушының барлық ойы-зейіні – білім алушы және оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету; 2) білім беру үдерісі тек қана оқу пәнінің логикасы бойынша емес, негізінен студент үшін тұлғалық мәні бар, іс-әрекет логикасы бойынша құрылады, бұл өз кезегінде білім алушының оқуға деген мотивациясын арттырады; 3) жобамен жұмыстың жылдамдығы, әрбір білім алушы дамудың жаңа кезеңіне өтуге мүмкіндік алады; 4) оқу жобаларын құрастырудағы кешенді тұғыр, білім алушының негізгі физиологиялық және психикалық қызметтерінің дамуына ықпал етеді; 5) базалық білімді терең саналы меңгеру, оны әмбебап қолдану есебінен қамтамасыз етіледі [6]. Жобалар әдісінің негізінде, студенттердің танымдық дағдыларын дамыту, өз бетімен білімін құрастыру білігі, ақпараттық кеңістікте бағдарлану білігі, сыни ойлауының дамуы жүзеге асады. Білім беру үдерісінде жобаны қолдану тәжірибесін сипаттай отырып, беделді британ психологы Д.Равен, білім алушылармен жұмыс істейтін оқытушының қалыптан жоғары дәрежеде, бағдарламаны орындаудан бас тартуын атап көрсетті [7]. Оның орнына оқытушының зейіні, студенттердің белгілі бір жұмысты орындай отырып, меңгере алатын құзыреттілігіне аударылу керек. Жобалап тәлім жинақтау мақсаты студенттердің, келесідей білімдік әрекеттеріне орай қойылады: - әрқилы ақпарат көздерінен жеткіліксіз больш тұрған білімдерін өз бетінше әрі қалауы бойынша игереді; - игерген білімдерін танымдық және тұрмыстық міндеттерді шешу үшін пайдалануға үйренеді; 129