БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 129

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. қалыптастыру жайлы белгілі бір деңгейде тұжырымдар айтқан, ой-пікір білдірген ғалым-әдіскерлер В.И. Андреев, М.Г. Гаруков, И.Я. Лернер, П.И. Пидкасистый және т.б. монографиясы мен мақалаларында, Н.Г.Морозова, Қ.Б.Жарықбаев, Ю.К.Бабанский, М.А.Данилов, М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин, Г.И. Щукина және т.б еңбектерінде зерттеу әрекеті ретінде оқушылардың танымдық қызмет субъектісі ретінде қалыптасу үрдісі қарастырылды [2]. Бұл талапқа байланысты қазір әлемнің көптеген дамыған елдеріндегідей біздің елімізде ауқымды шаралар қолға алынуда. Соның бірі ғана емес бірегейі, ол – бұл күнде ХХ ғасырдың еншісінде қалып бара жатқан белгілі бір уақыт кезеңінде ғана білім алу жағдайынан - бүкіл өмір бойы білім алу жағдайына көшу, яғни адамның бүкіл өмір бойы тұрақты түрде жаңа білім мен дағдыларды игерулеріне жағдай туғызу. Сондықтан да қазіргі таңда білім беру жүйелерінің алдында тұрған негізгі міндет тұлғаның бүкіл өмір бойы тұрақты түрде жаңа білімдерді ала алуларына және соған сәйкес оларды қолдана алу іскерліктерін игерулеріне, яғни шығармашылық тұлға ретінде қалыптасуына негіз қалау болып табылады. Бұл міндетті жүзеге асыру білім беру жүйесінде студенттерді өз бетімен білім алуға ынталы ету, оларға жаңа білімді тек репродуктивтік қана емес ізденіс жүргізу және зерттеушілік іс-әрекетін дамыту арқылы игерту мәселелерінің практикада нақты шешімін табумен тығыз байланысты. Зерттеушілік іс-әрекет оқушыларды жаңа білімді игеруге ғана бағыттап қоймай, жаңа ақыл-ой қызметінің қалыптасуына көмектеседі. Ал, бұл студенттердің арнайы шығармашылық қабілетінің ғана емес, жалпы алғанда теориялық ой-пікірлерінің дамуына да зор ықпал етеді. Мұндай қбілеттерді қалыптастыруда жобалау әдісін қолдану маңызды. Неміс ғалымы К.Фрей «Жобалау әдісі» кітабында осы ұғымды былай түсіндіреді: «бұл білім алушылар мен білім берушілердің жобаны құрастыра отырып жүретін жолы». Ол жобалау әдісінің төрт жағымсыз белгілерін атап көрсетеді [3]: 1) жобаға қатысушылар жобалау бастамасын өмірдегі біреуден алады; 2) жобаға қатысушылар оқыту формалары туралы бір-бірімен келіседі; 3) жобаға қатысушылар жобалау бастамасын дамытады және оны барлығына хабарлайды; 4) жобаға қатысушылар өздерін жұмыс барысында ұйымдастырады; 5) жобаға қатысушылар жұмыстың барысы туралы бір-біріне ақпарат береді; 6) жобаға қатысушылар пікірталасқа түседі және т.б. Сонымен бірге, жобалау іс-әрекеті айналасында пікірталастар үздіксіз жүруде. И.А.Сасова атап өткендей, бір авторлар, жобаны студенттің жеке іс- әрекетінің нәтижесі, оның өзіндік идеясын жүзеге асырудың нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни жобалар әдісі тек қана сабақтан тыс уақытта қабылдауға болатын әдіс болып саналады; басқа бір авторлар жобалар әдісі бойынша оқыту кезеңінде, барлық білім алушылардың қажеттіліктерін анықтауға үйрете отырып, фронтальды жұмыс жүргізуді дұрыс деп санайды, бұл кезеңде бастапқы идеяларды ұсыну, оларды бағалау, жұмысты жоспарлау, бұйымды дайындау, оны сынау және бағалау бойынша фронталды жұмыста жүргізген дұрыс деп санайды [4]. Бірінші жағдайда – ол оқытушы мен жеке 128