БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 128

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. ӘОЖ 371.33 Исабаева С.Н. – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті E-mail: [email protected] Абдыкеримова Э.А. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті E-mail: [email protected] Абишева Н.М. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а., Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, E-mail: [email protected] Пазилова Б.А. – педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті E-mail: [email protected] Талпакова Б.Ә. – педагогика ғылымдарының магистрі, Алматы технологиялық университеті E-mail: [email protected] СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖОБАЛАУ ӘДІСІНІҢ РӨЛІ Аңдатпа. Студенттердің дайындығын анықтайтын басым бағыттардың бірі – зерттеушілік іс-әрекет. Мақалада студенттердің зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыруға, сондай-ақ идеялары мен ойларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жобалық әдісті қолданудың негіздемесі келтірілген. Пәндер мазмұнындағы студенттердің зерттеушілік іс- әрекеттерін қалыптастыру үшін түрлі жобалар ұсынылған: ақпараттық жобалар, ғылыми жобалар, шығармашылық жобалар, тәжірибе- бағытталған жобалар, ойын жобалары. Тірек сөздер: зерттеу іс-әрекеті, оқу үрдісі, жобалық әдіс, іс-әрекеттер, студенттер, ақпараттық жобалар, ғылыми жобалар, шығармашылық жобалар, тәжірибеге бағдарланған жобалар, ойын жобалары. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет әр оқушының қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі [1]. ХХI ғасыр - бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Еліміз егемендігін алып, өзін бүкіл әлемге мойындата бастаған осы кезеңде біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген тұлғаларды қажет етеді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру керек. Жалпы, аталған мәселеге байланысты, оны өзінің зерттеу объектісі немесе зерттеуінің «өзегі» етіп алмағанымен де, студенттерде зерттеушілік біліктілік 127