БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 124

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. психикасының жоғары бейімделудің тиімділігін қарастырады. «Өзін-өзі реттеу» ұғымын басқа ұғымдармен теңестіріп, психикалық үдерістерді, құбылыстарды, психикалық белсенділік пен тағы басқа да саналы өзін-өзі реттеу процестерін қарастырды. Мәселен, эмоциялық өзін-өзі реттеуді терең анықтаған O.A. Конопкин саналы өзін-өзі реттеу «адамның ішкі белсенділігінің әртүр тасымалдаушысы ретінде, ол өзінің орындаушылық іс- әрекетінің мақсаттарын өзі қабылдайды және оларды қолайлы құралдармен жүзеге асырады, ол сондай-ақ бірқатар жағдайларда өзі анықтайтынын ескере отырып, бұл жерде саналы өзін-өзі реттеу туралы айтуға болатынын алға тартады. Сонымен қатар, адам мінез-құлқының барлық жеке ерекшеліктері функционалдық қалыптасуымен және өзін-өзі реттеу процестерінің мазмұндық сипаттамаларымен анықталады. Белсенділік субъектісі жүзеге асырады [16, 128-135 б.]. Осы пікірлерге келесе отырып, оқушылардың эмоциялық өзін-өзі реттеу қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында, біз эмоционалдық өзін-өзі реттеудің келесі функционалдық құрылымын ұсынамыз (жалпы өзін-өзі реттеу сияқты) (кесте 1) [17, 130 б.]. Кесте 1 – Эмоциялық өзін-өзі реттеудің функциялық құрылымы Өзін-өзі реттеу процесінің құрылымы Субъект қабылдаған мақсат Қызметтің жағдайларының моделі маңызды субъективті Бағдарлама орындаушылық Табысқа жету критерийлері Нәтиже туралы ақпарат Қызметті түзету туралы шешім Эмоционалдық өзін-өзі реттеу мазмұны мен функциялары Проблемалы жағдайда жеке тұлға ретінде сезіну және оны оңтайландыру бойынша шешім қабылдау-эмоциялық өзерістердің қалай өзгеретіні туралы білім қалыптастыру Қалыптасқан жағдайдың қандай эмоционалдық жай - күйі неғұрлым адекватты болып табылатыны туралы түсінік қалыптасу-эмоционалдық қарым- қатынастың әлеуметтік-қолайлы нұсқасын ұғыну, жағымсыз эмоционалдық жай-күйлерді жеңу үшін үлгі іздеу Эмоционалдық өзін-өзі реттеу процесінде жеке тұлғаның іс-әрекетінің алгоритмін қалыптастыру: а) қажеттіліктің әс-әрекетінің өзгеруі; б) қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған өз белсенділігінің өзгеруі; в) қажеттіліктің тұлғалық бағалауының өзгеруі; г) қызмет шарттарының өзгеруі. Атқарушылық іс-әрекеттер бағдарламасын іске асырудан адамның қанағаттану дәрежесін сезінуі Тұлғаның эмоционалдық жағдайының және оның қажеттілігінің келісілуінің қандай дәрежеде еңсерілгендігін сезінуі Тұлғаның эмоционалдық жағдайының және оның қажеттілігінің оңтайлы арақатынасына қол жеткізу үшін эмоционалдық өзін-өзі реттеу процесін жалғастыру туралы шешім қабылдау. Эмоциялық өзін-өзі реттеудің функциялық құрылымын қарастыра, психологиялық диагностика бағдарламасына төмендегі әдістемелерді белгіледік: - В.В. Бойконның «Кедергілер» әдістемесі; - Басса-Даркинің «Эмоцияны зерттеуге арналған» тесті; 123