БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 123

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. нашақорлық , ерте жыныстық белсенділігі және жасөспірімдік жүктілік жіне девиантты ана атануды болдырмау [9, 187 б.]. Эмоционалды өзін-өзі реттеу (эмоционалды реттеу, ЭР) - бұл өмірлік оқиғаларға эмоционалды түрде әлеуметтік жағынан қолайлы жолмен жауап беру қабілеті, сонымен қатар өздігінен реакция жасауға жеткілікті икемділік сақтай отырып, қажет болған жағдайда оларды кейінге қалдыру мүмкіндігі [10, 73-100 б.]. Өзін-өзі реттеу - бұл тұлғаның субъект ретіндегі жаратылысын, оның әртүрлі тіршілік жағдайларында өзінің тіршілік ету параметрлерін (күйі, мінез-құлқы, қызметі, өзгелермен өзара әрекеттесуі) ерікті түрде реттеп отыруға қабілеттілігін көрсететін жүйелі сипаттамасы. Өзін-өзі реттеу ұғымы (лат. regulare – тәртіпке келу, бәрін үйлестіру) энциклопедиялық нұсқада ұйымдасуы мен күрделілігі әртүрлі тірі жүйелердің мақсатқа сай тіршілік етуі ретінде анықталады, ол шетелдік және отандық психологияда жақсы дамыған [11, 6 б.]. Е.А. Сергиенко жүйелі және субъектілік-әрекеттік тәсілдердің шеңберінде мінез-құлықты бақылау дербестіктің интегративті сипаттамасы ретінде қарастырылады және өзін-өзі бақылаудың негізі болып табылатын мақсатты қызметті қамтамасыз ететін мінез-құлықты реттеудің психологиялық деңгейі ретінде түсініледі [12, 95-98 б.]. Мінез-құлықты бақылауда үш компонентке бөлінеді: 1. Іс-әрекетті бақылау-мінез-құлық көріністерін бақылау; 2. Эмоцияны бақылау-эмоциялық реттеу; 3. Когнитивті бақылау-когнитивті талдауға, алдын ала зерттеуге және қызметті жоспарлауға қабілеттілік. Эмоциялардың саналы реттелуін В.И. Моросанова зерттеуінде кез-келген мақсатқа бағытталған іс-қимыл, яғни мақсат (белгілі бір эмоцияларға қол жеткізу / болдырмау), бағдарламалау бірлігі (ресурстарды бағалау және бөлу), өнімділік бірлігі (психикалық операциялар, мінез көріністері, өзін-өзі реттеу құралдарын пайдалану) және кері байланыс жүйесі (мақсат пен алынған нәтижелер арасындағы байланысын) қарастырды [13, 5-17 б.]. Н.Б. Дорошенко өзін-өзі реттеу үлгісін шолу, олардың негізгі екі құрауышы бар екенін көрсетті: өзреттелімнің бірінші мінез ерекшелігі болып мақсаттарды қоюдың динамикалық уәждемелік жүйесі, аралық қорытындыларды бағалау болып, ал екінші малі түрлері мен формаларын бастау, құру, қолдау және басқару бойынша жүйелі ұйымдастырылған процесс» деп түсіндіреді. Өзін-өзі реттеу процестерінің жетілу дәрежесіне кез- келген еркін белсенділік актісінің табыстылығы, сенімділігі, өнімділігі, соңғы нәтижесі байланысты екенін атап көрсетеді. O.А.Конопкиннің пайымдауынша, адам психиканың жоғары формаларыныңңызды ерекшелігі, сонымен бірге, уәждеме жүйесінің негізгі элементтері болып табылатын және когнитивтік үдеріспен байланысты сезім реакцияларын түзетумен істес болу табылады [14, 246-278 б.]. Шетелдік ғалымдар J.Gross, A.Gyurak және A.Etkin зерттеуінде уақытқа, ұзақтығына байланысты және түрлі реттеуші стратегияларды қамтиды. Оларды қолдану қарқындылығы: «жағдайды таңдау, жағдайды өзгерту, назар аудару, когнитивті қайта бағалау және өзін өзгерту, эмоциялық реакция» [15, 400-412 б.]. Ғылыми әдебиеттерді талдағанымызда кейбір ғалымдар, адам 122