БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 122
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
жағдайларында едәуір толымды өмірге жетуге және ұжыммен қоғамда мәнді
әрі жағымды әлеуметтік-психологиялық мәртебеге жетуге ұмтылыс [6, 214-
221 б.].
Өзін-өзі басқару адамдар көбінесе үлкен рухқа ие және жоғары дамыған
талаптану деңгейімен сиппатталып, іс-әрекетте басқалардан жоғары
нәтижелерді көрсетуге тырысады. Өзін-өзі танытумен байланысты
ұғымдардың бірі - өзін-өзі басқару мәселесі психоанализде де арнайы
қарастырылған. А.Адлердің пікірінше, тұлғаның өзін-өзі басқару ұмтылысы
оның жастық кезеңінен қалыптасқан кемістік сезімін компенсациялау жолы
ретінде пайда болады. Оның тұжырымдауынша, егер невротиктерде өзін-өзі
басқару басқалардың «Менін» басу негізіндегі өзін-өзі жүзеге асыру
ұмтылысымен, көбінесе эгоцентрлік бағытта іске асса, ал психикасы сау
адамдарда ол, ең алдымен, белгілі бір мақсатқа жетуде кездесетін
қиындықтарды жеңуге, өмір талабынан шығатын шынайы міндеттерді
шешуге бағытталған, яғни өзінің әлсіз «Менін» жеңуінде, бүгінгі «Меніне»
өктемдігінде көрінетін тұлғаның өзіндік өктемдегі түрінде жүзеге асады [6,
214-221 б.].
А.А.Төлегенова эмоциялық интелекттің психофизология тұрғысынан
қарастырған.
Оның
зерттеу
еңбегінде
эмоциялық
интелекттің
психофизологиялық параметрлері адамның эмоцияны реттеу кезіндегі
индивидуалды ерекшеліктерінің негізі ретінде қарастырылған. Эмоциялық
интелекттің адамның өнімді іс-әрекет, әлеуметтік бейімделу және стрестік
жағдайлар үшін маңыздылығы көрсетілген [7, 16 б.].
Жасөспірімдік кезеңде баланың жеке дамуына әсер ететін жағдайлар
терең өзгерістермен сипатталады. Олар дененің физиологиясы, ересектер мен
құрдастар бар жасөспірімдер арасында қалыптасатын қарым-қатынас,
когнитивтік процестердің, интеллект пен қабілеттердің даму деңгейіне
қатысты. Бала организмінің тез өзгеріске ұшырап, ересек организміне
айналуына байланысты. Баланың физикалық және рухани өмірі үйден сыртқы
әлемге көшеді, құрдастар мен ересектердің ортасына ауысады.
Құрдастарымен бірлесіп барған ойын-сауықтар, бірлескен жасаған істен
қарағанда, өмірлік маңызды тақырыптарға байланысты қарым - қатынастар
әлдеқайда маңызды болады. Осы жаңа қарым-қатынаста жасөспірім
интеллектуалды жеткілікті дамыған тұлға болып табылады және өзінің
құрдастарымен қарым-қатынас жасауда белгілі бір орынды иеленуге
мүмкіндік беретін қабілеттерге ие болады [8, 224 б.].
Оқушылар ағзасында орын алатын психофизиологиялық өзгерістер пайда
болуымен байланысты кризистік даму кезеңі орын алады және осы ахуалмен
байланысты жасөспірім мінезінің кейбір көрсеткіштері шамадан артық дамып
кетуі, эмоциясын реттей алмауы, агрессияның орын алуы, эмоцияға берілуі,
эмоциясын басқара алмауы, орынсыз кикілжіңдер байқалады.
Заманауи жас ерекшелік психологиясы практикалық міндет ретінде
жасөспірімдердің проблемаларын шешуде психологиялық көмек яғни
алдын-алу және түзетуді қарастырады: өздігінен білімге және жеке өсуде
психологиялық көмек көрсететін жасөспірімдердің толық ақыл-ой және жеке
дамуына қолайлы жағдай жасау үшін білім беру жүйесін оңтайландыру,
баланың ата-аналарының проблемаларын және қақтығыстарын шешу: ата-
аналардың мен бала арасындағы тежеушілік тәуелділікті еңсеру,
жасөспірімдегі агрессия, девиантты және заңсыз мінез құбылыстар,
121