БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 121
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Тірек сөздер: эмоция, жағымды-жағымсыз эмоция түрлері, эмоциялық
өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі ұстау, өзін-өзі басқару.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №
205 жарлығымен Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды
дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітті.
Бағдарламаның басты мақсаты - экономиканың орнықты дамуы үшін білім
берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды
дамыту керектігін атап көрсету [1].
Мемлекеттік жастар саясаты туралы Қазақстан Республикасының заңында
Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер өз қызметін жастардың зияткерлік,
рухани, дене бітімінің, шығармашылық тұрғысынан дамуы, кәсіби даярлығы
және кәсіпкерлік әлеуетін іске асыру үшін жағдайлар жасау мақсатында
жүзеге асырылады. Жастарға арналған әлеуеттік қызметтерінің негізгі
бағыттарының бірі: жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдесу деп
көрсетілген [2].
Ғылыми еңбектерде адамның эмоцияларын реттеу, өзін-өзі басқару, эмоция
туралы мәселелерге көп көңіл бөлінді. Антикалық философиядан бастап
бүгінгі күнге дейін, өзін-өзі реттеу мәселесі физиологтардың,
психологтардың және педагогтардың ғылыми дауларының мәні болып
табылды.
H.A.Абульханова-Славская өзін-өзі реттеуді мінез-құлықтың даралығын
ғылыми психологиялық талдаудың принципі ретінде түсіндіреді. Адам іс-
әрекетінің және тіршілік әрекетінің барлық биологиялық жүйелерінің
интегралды өтпелі механизмі ретінде өзін-өзі реттеу қарастырады [3, 335 б.].
В.П. Симонов шын мәнінде өзін-өзі реттеу және рефлекторлық қызмет пен
жүйкеде айырмашылық жоқ деп санайды. Өзін-өзі реттеу рефлекторлық
қызметтің ерекше көрінісін зерттеуші ғалым А.А. Ершов реттеуді
«бейімделу» синонимі ретінде қарастырады [4, 3-28 б.]. Авторлардың
пікірінше, реттеу ағзаны ортамен теңдестіруге есептелген. Өйткені екі
жағдайда да «реттеу» ұғымының шеңбері жеке деңгейге дейін тарылып,
реттелудің жеке деңгейін көрсетпейді.
Б.И. Зайгарник саналы түрде өзін-өзі реттеу процесінде мінез-құлық
басқарудың екі деңгейіни көрсетті: операциялық-техникалық саналы түрде іс-
әрекетті ұйымдастыруды оңтайландыру көмегімен және мотивациялық
ұйымдастыру жалпы іс-әрекетке бағытталуы, мотивациялық қажеттілік
сферасының басқару көмегімен жүзеге асырады [5, 122-132 б.].
Отандық психология ғылымдары Ж.Қ. Жарықпаев, О.С. Сангилбаев
«Жантану атауларының түсіндірме» сөздігінде өзін-өзі ұстау, өзін-өзі басқару
сөздеріне анықтама берді [6, 214-221 б.].
Өзін-өзі ұстау - адамның өз іс-әрекетінің шырқын бұзатын, эмоциялық
саласына ықпалы болатын жағдаяттарда өз қарекетін жүзеге асыруға
қабылеттілігі. Өзін-өзі ұстауда осы іс әрекетті реттейтін психикалық
процесстерді саналы-еріктік ұйымдастыру көрінеді. Өзін- өзі ұстай білу
тұлғаның эмоциялық және әлеуметтік кемелділігінің көрсеткіші.
Өзін-өзі басқару - ұжым мүшелерінің өз ортасына басшылық етіп, басқару
әрекеті. Өзін- өзі басқару негізінен мекемеден тыс жұмыс түрінде кеңінен
көрініс береді. Өзін-өзі бекіту - адамның өзін-өзі білдіру мен өзін-өзі ашуға
деген іргелі қажеттілігі өзін өзі басқару негізгі мотиві - тіршіліктің берілген
120