БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 125
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
- А.Уэссман және Д.Рикстің «Эмоционалдық күйлерде өзін-өзі бағалау».
Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекет пен дағдарыстық
ахуалдардың пайда болуын детерминациялайтын және дербес немесе басқа
да себептермен бірлесе психологиялық қауыртқылықты күшейтетін
жасерекшелік психологиялық факторлар туралы мәліметтер әлі де болса
жеткіліксіз жағдайда.
Осыған орай, теориялық талдау барысында жасөспірімдерде аталған
деструкция әрекеті жасерекшелік психологиялық жаңа құрлымдардың пайда
болуынан эмоциялық (жеткіліксіз эмоциялық зерттеу, депрессиялық жағдай)
когнитивті (талдау қызметінің бұзылуы, болжамдау мен ақпаратты бағалау;
руминация; ойлаудың, зейінің, есте сақтаудың, реттеуші қызметтерінің
бұзылуы) және тұлғалық салалардың (өзіндік сана сезім дамуының бұзылуы)
бұзылуымен түсіндіріледі [18, 39 б.].
Оқушылар арасында осындай проблемалардың орын алуына байланысты
біз психологиялық қызмет түрлерін төмендегідей карастырдық:
а) мінез-құлқында өзгеріс пайда болған оқушыларды бақылау, жұмыс жасау;
балалардың неғұрлым нышандық проблемаларын және олардың ой өрісінің дамуы
динамикасындағы көрініс түрлерін (депрессиялық күйді, қобалжуды,
агрессивтілікті, алаңдаушылықты, үрейлік, қорқыныш және т.б.) анықтау;
б) оқушыларға «Сенім қызметі» арқылы психологиялық көмек көрсету;
в) дағдарыс жағдайларында оқушыларға психологиялық көмек беру;
г) эмоциялық-ерік сферасын дамыту, эмоциялық өзін-өзі реттеу
қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында трениннгтер, сауалнамалар жүргізу;
е) стреске қарсылықты күшейту;
ж) жағымсыз эмоциясын жеңуге көмек көрсету (сурет салу, музыка
тыңдау, өлең жаздыру, сұхбаттасу т.б);
Осылайша теориялық талдауды қорытындылай келе, оқушылардың
эмоциялық қабілеттілігін қалыптастырудың негізгі белгілері болып келесілер
саналады:
1. Эмоциялық саланы жетілдіру. Оқушылар арасында (оның барлық
қозғаушы күштерін дамыту, әр түрлі сезімдер мен эмоцияларды үйлесімді
дамыту, өзін-өзі бағалауды қалыптастыру, түсіну біліктерін дамыту,
эмоциялық өз жағдайлары мен себептері, оларды тудыратын, шамадан тыс
эмоциялық шиеленісті және жоғары үрейленуді жеңу;
2. Жағымды эмоционалдық жағдайын дамыту үшін жағдай жасау:
оқушылардың эмоционалдық тәжірибесіне назар аудару; эмоциялық
қиындықтарды жеңу жолдарына ілесіп жүретін эмоционалдық процестер
туралы түсінік қалыптастыру;
3. Оң эмоционалдық фонды сәттер туғызу; көркем-шығармашылық
ортада оң эмоционалдық көңіл-күйдің пайда болуын қамтамасыз ететін
психологиялық-педагогикалық құралдарды қолдану; (көңіл көтеру, әзіл-
сықақ, мадақтау, табыс жағдайы және т. б.);
4. Жағымды эмоционалдық жағдайларды өзектендіру (зияткерлік,
шығармашылық,
танымдық
қажеттіліктен
қанағаттандыру
сезімі;
мотивациялық қанағаттандыру, жетістіктер, шығармашылық , табыс
қуанышы, қызықты жұмыс, тапсырмалар, қарым-қатынас, ойындар, көңілді
көңіл-күй және т.б.);
124