БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 119

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. құбылыс арқылы балалардың назарын аударып, қызығушылығын тудырудан басталатын сабақ үдерісінің әрбір кезеңінде оқытушы бағыт беруші ретінде көрініп, балалар білімді өзі дербес меңгеруге орайластырылған тапсырмалардың арасында оқу-білім дағдысын қалыптастырып қана қоймай, оның қызығушылығы мен білімді меңгеруге деген ықыласын дамытуға қажетті ыстық орындық, ДЖИГСО, шеринг, әдеби шеңбер, пікір ағашы, әдеби эссе, кейіпкерге немесе авторға хат сынды жаңа әдіс тәсілдер сабақ мазмұнын түсіну, бекіту, жаттығу жасау сияқты кезеңдердің нәтижиелі болуына орайластырылады. Сондай-ақ жаңа жүйедегі әдістеме бойынша қазақ әдебиеті сабағында көркем мәтін бойынша мынадай білім дағдыларын меңгеріп шығады: шығармадағы кейіпкерлер портретін анықтау, шығармадағы кейіпкерлер образын іс-әрекеті арқылы ашу, шығармадағы теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталаулардың мағынасын анықтауды, әңгіме сюжеті бойынша жоспар құру, әңгіменің фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау, әңгіменің тақырыбын анықтау, әңгіменің идеясын айқындау, шығармадағы автор көзқарасын айқындау, шығармадағы автор бейнесін анықтау, автор бейнесін айқындап, биопоэма жазуды, әңгімеден шағын үзінділерді рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, әңгіме үзінділері мен суреттегі кейіпкерлерді салыстыру, шығармадан алған әсерді сипаттап авторға хат жазу, шығармадағы ұлттық құндылықтарды бағалау, эпизодтар арқылы әңгіменің тарихи құндылығын бағалау, кейіпкерлерді өмірмен салыстырып бағалау, әңгімедегі екі нәрсені салыстыра суреттеулерді табу, шығармадағы қарама-қарсы суреттеулер табуды, әңгімедегі кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу. Қорыта айтқанда, мектеп жаны мұғалім мен оқулық деген қағидаға сай болатын оқулықтарды дайындау мен мамандарды жетілдіру үдерісі жалғаса беру қажет. Тек ешетеңе істемеген кезед ғана қателеспеуге болады деген өмірдің ережесі бойынша бұл тұста да кемшіліктер мен қателіктеріз болмайтыны белгілі. Дегенмен осы бір факторлар үшін тоқтауға да, кеңестік кезеңдегі білім жүйесін мақтаушылар ұсынатындай оған кері қайтуға да болмайды. Қазіргі білім жүйесі бойынша тәрбие алып жатқан балалардың бойындағы өзгеріс пен серпіліс байқалып келеді. Қазақ жастарының тақсатқа ұмтылуы, білім мен біліктілікті жоғары бағалауы өз елімізде ғана емес шет елдерде көрініп жүр. Бұл әрине, осы жылдардағы білім саласындағы тәжірибелер мен атқарылған істердің, жаңа сипатты оқу жүйесінің жемісі әрі жеңісі екнедігінде күмән жоқ. Әдебиеттер: 1. Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы RWCT стратегиялары. – https://szh.kz Пайдаланған уақыты: 25.07.2018 ж. 2. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1988. – 267 б. 3. Сағадиева К. Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудегі зерттеулердің негізі. Білімді ел сайты. – http://bilimdinews.kz/?page_id=9613 Пайдаланған уақыты: 25.07.2018 ж. 4. Развитие критического мышления (советы Дайаны Халперн). – https://4brain.ru/blog/ Пайдаланған уақыты: 12.07.2018 ж. 5. Піралиев С. Ұлттық тәрбие және жаһандану. – atazholy.kz/2009/12/ltty-t-rbie-zh-ne-zha-andanu/ Пайдаланған уақыты: 27.07.2018 ж. 118