БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 118
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
өрісін кең жаюы қанша қиындыққа толы болса да шегінбей, қазақ тілін
толыққанды ғылымның, ресми іс-қағаздары мен көркем әдеби тіл ретінде өз
биігіне шығару қасиетті парыз.
Қазіргі таңдағы үлкен реформа білім жүйесіндегі үштілділік. Орыс тілін
меңгеру қиындық тудырмасы анық. Себебі біздің елде орыс тілін өз туған
тіліндей меңгерген. Ағылшын тілін үйренуде күрделі болмысы айқын.
Себебі ел-жұрттың ағылшын тілін үйренуге деген мотивациясы жоғары.
Болашаққа ұмытылған жастың алдынан ағылшын тіліне деген қажеттілік
жиі туындап отыратындықтан, бұл тілге деген сұраныс мемлекеттік
бағдарламада бекітілмесе де өз орнын алады. Қазақ тілі бұл жағыдайда
дамымай, керексіз күй кешеді деген қазақы болмысын сақтаған ұлт
өкілдерінің алаңдаушылығы толастар емес. Қазақстан бағдарламасында 2025
жылы қазақстандықтардың 95% қазақша сөйлеуі тиіс. «К 2025 году казахский
язык станет главенствовать во всех сферах жизни, станет языком повсеместного
общения. И это, безусловно, будет важнейшим достижением нашего
государства. Наш суверенитет, наша независимость наконец-то обретет то, что
скрепляет нацию, цементирует ее, – это родной язык» [3, 169 б.]. Қазақ
халқын біріктіруші болуы тиіс қазақ тілі аталған жылға дейін сол биіктен
көріне ала ма? Оған ықпал етуші әлеуметтік – саяси жағыдайлар бар. Ол
қазақ халқының үлес салмағының артуына тікелй байланысты. Осы орайда
қазақ тілін ағылшын немесе орыс тілі деңгейінде оқытып жүрміз бе?
Қазіргі оқулықтардың бірнеше нұсқасының ұсынылуы тіл үйренушілер
мен оқушылардың тілді меңгеру мүмкіндігін арттырады. Қазіргі кезеңде
оқулықты жазушы білім мен ғылым орталықтары оқулықтың түрлі
нұсқасын дайындап, білім беру ұйымдары таңдауға ие болуы бұл саладағы
ізденістің шынайы екендігіне көз жеткізеді. «Жақсы оқулық – ұлттың игілігі,
оның рухани құндылығы. Бұл іс қазір ұлттық сипат алып, мемлекеттік маңыз
беріліп отыр, – деді ол – Осы негізде Білім және ғылым министрлігі
Ұлыбритания, АҚШ, Ресей, Сингапур, Оңтүстік Корея сияқты бірқатар
шетелдердің оқулықтар жасау тәжірибелеріне талдау жасады.» Назарбаев
зияткерлік мектебінің оқу бағдарламасы негізінде жаңа оқулықтар жасау ісі
басталып, ол Кембридж университетінің мамандарының жетекшілігімен
практик мұғалімдер мен ғалымдар тобы қатыса отырып, жаңа әдіс-тәсілдерді
пайдалану негізінде оқулықтар дайындалды. Балалардың сыни ойлауы мен
бағалауға негізделген бұл заманауи жүйенің басты ерекшелігі - олардың
өзіндік ойлау қабілетін жетілдіріп, жауапкершілік пен бастамалыққа,
креативті ойлауға баулу. Оқу процесінің әрбір кезеңінің нәтижелі болуын
қамтамасыз ететін жаңа әдіс-тәсілдерді мұғалімдерге үйрету де осы мектеп
жанынан құрылған білім мен ғылым орталығының игілікті іс-шарасы болып
отырған жайы бар. Қазақ тілін оқытудағы инновациялықбастамалар:
Назарбаев Зияткерлік мектептер тәжірибиесі атты Республикалық форумы
жыл сайын Республикамыздың түк-түкпірінен келген мұғалімдердің іс-
тәжірибиесін бөлісу үшін жиналып, бір-бірінің сабақтарын үйреніп, талдап,
кәсіби шеберлігін жетілдіруге өте пайдалы алаңға айналған. Назарбаев
мектептерінің түлектерінің алдыңғы қатарлы әлемдік оқу орнына түсу мен
онда оқу мүмкіндігінің жоғары екендігі бұл күнде мақтан етерлік. Осы
зияткерлік мектептерінің өзге де мектептерде білім алып жатқан балалар да
тыс қалмай, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін дамытуға жағыдай жасап
отыр. Сабақты бастаудың алдынды аңдату, сабаққа қатыссыз сияқты зат не
117