БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 117
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
болмасын өзінің идеясын ұсынып, шешім шығара алатын білімді, әрі іскер
болу қажет. Қазіргі бүкіл оқу жүйесінің негізіне дамыған елдердің кеңестік
кезеңдегі қарабайыр түсінідіру мен оны қайталап айтудан бөлек білім
жүйесін енгізіп келеді.
Оқу саласындағы өзгерістер мен инновация бүкіл қоғамды алға
ілгерілетуші күш екендігі анық. Сондықтан бұл салаға заманауи талаптарға
сай келетін білім мен инновация ұштасқан, баланы ойландырып, берілген
материалды қорытып, оның негізінде дербес пікір қалыптастыратын білімді,
бастамашыл, батыл, жауапкершілігі мол адам етіп шығару қазіргі кезең
жүйесінің негізі. Білім жүйесіндегі қарама-қайшылықтар мен сындар қоңам
әркелкілігі, ұрпақтар қайшылығынан да туындап отыратыны ескерілу қажет.
Ата-ана тарапынан айтылатын сындар материалдың күрделілігіне келіп
саяды. Қазіргі кезеңде бала мен оның ата-анасының екеуі екі түрлі қоғамды
білім алған. Сондықтан кей ата-аналардың сыны орынсыз болуы да мүмкін.
Кеңестік жүйенің білімін мақтап, қазақ тілі мектептерінің білім беру
сапасына күмәнмен қарау астарында ескі көзқарастың басым түсіп
отырғандығы байқалады. Қай кезеңде болмасын білім беру үдерісін
ұйымдастыру өте күрделі істердің қатарынан табылған. Ол салада
реформаның көптігін де осы ерекшелігімен түсіндіруге болады. Алдыңғы
қатарлы білімімен ғылым жүйесі өзгелерден озық тұрған елдердің білім
жүйесін әкеліп орнықтырған дұрыс. Дегенмен де әр ұлттың болмысымен
қоғамдық-саяси, мәдени-әлеуметтік жағыдайлары ескерілмесе, ол жүйе
дұрыс орнықпайды.
Қазақ білімі мен ғылымының негізін салушылардың бірегейі
А.Байтұрсынұлы өз еңбектерінің ең үлкен саласын осы білім жүйесін
ұйымдастыру мен оны оқулықтармен, мамандармен қамтамасыз етуге
арнағаны белгілі. «Расын айтқанда, мектеп бағдарламасына көңіл толмайды.
Оқулықтың тілі ауыр, оқушы емес, ғалымға арнап жазылғандай. Оқулық тек
қана білім мен тәрбиенің ғана құралы емес, бұл патриотизмді
қалыптастыратын да дүние.»- деген пікірі туралы ХХ ғасырдың басында
қазақ мектептері ашылып, жүйелене бастаған кезде Ахмет Байтұрсынов
мынадай пікірін алға тартады: «Үйрену һәм үйрету ең басында қиын.
Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, көңілі қайтып,
мұқалмайды, оқуға ықыластанып, оқыған сайын қызығады. Үйретушінің де
жігері құм болмай, ісі ілгері оңай жылжыған сайын, көңілденіп, оқытуға
жаһады зорайып, шабыттанады. Оқу басында қиын болса, балалар миға
(ұйыққа) түскен мал сықылды малтығып, жылжи алмй қиналады. Екі
жағының да жігері кеміп, шабыты болмайды. Шабаттанып істемеген іс
оңды да болмайды.» Ғалымның бұл пікірінен оқу үдерісіндегі психологиялық
фактордың жетекшілік роліне көз жеткіземіз. Ғалымның одан кейінгі
тарқатқан ойлары қазіргі кезең үшін аса өзекті. «Сондықтан әліппе кітабы
оңай болып, оқытқанда балаларды неғұрлым аз қинаса, соғұрлым жақсы
болмақшы. Әліппені балалар қиналмай оқып шықса, онан әрі оқуға ықыластанып,
талаптары қанат байлағандай көтеріліп, зораймақшы» [1 ,280 б.]. Қазіргі таңдағы
бастауыш сынып оқушыларының оқулықтарының балалардың жас
ерекшеліктерін ескермей, олардың ұғым-түсініктерінің күрделілігі шынында
жас баланың оқуға деген ынта-ықыласын азайтып, оқу үдерісінің нәтижелі
етпесі анық. Қазақ мектептерінің білімінің төмендігін арқау еткен кей пікірлердің
шешімі осы оқулық мәселесінде жатқаны анық. Қазақ тілінің орыс тілді ортада
116