БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 116

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. оқулықтардың көпшілігіне тән кемшілік – ізденістің аздығы. Мәтіндердің қайталануы мен тартымсыздығы тіл үйренушінің білімге қызығушылығын төмендетеді. Тапсрымалардың әртүрлілігі ескеріле бермегендік те тілді оқыту дерісінде дағдарысқа соқтыратыны жасырын емес. Оқулықтардың мазмұны идеологиялық тұрғыдан ескіргендігі, жаңа уақыт талаптары мен қызығушылығына сай келе бермеуі де оқушының тіл үйренуінде үлкен фактор ретінде алға тартамыз. Қазіргі заман мәселелрінен көрі өткен уақыттарды арқау еткен мәтіндер балаларды қызықтыра қоймысы анық. Оқулықтардың көркемдік сапасының төмендігі оқытушылар мен ата-аналар тарапынан сынға ұшырап жүрген жайларды жасырып қалу мүмкін емес. Оқу үдерісіндегі ең басты кемшіліктердің қатарында оқулыққа деген сынның көп болуына оқулық жазатын авторларға талаптың күшейтіліп, ізденіске орайласатын факторларды жетілдіру қажет. «Сенатор Қуаныш Сұлтанов үкіметке депутаттық сауал жолдауына мәжбүр болды. «Әсіресе бастауыш кластарға арналған танымдық оқулықтар, орта, жоғарғы кластарға арналған тарих, әдебиет, дүниетаным тағы басқа оқулықтар мазмұны жағынан бала, жасөспірім үшін түсініксіз, тартымсыз, дарынсыз жазылғаны туралы шағым, арыздар да жеткілікті. Олардың көпшілігі баланы оқуға ынталандырмайды, қызықтырмайды» деп атап өтті сенатор. Осылайша елде мектеп оқулықтарына түрлі деңгейдегі талдау мен сараптама жасайтын тұлғалар көбейді. Мұның себебі не?» Оқулық сараптамасын жасауға тұрақты түрде қатысып, жетістіктері мен кемшіліктерін атап көрсетіп жібергенмен, сол оқулықтардың сарапшылар көрсеткен кемшіліктерінің қаншалықты түзетілгендігі турлы мәлімет сарапшыларға жетпей жатады. Ол кемшіліктердің біразы түзетілмей, сол қалпында шығып жатқандығы да жасырын емес. Бұл тұста оқулықтарды жазу мен сараптама жасау мәселесін жүйеге енгізу керек. Оқулыққа сараптама жасаушы тұлғаларға талапты күшейтіп қана қоймай, оны ынталандыру жағына көңіл бөлінгені дұрыс. Оқулық жазу оны шығару жасырын емес, барынша ашық болғаны дұрыс. Кей авторлар көп сынып оқулықтарына қатыстырылып жатады. Бұл да дұрыс үрдіс емес. Педогог пен мұғалім, әдіскер мен сала бойынша ғалым қатыстырылып, оқулықты жан-жақты тиімді ету жағына көңіл бөлінгені дұрыс. Қазіргі оқу жүйесі оқушы санасына өзгеріс әкелуге бағытталған. Кеңестік жүйе құрсауында ой-санасы еріксіз, қысымда болған кезең сол жүйегебарлық халықтың болмысына өз таңбасын салғаны анық. Адамдардың көпшілігі «Партия қайда болса» жеңіс сонда деген деген ұранмен сол партия идеологиясының орындаушысы ғана болып, жеке пікір мен дербес көзқарас деген түсініктерден алыс қалып, ойлау жүйесі сол негізде дамыды. Сол себепті қазіргі кезеңде өзін-өзі таба алмай, жаңа заманның сынағына шыдай алмай, күйзеліс пен қиындыққа қарсы тұра алмай, қайғылы жағыдайлар орын алып отырғаны белгілі. Ал қазіргі кезең адамдардың жеке қабілетінің барынша дамуына жол ашып, оны еңбек үдерісінде көрсете біліп, білім мен білікке сүйенетін және бәсекеге қабілетті жастардың уақыты. Жаңа дәуір ұсынып отырған талаптарды орындау үшін жастар білім мен біліктілік қана иеленіп қоймай, өз идеясын ұсынып, оны орындау жолдарын да меңзей алатын болуы керек. Креативтілікті талап ететін қазіргі кезең адам идеясын, дербес ой-пікірін қымбат құндылыққа айналдырған. Жаһандық дамудың қарқынды көшіне ілесу үшін болашақ мамандардың қиындықтан қорықпайтын, қай мәселе 115