БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 115
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
5. Структурируйте задачи. Процесс решения задачи должен проходить
4 стадии: подготовка и ознакомление, выработка решения, принятие
решения, оценка его эффективности. Такая простая последовательность
приучит ваш ум к структурированности и позволит мыслить эффективнее;
6. Развивайте творчество. Автор «Психологии критического мышления»
рассматривает «творчество как когнитивный процесс, в котором
используется информация, хранящаяся в памяти и выходящая за рамки
личного опыта». Именно креативность научит вас смотреть на проблему под
разными углами и генерировать больше, в сравнении с человеком
нетворческим, идей для её решения [4].
Психологтың практикалық кеңестері күнделікті дағдыға айналдыру
мектептегі сабақ барысында орын алып, бірте-бірте баланың ойлау дағдысы
болып бекиді. Өмірді өзгерту өзіңді өзгертуден басталады деген қағиданы
ойшылдар талай айтты. Өзіңді өзгерту ойлауды, дүниені қабылдауды, оны өз
санаңда қорытып, жарыққа шығарып, сенімді дәлелдей білу. Қазіргі білім
беру саласындағы үлкен өзгерістер мен бетбұрыстар болашақ жастардың
мәңгілік ел құруының негізі болып қаланатынына сенімім зор. Өткен
кеңестік жүйені аңсау болашақты барлап біле алмай жүрген ескішіл
жандардың пікірі. Қазір ата-ана мен мектеп, университет пен өндіріс
орындары сабақтаса әрекет етіп, бұл технологияны жатырқамай, өзімізді
өзгерту үшін пайдалануымыз керек. Ой түйінін белгілі ғалым С.Пірәлиевтің
тұжырымымен бекітуімнің себебі, осы мақалада айтылған ойлар мен
пікірлердің қорытылып, көріктен өткен негізімен үндес, сабақтас: «Әлемдік
тәжірибе көрсетіп отырғандай, кез келген мемлекеттің экономикалық,
әлеуметтік гүлденуі мен қауіпсіздігі халықтың білімі мен интеллектілік
ресурстарымен тығыз байланысты. Интеллектуалды ұлт болу деген тар
шеңбердегі ұғым емес, оның түпкі иірімінде ұлттық негіз, ұлттық ұстын,
ұлттық болмыс жатыр. Ұлттың сапалық құрамын арттыру тек қан тазалығын
жақсартумен ғана шектелмейді, рух тазалығын тәрбиелеу арқылы да биік
мұратқа жетуге болады. Ал, оның түпкі мақсатында инновациялық терең
білім алу қажеттілігі мен технологиялар әлемінде қабілеттілік таныту
сұранысы менмұндалап тұр. Өкінішке орай, бүгінгі таңда біздің елімізде
интеллектуалдық тапшылықты” “дефициті” қай кездегіден де жоғары» [5].
Қазақ елі көпұлтты мемлекет болғандықтан тілдерді үйрету мен жас
ұрпаққа оның тиімді тәсілдерін ұсыну қай кезеңде болмасын өзекті.
Ағылшын тілін оқытудың ғасырлық тарихы барболса да ол тілді оқытудың
метдолгиясы әлі күнге жетілдіріліп, оны үйретудің тиімді тәсілдері әлі
күнге ізденіс үстінде. Сондықтан қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың
жаңа ғана басталғанын мойындап. Оның әдіс-тәсілдерін жетілдіру жолдары
талай кезеңдерді өткеру қажеттігі белгілі.
Бұл орайда тілді үйрету мен үйренудің мақсаттарының үлкен рольді
иеленетіні анық. Ағылшын тілін үйреті методологиясының ерекше дамып,
қарыштауының үлкен себебі бұл тілге деген сұраныстың жоғарылығынан
туындап отыр. Ал қазақ тіліне деген қажеттілік ол деңгейде көрінбейді.
Сондықтан қазақ тілін оқытудың жаңа методологиясы мектептер мен оқу
орындарында мемлекеттік бағдарлама негізінде жасалады.
Қайбір тілді оқытудың негізгі құралы оқулық пен әдістемелік
нұсқаулықтар. Ұлттық мектептерге арналған оқулықтарға ғылыми
сарапшылық жасағанда байқаған кей жағыдайларға назар аудару қажет. Бұл
114