БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 113

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. шыққан қазақ қаламгері мен көркем шығармалары саусақпен санарлықтай. Оның өзі тарихи шындықты бұрмалап кеңестік идеология негізінде жазылған шығармалар. М.Әуезовтің «Абай жолы» романының алғашқы томддарының қандай қиындықтармен шығарылғандығы, Б.Кенжебай сынды ғалымдардың көрген қиянаты қазақ әдебиетінің аса қиын да күрделі өткелдерден өткендігінің бір дәлелі. Абайдың өмірін, оның қоршаған ортасының кеңестік идеология кесірінен бұрмаланып тек оның мақсат- мүддесінен шыққаны үшін ғана өзге тілдердежарық көрді. Жазушының «Қилы заман», «Қараш-қараш оқиғасы» сынды озық шығармалардың қазақ ауылынан алыстамауы әділетсіздік еді. Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Бейімбет сынды қазақ әдебиетінің алтын ғасыр тұлғаларын шетке шығару, олардың әлемдік әдеби – ғылыми айналысқа түсуі қазақ халқының ұлттық болмысы мен дүниетанымын көрсетуге орайласады. Кей әдебиеттанушылар айтып жүргендей, бізге шетелдік журналдарға шығу қажеттігі жоқ дейтін пікірлер қазақ руханиятының дамуына кедергі келтіреді. Қазақ әдебиеті мен өнері тек қазаққа керек деген қате пікір. Қазақ руханиятын шетелдерге таныту, олардың шығармашылығын әлемдік аспектіде қарастыру жаңа әдебиеттанушылардың міндеті болмақ. Қазіргі кезең тұрғысынан ойлап, болашақты жоқ ету қазақ руханиятын алға оздырмасы анық. Қазіргі білім мен ғылым әлемдік интеграциялану үдерісінен қалмауы керек. Сонда қазақ мемлекеті де әлемдік өркениеттен өзіндік орнын алады. Өзімен-өзі тұйықталу артқа тартатын зиянды жүйе. ХХ ғасыр басындағы Алаш азаматтарының әлемдік білім мен ғылым, даму көшінен қалмауға жасаған жанкешті қадамдары қазіргі ұрпаққа өнеге болуы тиіс. Арнайы кәсіби білімі болмаса да, қазақ қа керек деген білім мен ілім саласы бойынша кітаптар мен мақалалар жазғаны халыққа шексіз берілгендік және шынайы қамқорлық еді. Алаш арыстары ең кемі екі-үш ғылым саласында қатар еңбек етті. Ә.Бөкейхан экономика, аграрлық саламен қатар публицистиканы, әдебиеттанушылық, аудармашылық т.б. салалардың барлығында өнімді еңбек етіп, ұлтжандылықтың өнегесін көрсеткен-ді. Сыни ойлау сабағының құрылымы 3 кезеңнен (ERR) тұрады: - Эвокация – оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықты ояту. Болжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диаграммасы, Т кестесі, Бір айналым күнделік, Блум таксаномиясы, Миға шабуыл, Топтастыру; - Реализация – мағынаны таныту, яғни оқып жатқан тақырыптардың қажеттігін түсіну. Т кестесі, Пікір – талас, Аквариум, İNSERT, RAFT, ДЖИК СО, Куббизм, Геометриялық фигуралар, Бір айналым сұхбат, Түртіп алу, Жұпта талқылау, Бағытталған оқу, Талдау картасы, Топтастыру; - Рефлексия – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту. Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізіп, алған білім мазмұнын бекітеді. Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат. Сыни тұрғыдан ойлау сабағы мен дәстүрлі сабақты салыстыру кестесіне қарағанда сыни ойлау сабағының жетістіктері өте көп екендігі байқалады. 112