БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 112

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. жастардың талапшылдығы, пікір білдірудегі ашықтығы мен батылдығы, ізденісінің жан-жақтылығы қуантады. Өсіп келе жатқан жастардың санасында жаңа лептің ескендігі сезіледі. Қыздар педагогтік институтында білім алған 90-95 жылдардағы біздің кезең жастары мен қазіргі кезеңді салыстыру мүмкін емес. Сол жылдар біздің топта білім алушы студенттердің 50 пайызға жуығы сабаққа дайындықпен келіп, өз мүмкіндігін көрсеткен емес-ті. Сол жастардың көпшілігі өз мамандықтары бойынша жұмыс істемей, өзге салада маман болып қалыптасты. Оның арасында өзінің бес жыл уақытын босқа өткізгендеріне өкінгендер де болды. Сыни ойлаудың ең басты жетістігі оның адамды жүйелі ойлауға үйрететіндігі, білім алушының өзіндік пікір қалыптастырып, ұсынылған білім мазмұнын жай қабылдаушы емес өзіндік көқарас пен дербес дүниетаным тұрғысынан тануға мүмкіндік береді. Білім алушыға өмірде толыққанды өзіндік мүмкіндігін ашуға бағытталған білім технологиясы заманауи талаптардың үдесінен шығарытындығы анық. «Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім» [2, 315 б.] деген А.Байтұрсынұлы пікірі білім беру жүйесіндегі жетекші роль білім берушіде екендігін атап көрсетеді. Қазіргі кезеңде оқытушыларды жаңаша білім беру мазмұны мен әдіснамасын меңгеру үшін шетелдік әдіскерлерді, ғалымдарды шақырып арнайы курстардан өткізу тұрақты жолға қойылып отыр. Бұл іске министрліктен бастап жеке білім беру ұйымдарына дейін тартылып, үлкен жұмыстар атқарылып жатқандығы жасырын емес. Балаларды тәрбиелеушілер мен білім берушілер әрқашан ізденіс үстінде болып, өзгелерден алда жүру керектігі белгілі. Қазіргі кезең оқытушылары аса қысқа мерзімде аса үлкен білім технологиясын меңгеріп, ерекше бетбұрыс жасап, жаңа қоғам құрып, реформа жасаушы алдыңғы қатарлы топ болып отыр. Жоғары оқу орындарында соңғы 5 жылда білім үдерісін әлемдік білім жүйесімен біртұтас ету үшін жаңа реформалар жүріп жатыр. Оның ең бастысы білімнің өндіріспен біртұтас болуы. Білімнің өндірістің қажетін өтеп, оның нәтижесін өнімділікпен өлшеу. Білім мен ғылымдағы инновациялық мәселелердің маңыздылығын Президент Н.Назарбаев институтционалды дамудың маңызды саласы ретінде қойып отырғаннан түсінуге болады. Оқу мен өндірістің біртұтас болуы халықтың әл-ауқатын арттырып, экономикалық тұрғыда дамуға ықпал ететін негізіг фактор. Жоғары білім мекемелерінің оқытушылық-профессорлық құрамының ғылымилық деңгейі жоғары Томсон рейтерс және Скопус журналдарында мақала жариялауы университет рейтингін анықтаушы фактордың бірі. Бұл Қазақстан ғалымдарының ғылыми жетістігін әлемдік деңгейде көрсетіп қана қоймай, ғылыми әлемде ашылатын жаңалықтардың жүйеленуіне әсер етеді. Қазақ ғалымдарының тіл білмеушілігі оларға кедергі келтіріп отырғандығы жасырын емес. Бірақ бұл кедергіні меңгеріп, тұтас әлем ғылыми кеңістігіне шығу ғалымдардың өзі үшін әрі қоғамдық даму үшін аса қажет. Жаратылыстану мен гуманитарлық салалар үшін маңыздылығы бірдей. Қазақ әдебиеттану ғылымы кеңестік қапаста жарыққа шыға алмай өз жөргегеінде тұншықтырылуға аз қалғандығы белгілі. Әлемдік деңгейге 111