БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 111
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
талаптарынан туындап, уақыт пен қоғамның қажетін өтеуге жұмылдырылуы
керек. Бұл реформалар мінсіз деп айтуға болмайды. Соңғы реформа аса көп
сынға ұшырағандығы да белгілі. Үш тұғырлы тіл білім бағдарламасы
шынында біздің қоғамды қатты толғандырып, көп қарсылықтар туғандығы
да жасырын емес. Бұл қазақ тілін жаңа ғана тұғырына қондырып қуанған
елдің тілге тағы да қауіп төніп тұрғандығына балап, алаңдағаны еді. Ұлт
ретінде еңсесін тіктей алмай жатқан кезеңде орыс тілінің үстіне ағылшын
тілін қосып, жас ұрпақтың ұлттық болмысы мен дүние танымынан ажырап
қалады деген орынды үрей еді. Шынында бұл тұста қазақ тілінің қолданылу
мүмкіндігі шектеліп, үйренуге деген қызығушылық азайатыны
анық.
Сондықтан қазақ тілін шын
мәнінде мемлекеттік тұғырдан көруге
мемлекеттік құрылымдардың өзі мүдделі болуы тиіс. Мемлекеттік тілді
қолдау мен ғылым, бизнес тіліне айналдыру үшін мемлкеттік бағдарлама
болу керек.
Әлемдік инновацияларды меңгеріп, оны тұрмыс пен өндіріске қолдануды
жүзеге асыратын жастар тәрбиелеу үшін қазіргі білім беру концепциясы –
сыни ойлау екендігін білім берудің барлық кезеңінің оқытушылары атап
көрсетіп, оның практикалық маңызын жоғары қоюда. «Сыни тұрғыдан
ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты
екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра
алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға
сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары
сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да
бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы
шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сын тұрғысынан ойлау
жобасының әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды.
Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.
Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіндегі
оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі
жақсы болды» [1]. Білім алушының қабілетін жан-жақты ашып, оның
бойындағы ерекшіліктерді тануда сыни ойлауды өзге технология алмастыра
алмасы анық. Бұл әлемдік білім беру жүйесінде көптеген жылдар бойы
бақылаудан өтіп, тиімділігі мен нәтижелілігін дәлелдеген үрдіс. Оқу мен жазу
арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте
қолданылады. Сыни ойлау технологиясының негізін американдық ғалымдар
Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит қалады. «Оқу және жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлау технологиясы» RWCT Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
бағдарламасы Америкада пайда болғанмен әлемнің дамыған елдерінің
барлығында тәжірибиеден өтіп, толықтырылып, жетілдіріліп келген.
Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, Эльконин-Давыдовтардың сияқты ғалымдардың
идеялары бір арнада тоғысып, сыни ойлау жүйесі терең талдаудан өткен.
Сабақ үдерісінің барлық кезеңін қамтитын сыни ойлау білім алушыны жай
жанама тұлға емес, негізгі тұлға деңгейінде танытады. Жаңа сабақты тыңдап
қоймай, оны меңгеру үшін белсенді әрекет жасап, өз еңбегімен білім
дағдысын меңгеру қызықтырып қана қоймай, жауапкершілікті күшейтіп,
оның өзіндік шешім қабылдауда дербес тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік
береді. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне жыл сайын
қабылданып отырған жастардың бойындағы өзгеріс байқалады. Қазіргі
110