БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 110
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
ӘОЖ 37.022
Үсен А.Ә. – филология ғылымдарының докторы, профессор,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
E-mail: [email protected]
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Аңдатпа. Мақалада заманауи білім беру жүйесіндегі жаңа әдіснамалық
тұжырымдар талданады. Жаһандану кезеңіндегі жаңа білім беру жүйелері
мен оқулықтарды жазу принциптері анықталады. Сыни ойлау жүйесін оқу
үдерісінде қолдану ерекшелігі мен оқулықтарды жазудағы талаптар
сараланады. Әлемдік инновациялық концепцияларды мектептерге енгізудің
ұлттық ерекшеліктері қарастырылады.
Тірек сөздер: білім беру, сыни ойлау, инновация, концепция, оқу үдерісі.
Қоғамды өзгертетін күш - мектептер мен білім беру ұйымдары. Мектеп
барлық қоғамның іргетасы. Іргетасы мықты қоғамның ертеңі анық болашағы
зор. Кеңестік жүйе кезінің методологиясы жаңа уақытқа жарамсыз болатын
себебі- қазіргі қоғамының даму концепциясына сай келмейді. Кеңестік жүйе
концепциясы тыңдау, айтқаннан шықпау, оқушы мен оқытушы, үйретуші
мен тыңдаушы ғана. Өзіндік пікірі бар, оқытушы айтқанды мойындау, оған
өзіндік көзқарасы мүлде болмауы. Бұл кеңестік жүйенің негізгі даму
концепциясы болғаны белгілі. Кеңестік жүйе адамдарды өзіндік ойлауынан
алшақтатып, айтқанды ғана істейтін құлақкесті құл ету еді.
Қазір қоғам өзгеріп, шекаралар ашылып, бүкіл әлем жақындасып,
мемлекеттер арасында өзара ықпалдастық күшейді. Дамыған елдердің білім
саласындағы оқу үдерісіндегі тиімділігі оларда ашылып жатқан жаңалықтар
мен өндірісінің дамуынан көрінеді. Мектеп партасынан өндіріс орнындағы
қызметіне дейін адам дамуы үлкен маңызға ие. Мектепке келген жас баланы
сондай деңгейге жеткізетін отбасы мен мектеп, жоғары оқу орындары екені
анық. Мектепте тек тыңдаушылық пен орындаушылық
функциясын
меңгерген бала ертең өзіне өзі сенімсіз, бойындағы қабілеттің өзін көрсете
алмайтын әлсіз болып шығатыны белгілі. Яғни бұл кеңестік қоғамының
мақсатының орындалуы.
Қазақ елі мәңгілік ел идеясын алға шығарып, қоғамдық дамудың
шамшырағы етіп алуында үлкен мән бар. Әр адам өзін толық тұлға, толық
адам ретінде сезінбей, жарқын болашағы бар мәңгілік ел құра алмасымыз
анық. Сондықтан мәңгілік ел құрушы жастар санасына үлкен сілкініс пен
серпіліс керек. Адамның ойлау жүйесін өзгерту арқылы ғана тәуелсіз елде
бақытты өмір сүреді. Оның кілті - оқу жүйесінде, мектептер мен жоғары оқу
орындарында екені даусыз. Білім беру мен мектеп жұмысын ұйымдастыру
ұлтты тәрбиелейтін, ұлтты алға жетелейтін маңызды құрылым екендігін
қазақ білім беру жүйесінің басында тұрған біртуар елін сүйген азамат
А.Байтұрсынұлы да атап көрсетіп, публицистикасының басым бөлігін
арнаған еді.
Қазіргі барлық елдің мектептері, жалпы білім беру жүйесі жаңғыру
үстінде. Қазақстанда өте көп реформалар білім мен ғылым саласына тиесілі.
Оны қолдайтындармен қатар оған қарсы пікір білдірушілер де бар. Бір нәрсе
анық бұл реформалардың болуы заңды. Бұл реформалар өз кезеңінің
109