БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 107

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. төндіруде. Ойықтардың пайда болуына өнеркәсіптерден бөлінетін М, Си, Ғе, Мп, С1, Р оксидтері әсер етеді. Озон қабатының бұзылуы жер бетіндегі тіршілікке зиянды әсер етеді. Экологиялық білім мен экологиялық тәрбие қазіргі кездегі маңызды проблемалардың бірі болып есептеледі. Ұзақ жылдар бойы адамның табиғатқа тигізіп жүрген әсері байқалған жоқ. Себебі бұл әсердің өршіп дами бастауы ғылыми техникалық прогресстің тез дамып, жер бетіне шапшаң тарап, ашылған жаңалықтарды адамзаттың шаруашылығының түрлі салаларында пайдалануымен байланысты болып тұр. Өнеркәсіп пен экономиканың қарқындап дамуы, халық санының өсуі экологияның нашарлауына әсер етуде. Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының азаюы, жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлардың кей түрлерінің мүлде жойылы кетуі салдарынан ауаның шектен тыс ластану қаупі арта түсті. Қоршаған ортаның ластануына, табиғаттың бұзылуына қарсы қоғам аландаушылық білдіруде. Экологиялық мәселелер негізінен әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерінен туындайды. Сондықтан бұл мәселелерді шешу жеке тұлғалардың, жалпы халықтың табиғат пен қоршаған ортаға қатынасын өзгерту арқылы шешімін табуы тиіс. Адам экологиялық қауіпсіздікке үлес қосып, экологиялық білім мен тәрбие мәселелеріне ерекше назар аударуы қажет. Экологиялық білім беруді адамгершілігі жоғарғы жеке тұлғаны қалыптастыру үрдісінен ажыратып алуға болмайды. Адам жоғарыдан келетін нұсқауларды бұлжытпай орындау емес, өз бетімен дұрыс шешімдер қабылдай алатын шығармашыл болуы керек. Ерте жасынан бастап, әр адам өзінің қоршаған ортаға деген бейберекет көзқарасы неге әкеліп соғатынын білуі тиіс. Табиғи ортаның ластануы қандай ауруларды туғызады қандай генетикалық ауытқуларға апарады? Жануарлар мен өсімдіктердің кейбір түрлерінің сан жағынан азаюы немесе, тіпті, таусылу себебі неде? Топырақ құнарлығының нашарлауы, ауыз су қорының азаюы неліктен? деген сияқты табиғи ортадағы келеңсіз өзгерістер жөнінде білуі керек. Біліп қана қоймай, үрдіске қатысатын кез келген адам белгілі бір әрекеттерді өз бетінше таңдай алады. Олардың қоршаған ортаға әсерінің пайдалы немесе зиянды болуы осы адамға байланысты. Міне, сондықтан әр адамның санасында қоршаған ортаға зиян келтіруге мүмкіндік бермейтін, табиғатпен тиімді әсерлесуге ұмтылдыратын адамгершілік ұстанымдары қалыптасуы керек. Мұндай адам күрделі жағдайларда экологиялық жағынан дұрыс шешім қабылдап, ұнамсыз нәтижелерге жол бермейтін болады. Осыған байланысты экологиялық білім мен тәрбие мектепке дейінгі, орта, арнаулы және жоғарғы білімнің құрамдас бөлігіне айналып, жасы, мамандығы, білім деңгейі әртүрлі адамдарда жаңа экологииялық сананы қалыптастыруға бағытталуы керек. Сөйтіп, экологиялық білім мен тәрбие берудің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі [4]. Экологиялық білім беруге деген қажеттілік адасмның өміріне қжет қолайлы ортаны қамтамасыз ету мен байланысты. Қоршаған ортаның санасы адамның негізгі құқықтарының бірі – денсаулықты және дамуының негізгі мақсатын анықтайды. Экологиялық білім беру табиғатқа адамгершілік қатынасты қалыптастыру, табиғатты өзгертудің шекті мөлшерін анықтау үшін, адамның одан әрі өмір сүрруін мен дамуына мүмкіндік беретін мінез- құлықтың арнайы әлументтік табиғи заңдылықтарын меңгеру үшін қажет. 106