БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 106
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
сайын, зиянды өзгерістердің әрі қарай бола беруі жердегі тіршілікке қауіпті
екенін жақсы түсінді. Сондықтан табиғатты, өсімдіктер әлемін қорғау
елімізде үлкен мақсат етіп қойылып,елеулі жұмыстар істелуде. Табиғат
қорғау,оның байлығын тиімді пайдалану Қазақстан Республикасы
Конституциясында жазылған. Орта мектептерде оқушыларға экологиялық
білім беру бірнеше арнайы талапты қажет етеді.
Экологиялық білім беруді дамыту педагогика ғылымының басым бағыты
екенін көрсетіп отыр.
Экологиялық білім мен тәрбие беру – студенттерді қоршаған табиғи
ортаны ұғынып қабылдауға, табиғатқа ұқыпты қараудың қажеттілігіне
сендіруге,
оның
байлықтарын
жоғары
саналықпен
пайдалануға
дағдыландыру. Экологиялық білім беру – бұл табиғатты пайдаланудың
дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен
практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың
теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі – табиғатты
қорғау біліммен тығыз байланысты. Экологилық білім – қоршаған ортаны
қорғау үшін қажетті білімді, әдетті, екпілікті, икемдікті қамтиды.
Экологиялық тәрбиенің көкейтестілігі Қазақстандағы экологиялық апат
аймақтарының болуымен тығыз байланысты. Батыс Қазақстан жұртшылығын
әскери полигондар, экологиялық талаптарды өрескел бұзып отырған өндіріс
орындары алаңдатып отыр.
Қарашығанақ кен орнын игеруге 3000 га-ға жуық егіс, жайылым және
орман жері пайдаланылады. Бұрғылайтын қондырғылар мен магистралды газ
мұнай тасымалдайтын құбырлар кездейсоқ апатты жағдайға ұшыратуы
мүмкін, осы кезде қоршаған ортаның әсіресе жер бетіндегі сулардың
ластануы орын алады. Апаттық жағдайлардың тууының негізгі себебі -
тасымалдау құбырларының коррозия процесіне ұшырап, жарылуы (90,5 %).
Еділ мен Жайық өзенінің аралығында орналасқан аумағы 40 мың км 2
құмды өңір орта есеппен теңіз деңгейінен 0,21 м төмен жатыр. Жер астының
тұщы су қоры мол екені анықталды. Облыс тұрғындары Азғыр мен Капустин
Ярдағы әскери ядролық сынақ полигонын жабуды, сынақ аймақтарын өз
иелеріне байырғы тұрғындарға қайтаруды, т.б. талап етіп, осы мақсатта
бұқаралық саяси күрес шараларын жүзеге асыратын қоғамдық қозғалыс
құруды ұсынды. 1990 жылғы мамыр 1992 жылғы мамыр аралығында "Нарын"
қозғалысының орталығы Орда ауданында болды.
Органикалық отынды жағу кезінде атмосфераға күкірттің қос тотығынан
басқа азоттың қос тотығы да шығарылады. Күкірт пен азоттың қос тотықтары
«Қышқылдық жаңбыр» деп аталатын жауын түсуіне себепші болады, олар
топыраққа араласа отырып, оның қышқылдылығының жоғарылауына әкеп
соқтырады. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне әсерін тигізді.
Қышқылдық жаңбырлар металды жабдықтар мен құбырлардың тоттануын
туғызуы мүмкін.
Әскери полигон Батыс Қазақстан облысы мен Астрахань облыстың
шекарасында орналасқан. Адамдар мен тірі табиғатқа тигізген зияндары
жөнінен «Азғыр», «Капустин Яр» белгілі Семей полигонынан асып түседі.
Полигондар онкологиялық, жүрек тамыр және басқа ауруларды қоздырып,
жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиянын тигізді.
Озон қабатының жұқаруы, қышқылды жаңбыр, жер ғаламшарларындағы
климаттың жылына бастауы жер биосферасындағы тіршілікке тікелей қауіп
105