БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 105

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Қазіргі кезде жер шарында жаппай экологиялық апаттың таралуы және оның алдын алу мақсатында табиғат қорғау жүмыстарын түбірімен жаңа негізде жетілдірудің қажеттігі экологиялық мәселенің өзектілігін көрсетеді. Оқытушы оқушылардың әрқайсысының табиғатты қорғауға тәрбиелеуде дәрістер, этнографиялық әңгімелер, сол сияқты табиғатқа саяхат, экология үйірмесі (жас натуралистер станциясына қамқорлық), факультативтік сабақтар және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың азаматтық борышын қалыптастыратын ғылыми білім болып табылады. Қазіргі кезде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде көбірек қолданылатын сыныптан тыс жұмыс түрлеріне ашық тәрбие сағаттары мен тақырыптық кездесу кештері жатады. Сыныптан тыс жұмыс – балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі түрі. Сыныптан тыс жұмыста балаларға табиғат құбылыстары мен заттары туралы жазылған әңгімелер, өлеңдер, жұмбақтар т.б. көркем шығарма туындылары, түрлі түсті суреттер, слайдтар сияқты көнекі құралдар кеңірек пайдалану керек. Қазіргі таңда көптеген экологияға байланысты жұмыстар жүргізілуде. Мектептерде табиғатты қорғауға байланысты кеш, апталық, дәріс, т.б өткізу мәселесі өркендеуде. Көптеген өркендеге елдерде экология жеке пән ретінде жүргізіледі, ал біздің оқу жүйемізде экология ғылымның тек кейбір элементтері мен терминдері ғана жаратылыстану пәндерінде қосымша берілуде. Ертедегі нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, жастарды табиғатты сүюге, олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда құнды құрал болып саналады. Экология тәрбие беруде, табиғатты қорғауға баулуда, халықтық педагогиканың ролі ерекше және оның саласы мол. Олар-табиғатты қорғау дәстүрі, оған сену, сыйыну ырымдары, жан-жануарлар мен өсімдік түрлеріне байланысты әдеп-ғұрыптар т.б. Қазақ халқының табиғатты тануы, оған көзқарасы ұзақ жылдар бойы қоршаған ортаға жүргізген бақылау нәтижесінде тәжірибе елегінен өтіп шыңдалып, сұрыпталған. Бақылау тәжірибесінде жинақталған жаратылыстану түсініктері мен білімдері негізінде халық табиғат жемісін пайдалану әдістерін, дағдыларын ғана емес, оны қорғау дәстүрлерін де дамытты, оларды жетілдіру жолдарында жөн- жорықтар мен ырымдарды қалыптастырды. Сонымен қатар, оқушы бойына экологиялық тәрбиені сіңіруде ескеретін жағдайлар: А) Адамның, қоғамның табиғатқа әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін қолдану; Ә) Тұлғаның адамгершілік дүниетанымын тәрбиелеу; Б) Экологиялық іс-әрекетте білім, тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ететін жан-жақты факторлар қарастыру [3]. Адам ежелден өсімдіктерді өз қажетіне пайдаланып келеді, пайдалана береді. Бірақ адамның шаруашылық мақсат үшін өлшеусіз, көп пайдалануынан, кей жағдайларда орынсыз, ойланбай немесе білмесміктен істегені бар, әйтеуір, жер бетіндегі өсімдіктер әлемі қазір елеулі зардап шегуде. Еліміздің ормандары сирей бастады. Өсімдіктер әлемінің,соның ішінде орман-тоғайлар азайды. Әсіресе қалалар төңірегі күшті өзгеріске ұшырады. Қоқыс пен қалдықтар үйіндісі көбейеді. Су қоймалардың көпшілігінде су ішуге жарамсыз болып қалды. Судың, ауаның, топырақтың ластануынан табиғи қатынастар бұзылды. Бұл сияқты өзгерістер біздің елімізде ғана емес,барлық елдерде бар. Адам табиғатты зерделеп терең білген 104