БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 104
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау. Ол өз кезегінде өмірдегі
қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да
белсенді, көрегендікпен шеше алатын жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.
Экологиялық ақпараттар алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында
шешімдер қабылдауға қоғамның қатысуы бойынша Қазақстан қол қойған
Орхус Конвенциясы халықтың экологиялық саясатқа қатысуына үлкен жол
ашады [2].
Жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру біршама кәсіби
деңгейде жүргізіледі. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген жоғары оқу
орындарында экологиялық пәндері бар факультеттер бар. Айта кетерлігі,
халықаралық талаптар бойынша эколог-мамандарды даярлауда тек жетекші
университеттер ғана есепке алынады
Қазіргі экологиялық білім берудің креативтік технологиясы әр түрлі елдер
арасында ақыл-ой ресурстарының сапасына деген бәсекелі күрес белең алды.
Қоғамымыздың әлеументтік, экономикалық, саяси, мәдени салаларында
болып жатқан терең өзгерістер Республика білім беру жүйесіне де ықпал
етпей қалмады. Оқыту мазмұнын жетілдіруде, мектептегі оқыту ісін
оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қызығуын ескере отырып
ұйымдастыруға жан-жақты мүмкіндік туды.
Экологиялық білім беруді жалпы мектептердің әр бір кластарына арналған
немесе курстар бойынша жүргізілетін пән кіргізілуі керек. Бұрынғы уақытта
жалпы экологиялық білім көтеріле қоймағаны өздеріңізге мәлім. Ал қазіргі
уақытта яғни бүгінгі таңда нақты және маңызды бөлек пән ретінде немесе пән
аралық байланыстар ретінде пайдалану мектептер үшін өте қажетті және
керек. Мектеп қабырғасында сыныптарға нақты мысалдар келтіре отырып
қарасақ экологиялық білім беру қазіргі уақытта материал жеткілікті.
ҚР Конституциясының 31-бабында «Мемлекет адамның өміріне және
денсаулығына қолайлы жағдай жасап,қоршаған ортаны қорғау мақсатын
көздейді» делінген. 15.07.1997 жылы қабылданған ҚР «қоршаған ортаны
қорғау туралы» заңның 73-74 баптарында экологиялық білім мен тәрбие
берудің жалпыға бірдейілігі, үздіксіз болуы қарастырылған. Бұл ережелер
ҚР-ның «Білім туралы» заңында да көрсетілген.Қазақстанда көпшілікке,жас
өспірімдерге экологиялық білім берудің құқылық негізі соңғы жылдары
жедел түрде жасала бастады.
ҚР Президентінің жарлығымен қабылданған «ҚР стратегиялық тұрақты
даму жолына арналған 2030 бағдарламасы» (1996 ж.), «ҚР экологиялық білім
мен тәрбиенің ұлттық стратегиясы» (1998 ж.), «Экологиялық білім
бағдарламасы» (1999 ж.), т.б құжаттар осының айғағы. Қоршаған орта
материалдары негізінде оқушыларды рухани дамытуда орта мектепте,
оқушылардың ерекшелігі-қоршаған орта туралы білімдерін жинақтап қана
қоймай, құбылыстың мәнін жете түсінеді және оларға деген
өзіндік көзқарасы қалыптасады.
Экологияның
өзі
табиғатты қорғаумен
байланысты
екендігі
түсінікті. Экология табиғаттың толық тазалығын, табиғаттың сұлулығын,
табиғаттың мол байлығын сақтап, қорғай отырып, табиғатты адам қажетіне
толық пайдаланудан тұрады делінген анықтама берген.
Жас ұрпаққа экологиялық білім беру мәселесі қазір дүниежүзі
халықтарының, ғалымдарының, педагогтардың, саясат қайраткерлерінің
назарын аударып отыр.
103