БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 103

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Егемендi елiмiздiң бүгiнгi таңдағы ең басты мақсаты - өркениеттi елдер қатарына көтерiлу болса, оған жетудiң бiрден-бiр жолы бүкiл әлемдiк бiлiм кеңiстiгiнен орын алу болып табылады. Оның өзi ұлттық бiлiм беру жүйесiнiң даму бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, жаңа сапаға жеткiзу қажеттiлiгiн мiндеттейдi. Сондықтан да бiлiм мазмұнын байыту, оқыту үрдiсiн жетiлдiру, инновациялық технологияларды өмірге әкелу, жан-жақты дамыған, рухани жетілген жас ұрпақты қалыптастыру, дамыту - өз шешімін қажет ететін, кезек күттiрмейтiн мәселелер қатарына жатады. Осыған сәйкес бiлiм беру мақсаттары мүлде жаңа арнаға бет бұрды [1]. Ел Президентті «Қазақстан - 2030» бағдарламасында табиғат жағдайының қиын кезеңде тұрғанын нақты атап өтіп: «... экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің жиырма пайызына себеп болып отыр. Қоршаған ортаны ластаушыларға берік тосқауыл қойылу қажет», - деген болатын. Бұл мәселенің тиімді шешілуі студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы олардың экологиялық тәрбиесін қалыптастыру барысында мүмкін болатыны анық. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру» атап көрсетілген. Қазіргі таңдағы қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы жаңару процестері өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымызды қайта қарауды, рухани құндылықтарымызды саралап, оны оқу-тәрбие процесіне ендіру арқылы студенттердің экологиялық тәрбиесін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Өскелең ұрпақтың экологиялық тәрбиесін қалыптастыра отырып, жаңа заманның көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматын тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі процес болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр. Қазіргі кезде экологиялық білім беру мәселесі білім жүйелері дамуының өзекті бағыттарының бірі. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес. Қоғамдық экологиялық сана қоғамның экологиялық проблемаларымен күресуде мықты фактор болып табылады. Заман талабына сай экологиялық білім беру - балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі. Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты. Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ, кешендік және үздіксіз болуы қарастырылған. Қазіргі заманғы экологиялық білім берудің негізгі мақсаты - қоғамдық сананы экологизациялау болып табылады. Міндеті - адамның тіршілік 102