БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 108
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты - табиғаттқа деген
жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру дегенде
әрбір адамның жалпы экалогиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға
бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру даму процестерін түсінеміз.
Экологиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен байланысты. өз
іс-әрекетін бақылау, табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кездегі және
болашақты нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен қарай
білу және т.б.
Жоғарғы айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралық
экологиялық қозғалысы қоршаған орта саласындағы білім беруді жалпы
білім беру жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты деп есептеледі.
Экологиялық білім беру дегеніміз – әр түрлі деңгейдегі экологиялық
білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар
қоршаған ортаны қорғау дың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және
табиғатпен антропагенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы
заңдылықтары тұралы арнайы білім беру. Ал білім беру жүйесін
экологизатциялау - экологиялық ойлардың, принциптер мен көзқарастың
басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салалардың
мамандарын дайындау.
Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты - табиғаттқа деген
жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру дегенде
әрбір адамның жалпы экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға
бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру даму процестерін түсінеміз [5].
Қорыта айтқанда, қоршаған табиғи ортаға қамқорлық жасау, оның бар
байлығын адам игілігі үшін мейлінше ұтымды пайдалану, қорғау және
көркейту ісі бүгінгі күн талабына сай туындап отырған келелі мәселе. Дархан
табиғат қаншама бай болғанымен, оның сан алуан ресурстарының қай-
қайсысы болмасын шексіз емес екендігін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеп
отырған тұста экологиялық үздіксіз білім беруді, азаматтардың қолдауын
күтетін қоғамдық тұжырым деп білеміз. Ал, бұл іс-шара халықтың жаппай
экологиялық мәдениетін көрсететін белсенділік қабілетінсіз мүмкін емес.
Сондықтан да экологиялық білімі мен тәрбие қоғамның әрбір мүшесіне
табиғатты қорғауға немқұрайдылықпен қарамауды үйретіп, қоғам мүшесін
әрқашанда қоршаған ортаны қорғауға дағдыландыруды көздейді.
Экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің міндеттеріне табиғат туралы, оның
тұтастығы және қоғаммен бірлігі хақындағы ғылыми негізделген білімді
меңгеру, оған ықпал етуге байланысты туындайтын практикалық шараларды
дәлелдеп орнықтыру, қоғам мен адам үшін табиғаттың құндылығы шексіз
екенін ұғындыру, табиғи ортада дұрыс жүріп–тұрудың нормаларын сақтау,
табиғат пен сырласа білу қабілетін дамыту, табиғат пен қайта түлеген ортаны
жақсарту жөніндегі қызметті сауатты ұйымдастыру жатады. Міне, осы
міндеттерді шешу жастардың экологиялық білімін арттырып, олардың
табиғатқа деген қарым–қатынасын қалыптастыруға бағытталады.
Әдебиеттер:
1. Алексеенко В.А., Алексеенко Л.П. Биосфера и жизнедеятельность. – М.:
Высшая школа, 2002. – 412 с.
107