Matematik.kz "Matematik.kz" журналы | Page 9

МАТЕМАТИКА ЖАНАЛЫҚТАРЫ

Мың жыл шығарылмаған әлемдегі есепті қазақ шығарды!

Әлемдегі азулы деген математиктердің біразы осы жұмбақтарды зерттеумен келеді. Енді бұның құндылығына келер болсақ, осы 7 есептің кейбіреуі аса маңызды да емес, негізінен шахмат ойынының қызықтары секілді, спорттық есептеулерге жуықтау. Ал ресейлік Григорий Перельман шығарған теңдеу — сондай есептің бірі. Ал кейбіреуі компьютерлік бағдарлама жасауға қолданылады, менің шешкен есебім қазіргі аса қуатты компьютерлерге программа жасауға қажетті. Мысалы, цунами, тайфун, торнадо секілді табиғат апаттарын алдын ала болжауға, ұшақтар мен кемелер қозғалысын реттеуге қолданылады. Мұнан сырт космосқа ұшқанда түрлі қажеттіліктерге бола су ала кетеді. Осы су шайқалғанның өзінде ұшуға қатер төндіруі мүмкін. Бұл есепті пайдалана отырып ғарышты зерттеу саласындағы, сондай кішкентай қозғалыстар мен ауытқуларды есептеуге болады. Әдетте алдымен алгоритм жасайды, сосын барып бағдарлама жасалады. Егер алгоритм компьютерге дұрыс бағытта бұйрық бере алмаса, онда компьютер басқа бірдеңелерді далбасалап есептеп кетуі мүмкін. Мына есепті шығарғаннан кейін сол сұйықтыққа, газға байланысты жасалған алгоритмдердің қайсысы дұрыс бағытта, қайсысы қате екендігін тексеруге жол ашылады.

Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының физика-математика ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіндегі Еуразиялық математика институтының директоры, профессор Мұхтарбай Өтелбаев «мыңжылдық проблемаларының» қатарына жататын ең күрделі жеті математикалық есептердің бірін шешіпті. 2014 жыл.

Аталмыш математикалық жұмбақтың «мың жылдықтың проблемасы» аталуының сыры неде?

Өткен ғасырда математика саласында қазірге дейін шешімі табылмаған 3 мыңның төңірегіндегі есептің тізімі жасалған. Ғалымдар осы қыруар жұмбақтардан 15-ін алдыңғы қатарға ұстайды. АҚШ-тың Клей атындағы математика зерттеу институты осының ішінен 7 есепті бөліп алып, шешкен адамға 1 миллион долларлық жүлде тағайындаған.

7