Matematik.kz "Matematik.kz" журналы | Page 8

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясатын жария етті. Жаңа экономикалық саясат еліміздің құрылымдық реформаларын одан әрі жүзеге асыруға бағытталады. Елбасы Үкіметке халық алдындағы әлеуметтік міндеттерін орындауды тапсырды. Сонымен қатар, ел экономикасының өсіміне әсер ететін салаларды қолдау керектігін баса айтты. «Ұлттық қордағы қаржатты халық игілігіне жұмсау керек», - деген Президент шағын және орта бизнес үшін қосымша 100 млрд теңге бөліп, азық-түлік, химия өнеркәсібі, көлік құрастыру және қызмет көрсету салаларын дамытуды тапсырды. Ал банк секторын қалпына келтіру үшін Елбасы күрделі несиелер қорына 250 млрд теңге бөлуді тапсырды. Сондай-ақ, Елбасы ЕХРО-2017 кешенінің құрылысын жалғастыру үшін келесі жылы несие ретінде 40 млрд теңге қаржы бөлуді міндеттеді. Бұл бұған дейін бөлінген 245 млрд теңгеге қосымша қаржы болатынын айта кетті.

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»

Дүние жүзінде шешімі табылмаған есептер бар ма?

2000 жылы Клэй институты 7 есепті құрайтын шығарылмаған математикалық есептердің тізімін жасады. "Мыңжылдық есептер" деген атпен белгілі. Осы есептердің әр-қайсысына 1000000 АҚШ доллары сыйлыққа беріледі (шығарған адамға әрине).

Қатты қапаланбаңыз, бірақ оның біреуін 2010 жылы Перельман деген бір орыс шемішкіше шағып тастапты және сыйлықақыдан бас тартыпты (бұған енді не дейміз, 1 млн доллардан бас тарту! "Барлық данышпандар ақымақ" дегеннен басқа сөз жоқ)

Олар мыналар:

1 Равенство классов P и NP

2 Гипотеза Ходжа

3 Гипотеза Пуанкаре (есеп шығарылған)

4 Гипотеза Римана

5 Теория Янга — Миллса

6 Существование и гладкость решений уравнений Навье — Стокса (Мұхтарбай Өтелбаев шығарды)

7 Гипотеза Бёрча — Свиннертон-Дайера

6