Математика сабағында оқушылардың шығармашылық
ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Оқушыларды есепті шығара білуге үйрету процесі шығармашылық сипатта болуға тиіс.
Мысалы, квадрат теңдеулерді формула бойынша шешуге арналған есеп төменгі сыныптар үшін стандартты емес,ал «Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары» тақырыбын өткен жоғары сынып оқушыларына ол стандартты есеп болып табылады.
Стандартты емес есептерді шығаруға қажетті зерттеушілік қызметтің негізгі екі элементін атап өтуғе болады:
1.есепті дара есептерге бөлу;
2.сырттай әр түрлі жүйелердің құрылымдық ұқсастықтарын анықтауды жеке-жеке қарастырайық.
Зерттеушілік қызмет барысында зерттеуші танымның түрлі, ғылыми, эмпирикалық (бақылау, эксперимент) және логиқалық (аналогия, салыстыру, синтез т. б.) әдістерін қолдануы мүмкін. Алайда, математиканы оқып білуде, оның ішінде математикалық есептерді шығаруда талдаудың алатын орны зор.Зерттеушілік қызмет процесіндегі талдаудың ғылыми зерттеушілік әдіс ретіндегі қолдануының негізі-есептің құрамды бөліктерін ажырата білу мен есепті дара есептерге бөлу болып табылады.
Сонымен, стандартты емес есептерді шығару барысында зерттеушілік қызметтің пайдалану теориялық материалды есте сақтауда, практикалық есептерді шешу үшін қолдануға, өздігінен қорытынды жасауға ықпал етеді.
Оқушылардың зерттеушілік қызмет элементтерінің қалыптасуын анықтауға жүргізген тәжибелер мен бақылау, мектеп оқушыларының көпшілігі берілген есептің белгілі типтегі жаттығуға жатпайтын, аз ғана ерекшеленіп, берілу тәсілі өзгертілсе, онда ондай есептерді қалайша шығару қажеттігін, неден бастау керектігін білмейтіндігін көрсетеді. Сонымен қатар зерттеушілік қызметтің негізгі элементтері болып табылатын: есепті дара есептерге бөлу, есептің аналогиясын табу, сырттай өзгеше есептердің құрылымдық ұқсастығын аңықтау, алынған нәтижелерді жалпылау және т. б. Негізгі ой өрекеттерін қолдана алмау фактілері жиі кездеседі. Оқушылардың көпшілігі, белгілі бір дәрежеде шығармашылықты талап ететін стандартты емес есептерді, яғни «...шығару алгоритмі оқушыларға белгісіз есептерді шығаруға үйретілмеген».
7