Математиканы оқытудың негізгі мақсаттары жалпы білім беру, тәрбиелік және практикалық болып бөлінеді де, олардың ішінде математиканы оқытудың жалпы білім беру мақсаты мұғалімге мынадай талаптар қоятыны белгілі: мектеп бағдарламасы анықтайтын математикалық білімнің, біліктілік пен дағдылардың барлық жүйесін оқушылардың терең және саналы меңгеруін қамтамасыз ету; математикалық тілді меңгеруге үйрету; оқушылардың нәрселер мен құбылыстардың арасындағы қатынастарды өздігінен орнату іскерлігін шыңдау; стандарт емес есептерді шығаруға, проблемалық ахуалдарға бағдарлануды үйрету; оқушылардың нақтылы шындықты математикалық әдістермен меңгеруіне көмектесу.
Мектеп математика курсы оқушылардың ойлау қабілеті мен жалпы білім дәрежесін дамытуды және тәрбиелеуде әрі жетекші, әрі жауапты орын алады.
Математикалық есеп дегеніміз- математикадағы заңдылықтар, ережелер және әдіс тәсілдер негізінде оқушылардың ой мен практикалық іс-әрекетті талап ететін және математикалық білімдерді меңгеруге, оларды практикада қолдана білуге дағдыландыруға, ойлау қабілетін дамытуға бағытталған ахуал.
Демек, есеп шығару математикалық ұғымдарды қалыптастырып, байытуға оқушылардың математикалық ойлауын өрестетуге, білімдерін практикада қолдануға, табандылық, ізленгіштік, еңбек сүйгіштік қасиеттерін тәрбиелеуге жол ашады.
Математикалық есептерді шығара білуге үйрету және оған дағдынландару мұғалімдер алдында тұрған өте қиын да жауапты жұмыс. Есеп шығаруға үйрету мен дағдыланлыру көбіне сыныпта сабақ өту кезінде болғандықтан, барлық оқушыларды есеп шығарудың жалпы әдіс-тәсілдермен қаруландыру керек. Мұны іске асыру үшін олардаң есеп шығару процесіндегі іс-әректтерді басқарып, жұмысты белгілі бір жүйемен жүргізген жөн.
6