Matematik.kz "Matematik.kz" журналы | Page 5

5

Оқушылардың ең үздік ғылыми қоғамы

«Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы 2014 жылғы 14 қарашада алғаш рет «Мектеп оқушыларының ғылыми қоғамы» облыстық конкурсын өткізді. Конкурстың мақсаты облыстың білім беру мектептері арасында оқушылардың ғылыми қоғамдарын ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісу. Конкурс оқушылырдың бойында шығырмашылық қабілеттерін қалыптастыру, оны дамыту, білімдерін кеңейту, оқушыларды белсенді зерттеушілік кызметке баулу, зерттеушілік қызметті жүргізу, өз еңбегінің нәтижелерін түрлі деңгейдегі конференциялар мен олимпиадаларда көрсете алу дағдысын дамыту, әлеуметтік әріптестікті кеңейту дарынды балаларды қолдау мақсатында жүргізіледі. Конкурсқа барлығы облыс бойынша 12 оқушылардың ғылыми қоғамы, 87 оқушы қатысты.

Облыстық кезеңнің бағдарламасы бойынша оқушылырдың ғылыми қоғамы қызметін ерекше презентациялау, шеберлік-класы түрінде іске асырылады. Жүлдегерлер мен жеңімпаздардың марапаттауы екі топта өткізілді: дарынды балалараға арналаған мамандандырылған білім беру ұйымдары және қалалық (аудандық) жалпы орта білім беру мектептері. Конкурс қорытындысы бойынша I орынға аудандық мектептері арасында Ақтоғай ауданы Абай атындағы орта мектебінің «Болашақ жұлдыздары» атты оқушылардың ғылыми қоғамы, дарынды балаларға арналған метептері арасында Абай атындағы № 10 лицей-мектебінің «Зерде» парламенті ие болды. ІІ орынды аудандық мектептері арасында Ертіс ауданы Ұзынсу ЖОББМ «Болашақ» ғылыми қоғамы, Ақсу қаласы М. Қабылбеков атындағы ЖОББМ «Ұлар» ғылыми қоғамы, дарынды балаларға арналған метептері арасында «Жас дарын» мектебінің «Жас ғалым» ғылыми қоғамы иеленді. ІІІ орын ауыл мектептері арасында Ақсу қаласының № 2 ЖОББМ «Кемел» ғылыми қоғамына, дарынды балаларға арналған метептері арасында Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның «Ізденіс» ғылыми қоғамына және Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің «Тарлан» ғылыми қоғамына берілді.

Суретте: «Жас дарын» мектебінің «Жас ғалым» ғылыми қоғамы