Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және төрт топқа бөліну ұсынылады: «европалықтар», «жапондықтар», «африкандықтар» және «италиандықтар». Кейін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, «италиандықтар» құшақтасады. Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады.
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін
және есте сақтауын дамытуға арналған психологиялық
жаттығулар
1.«Жунглидағы жаңбыр»
Нұсқа: -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).
Татулық-достық кілті (психологиялық тренинг)
Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).
Тағы да нөсер жауын жауды.
Ұсақ жаңбыр сіркіреді. Дауыл соқты. Жел соқты.
Жағымды сөздер.
Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.
Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады.
6