¹ 9( 15) 2016 Ïåäàãîãèêà
1. Ең кіші натурал сан( 1) 2. 30 минутты сағатқа айналдыр./ 0,5сағат / 3. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады( натурал сандар) Төртбұрыш тобы: 1. Балаларды жазалау үшін қандай геометриялық фигура қолданылады?( бұрыш) 2. Жарты алманың жартысы неге тең? 3. Түнгі сағат онда қар жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? / мүмкін емес / 2- сайыс: Құрметті математикалық дәмхана қонақтары мен сіздерге " Математикалық рулет " атты геометриялық ассорти ұсынамын. Сіздерге ұсынылған ассорти бөліктеріне әр команда 1 минутта фигура құрастыру керек. Жоғарғы баға 5-ұпай қойылады.
Командалар уақыт бітті. Жауаптарыңызды даяшыларға берулеріңіз сұралады!( Даяшылар әділ-қазыға жауаптарын береді) 3- сайыс: Келесі кезекте әр команда дәмханада өздерімен бірге көңіл көтеріп көрші столда отырған адамдарға ас сыйлауы керек. Ол сыйлық- " Біздің столдан сіздің столға " деп аталады. Бұл ұсынылған астан алу үшін әр команда келесі столға мөлшермен өлшеп сусын апару керек. Егер команда бірінші кезектен жауабын тапса, онда оған 15 ұпай беріледі, екінші кезектен тапса 10 ұпай, үшінші кезектен тапса 5 ұпай беріледі. Тапсырма: 900 гр сусын берілген. 400 гр және 500 гр ыдыстар арқылы 200 гр сусын өлшеп шығару керек. 4- сайыс: Ендігі кезекте сіздерге кім үлгерсе, сол ішер дегендей біздің аспаздар " Тез пісер " атты тіске басар ұсынады. Даяшы ұсынған астан алып отырыңыздар! Ол үшін берілген әріптерден атақты адамның аты-жөнін құрастыру керек. Біздің математикалық дәмхана көшесі осы кісінің атауында? Ойлануға 3 минут уақыт беріледі.( жоғарғы баға-5 ұпай) Сайыскерлеріміз тапсырмаларын орындағанша дәмхананың әншісі Айберіктің орындауындағы әнді қабыл алыңыздар. Жауаптар тыңдалады- Бұл кім?( СЛАЙД көрсету) Орымбек Ахметбекұлы Жәутіков- ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы( 1961), профессор( 1961), Қазақстан ұлттық академиясының академигі( 1962), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері( 1974).
Туылған күні:
Туылған жері:
Қайтыс болған күні:
Қайтыс болған жері: Алматы
Ғылыми атағы:
1911 мамырдың 1-індетуған
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылы
1989 мамырдың 15-інде
физика-математика ғылымдарының докторы, професор
5-сайыс: Қадірменді қонақтар! Келесі кезекте зейін мен ойланудан тұратын әр түрлі тіл үйіртер ащы дәмдеуіштер қосылған " Шығыс халықтарының " тағамы ұсынылады. Астан алып отырыңыздар! Жоғарғы баға 20-ұпай 1. Грек халықтарының тағамы: Атақты Пифагордан " сенің әңгімеңді тыңдауға мектебіңе қанша адам келеді?"- деп сұрағанда Пифагор былай
1
1 деп жауап береді. " Менің жарты оқушыларым математиканы, бөлігі музыканы, бөлігі уақытын үнсіз ойлануға
4
7 жібереді, қалған бөлігі 3 оқушы "-деп жауап берген. Барлығы неше оқушы? Жауабы: 28 оқушы 2. Болгар халықтарының тағамы: Балықшы балық аулады. " Қанша балық ұстадың?"- деген сұраққа " Сегіздің жартысы, алтауы бассыз және тоғызы құйрықсыз ",- деп жауап береді? Балықшы қанша балық аулаған?
Жауабы: Сегіздің жартысын алып тастасаң нөл, алтының басын алып тастасаң нөл, тоғыздың аяғын алып тастасаң нөл. Балықшы балық аулаған жоқ. 3. Египет халықтарының тағамы: Әрбір 7 адамның әрқайсысында 7 мысық, әр мысық 7 тышқаннан, ал әр тышқан 7 бидай сабағын жояды. Бір бидай сабағында 7 уыс дән бар. Мысық тышқандардан қанша уыс бидай дәнін сақтап қалады? Жауабы: 16807 Құрметті дәмхана даяшылары! Біздің қадірменді қонақтардың столдарын келесі тағам түрін әкелгенше тазалап әзірлеңіздер. 6- сайыс: Енді қонақтар Сіздерге " Құлпынаймен әрленген " десерт ұсынамыз. Ол үшін сіздерге, сандарға байланысты мақал- мәтелдер ұсынылады. Сіздер мақал- мәтелдердегі сандарды дұрыс табуларыңыз керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.....( екі) жақсы қас болмас,....( екі) жаман дос болмас. Досыңды...( үш) күн сынама,...( үш) жыл сына. Жұмысқа...( үш) жылда үйренеді,
62