EURASIAN EDUCATION №9 2016 | Page 63

ОРТА МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРАНЫҢ ЖОСПАРЫ
Ïåäàãîãèêà
¹ 9( 15) 2016
Берілген әдістемелік жұмыс орта мектеп оқушыларына математика пәнінен сыныптан тыс шара өткізудің үлгісі ретінде ұсынылады. Сабақ жоспары орта мектеп ұстаздарының, әдіскерлердің, педагогикалық мамандықтарда білім алатын студенттер мен магистранттардың назарына ұсынылады.
ЧИНГОДЖАЕВА ЖАЗИРА ГАЗИЗОВНА, ӘМІРЖАН НҰРГҮЛ ӘМІРЖАНҚЫЗЫ
ШҚО Аягөз қаласы, К. Бозтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің математика мұғалімдері
Данная методическая работа представляет собой пример проведения внеклассного занятия по математике для учеников средней школы. Методическая разработка будет интересна учителям средней школы, методистам, студентам и магистрантам педагогических специальностей.
This methodological work represents the example of an extra-curricular activities in mathematics for secondary school students. The study manual might be useful to the secondary school teachers, methodologists and students in the master ' s programs of pedagogics.
ОРТА МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРАНЫҢ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: " Математикалық дәмхана " атты сайыс Мақсаты: Білімділік: Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру математика пәніне деген қызығушылығын ояту.
Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ой- өрісін дамыту жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау.
Тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: слаид, математикалық фигуралар, топқа жеке тапсырмалар, өлшеуіш құралдар, су. Ойын барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: ойын шартымен таныстыру, қатысушыларды анықтау.
Қаламыздағы " Математикалық дәмхананың " ашылуына хош келдіңіздер! Біздің дәмханамызда бүгін математиканың алғырлары, тапқырлары білімдерімен сынасады. Осы дәмхананың ашылуына орай арнайы шақырылған меймандарымыз бар ендеше, олармен таныс болыңыздар!
Столдарға бөлу үшін бірінші математикалық фигуралар тасталады. І-5кл, ІІ-6кл, ІІІ-7кл Сонда әр столда 5,6,7 кл бар. Есепті түрлі- түрлі шығарамыз, Арасында ойын ойнап жарысармыз. Ойлы сұрақ, жеңіл сұрақ бәрі де бар, Әзіл есепке, бүгінгі кеште орын бар. Олай болса, бұл не тұрыс, Кешімізді біз бастайық. Әділ бағаға қалтасы толы, Әділ- қазыларды ортаға шақырайық! Сіздерден дәмхананың " Бухалтерлік мекеме "- деп аталатын бөлмесіне жайғасуларыңызды сұраймыз! Сонымен қатар есепшілер: Есепшілерді таныстыру. Математика- бұралаңсыз нақты ілім, Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін. Айдыныңда сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір, Тарқалмайды қуаныш пен шаттығың- деп Ойын жоспары мен таныстырайын: І. Құрметті дәмхана қонақтары! Сіздер қандай қонақ екендеріңізді, қандай тілде сөйлесетіндеріңізді білгіміз келеді, және де осы ішкен астарыңыздың ақысын қалай өтемексіздер! Ендеше, өздеріңді таныстырып өтсеңіздер! Бұл бөлімде таныстырумен қатар, әр топ өздерінің
тобымен таныстырып өтуі тиіс. Сонымен, ортаға:( әр топ өздерін таныстырады) Квадрат Үшбұрыш Төртбұрыш Қадірлі дәмхана қонақтары! Өздеріңізге арнайы әзірленген столдарға жайғасыңыздар. Сондай- ақ бұл дәмханада математиканы сүйіп оқитын, оның қыр- сырын меңгеруге құлшынысы бар барлық математика жанкүйерлеріне де орын бар. Сіздер әрқашан біздің дәмхананың таңсық тағамдарына тамсанып, сіздер қызықты да мазмұнды уақыттарыңызды өткізесіздер деген сенім білдіремін! Дәмхана мәзірінен каллориялы тағамдармен қатар, ыстық және суық тағамдарды, сонымен бірге тіл үйіртетін, мәңгі есіңізден кетпес, дәмімен денеңізді балқытатын десерт пен сусындарды таба аласыз. Сонымен бірге біздің дәмхана өз қызметін, ас мәзірін ұсынатын даяшылар мен бармендер әрқашан да сіздердің қастарыңыздан табылады. Ендеше, астарыңыз дәмді болсын! Нақты сайысымызды бастайық! Ас мәзірі: " Мәңгі ұмытылмас " салаты " Математикалық рулет " " Біздің столдан сіздің столға " " Тез пісер " атты тіске басар " Шығыс халықтарының " тағамы " Құлпынаймен әрленген " десерт " Мерекелік шашу торты " " Мезим " 1- сайыс: Құрметті кафе қонақтары! Біз сіздерге дәмхананың аспаздары әзірлеген сұрақтар соусынан тұратын " Мәңгі ұмытылмас " салатын ұсынамыз. Бұл салат сіздердің бойларыңызға жағымды сіңуі үшін командаларға кезектесіп сұрақтар қойылады. Егер бір команда сұраққа дұрыс жауап бере алмаса, онда басқа команда жауап беру құқығына ие болады. Дұрыс жауап бір балмен есептеледі. Квадрат тобы: 1. Ол оқушы құралы, Қатені түзетіп тұрады.( Өшіргіш) 2. Қар жауғанда жауатын ақша қардың формасы қандай фигураға негізделген?( алтыбұрыш) 3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?( 0) Үшбұрыш тобы:
61