Ïåäàãîãèêà
¹9 (15) 2016
Берілген әдістемелік жұмыс орта мектептің 1 сыныбында
математика пәнінен жүргізілетін сабақтың үлгісі ретінде
ұсынылған. Сабақ жоспары орта мектеп ұстаздарының,
әдіскерлердің, педагогикалық мамандықтарда білім алатын
студенттер мен магистранттардың назарына ұсынылады.
Данная методическая работа представляет собой
пример проведения урока по математике в 1 классе средней
школы. Методическая разработка будет интересна
учителям средней школы, методистам, студентам и
магистрантам педагогических специальностей.
МУХАТОВА ДАРИЯ МЕДЕЛЬБЕКОВНА
Семей қаласы №2 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
This methodological work represents the example of a Math
lesson for 1 grade pupils of secondary school. The study manual
might be useful to the secondary school teachers, methodolo-
gists and students in the master's programs of pedagogics.
ОРТА МЕКТЕПТІҢ 1 СЫНЫБЫНДА МАТЕМАТИКА
ПӘНІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТЫҢ ҮЛГІСІ
Пән: Математика
Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамы
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділігі: 10 санын екі санның қосындысы түрінде
жазу, кез келген оннан кем санды 10-ға дейін толықтыру;
2) Дамытушылығы: Танымдылығын дамыту, сабаққа
қызығушылығын, ойлау қабілеттерін дамыту;
3) Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, әдептілікке, имандылыққа
баулу.
Әдісі: Сұрақ - жауап, ойын, түсіндіру әдістері.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе сандар,
шаблондар, сандар құрамы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
II. Өткен сабақты еске түсіру.
а) Ойын "Кім тапқыр?" сандар қатарын анықтаймыз.
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
- Балалар, қараңдаршы не құрастырдық? ( құрт )
- Сандар өсті ме, кеміді ме? (Өсті )
- Олай болса, кім кему ретімен айтып береді?
ә) - Енді сандардың құрамын қайталап еске
түсірейік.
- Мынау не? -Күнбағыс
- Күнбағыстағы сандардың құрамын жазайық ( тиісті
сандарды жазу)
- Тамаша
III. Жаңа сабақ.
Суретпен жұмыс: 10 саны неше таңбалы сан? Екі
таңбалы сан.
- Олай болса бүгін 10 санының құрамымен
танысамыз.
Қияр мен қызанақты санау арқылы 10 санының
құрамымен таныстыру.
1+9=10 3+7=10
5+5=10
7+3=10
9+1=10
10-9=1
10-7=3
10-5=5
10-7=3
10-9=1
2+8=10
4+6=10
6+4=10
8+2=10
10-8=2
10-6=4
10-6=4
10-8=2
- Сергіту сәті: "Он саусақ"
- Кітаппен жұмыс. Оқулығымызды ашайық.
60
1 - тапсырмаға қарайық.
- Мынау не? (шырша ), өте жақсы.
10 санының құрамын анықта дейді.
- Барлығымыз интерактивті тақтаға қарайықшы.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)
- Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Қыс мезгілінде балалардың асыға күтетін қандай
мерекесі бар? (Жаңа жыл мерекесі)
- Жаңа жыл мерекесінде үйімізге не құрамыз?
(Шырша)
- Ендеше бүгін біз жасыл шыршаны әсемдейміз, ол
үшін 10 санының құрамын табамыз.
8+2
4+6
7+3
5+5
4+6
- Тамаша
- Енді дәптерімізді ашып , 10 - санының құрамын
жазайық.
5+5
6+4
8+2
9+1
7+3
2. Тапсырма. Кестені толтырайық. (ауызша орындау)
- Қосудың компоненттерін
еске түсірейік, қане кім
айтады?
- Қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні.
- Азайтудың компоненттері ше? ( Азайғыш, азайтқыш,
айырманың мәні )
- Жарайсыңдар.
- Көзге арналған жаттығу жасау.
4 - тапсырма. Төртбұрыштарды табу.
5 - тапсырма. Балалар, жаңа жыл мерекесінде кімдер
келеді?
(Аяз ата, Ақшақар)
- Олай болса , Аяз ата мен Ақшақар келіпті,
сыйлықтары бар екен.
Сұрақтарға жауап беру. (Ауызша )
6- тапсырма . Есеп шығару
Сабақты қорытындылау
Қосындының мәнін
табу.
- Бағалау.
- Үйге тапсырма.
1. №3 жаттығу; 100 бет
2. 10 санының құрамын жаттау .