EURASIAN EDUCATION №9 2016 | Page 65

Ïåäàãîãèêà жалқаулыққа ...(үш) күнде үйренеді. ...(6) жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа. Жерді ....(екі) рет жыртқан, өнімді ...(екі) есе артық алады. ...(бір) күн асын татқанға, ...(40) күн сәлем. 7 - сайыс: Құрметті қонақтар! Дәмхана әкімшілігі сіздерге әлі де осы дәмханадан басқа дәмханаға кетіп қалмай біздің бас аспазшымыз ұсынған тағамдарды жақсы бағалап отырғандарыңыз үшін өз ризашылықтарын білдіреді. Осы құрметтеріңіз үшін дәмхана әкімшілігі сый құрмет ретінде. "Мерекелік шашу" тортын ұсынады. Тортты кесуден кім шеберлік көрсетеді екен көрелік? Ол үшін сіздер мерекелік тортты бес кесу арқылы тортты 18-ге бөліп кесулеріңіз керек. Ойлануға 3 минут уақыт. Тек бірінші болған топқа 10ұпай қойылады. 8-сайыс: Бүгінгі кеште сіздер біздің аспазшылар әзірлеген астардың дәмділігіне риза болып, барлық ұсынылған ас мәзірлерінен бас тартпаңыздар. Кейбір адамдарда қабылдаған астары тез қорытылады, ал кейбірін мазасыздандырады. Асты көп қабылдаудан асқазандары ауыратындарға, сонымен қатар бүгінгі ас бойларыңызға тез сіңуі үшін сіздерге асқазан үшін таптырмас дәрі "Мезимді" ұсынамыз. Логикалық есептермен жұмбақтар береміз. (1 ұпай) 1. "Екі сегіз он алты, және сегіз, және алты, жанап ¹9 (15) 2016 жүрген бір алты, қосындысы неше алты" (4) 2. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, Ұзындығы жазылып тұр бойында. (сызғыш) 3. Бірдей санды бірнеше рет Көбейтуден тұрады Егер оны ықшамдасаң Қандай атау болады? (Дәреже) Осыменен бұл қызықты тәмәмдасақ, Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ? Үйрендік білмегенді осы жолы, Тағы да үйренеміз аман болсақ. Шыңымыз биік болар, білім қусақ. Өмір деген өнермен үйлеспей ме? Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ -дей келе бухгалтерлер қорытындысын шығарғанша шынында да дәмханада отырғандарыңызды сезіндіру үшін мектебіміздің сүйікті әншісі Анельдің орындауында жандарыңызды жадыратар бір ән ұсынамыз. Қабыл алыңыздар! Би алаңына шығыңыздар!!! Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды, Ал, қазір бухгалтерлер сөз алады. Кешіміздің жеңімпазын анықтап, Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады. Білім деген биік шың, Бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың, Қиындықтан өткізер,-деп үнемі білімдеріңді жетілдіріп, өте жақсы деген бағамен оқуларыңа тілектеспіз. 63