¹ 9( 15) 2016 Òàðèõ
КАРИМОВ МҰХТАРБЕК ҚАРПЫҚҰЛЫ
т. ғ. к., профессор, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің М. Қозыбаев атындағы тарихи зерттеулер ғылыми орталығының директоры
САЙРАНБЕКОВА ҰЛЖАН САЙРАНБЕКҚЫЗЫ
Астана қаласы № 34 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Мақала ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақтар арасынан шыққан тұңғыш кәсіпкерлердің бірі Пидахмет Бобкин туралы. Авторлар Бобкин өмірінің негізінде отаршылдық кезеңіндегі қазақ кәсіпкерлігінің даму тарихына шолу жасайды.
Статья о жизни и деятельности одного из первых казахов- предпринимателей 19 века Пидахмета Бобкина. Через призму жизни и деятельности Жандарбекова авторы статьи описывают историю становления предпринимательской деятельности в казахской степи в условиях колониального гнета.
Article about the life and work of one of the first Kazakh entrepreneurs of the 19th century Pidakhmet Bobkin. Through the life and work of the Zhandarbekov the authors describe the history of the formation of entrepreneurial activity in the Kazakh steppe under colonial oppression.
ЗАЙСАН ӨҢІРІНЕН ШЫҚҚАН ҚАЗАҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ КӘСІПКЕРІ
Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан өңірі ерте дәуірлерден бері геосаяси, әлеуметтік-экономикалық, этно-демографиялық және мәдени жағынан маңызды аймақ болып табылады. Бұл өлкенің осындай артықшылықтарын қазіргі уақытта тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін, оның экономикалық тарихына, әсіресе, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастаған жергілікті кәсіпкерлікті дамыту нәтижелеріне объективті баға беру қажет. ХХ ғасырдың басында қазақ өлкесінде капиталистік қатынастардың дамуымен тікелей байланысты сауда кәсіпкерлігі жергілікті тұрғындардың, оның ішінде қазақтардың арасында жылдан-жылға өсіп отырды. Қазақтардың сауда кәсіпкерлігінде қатысуы жайлы М. Красовский: " өз уақыты мен капиталын сауда операцияларын жүргізуге арнаған тұлғалар саны өсті, қырғыздар арасында көпестер де пайда болды …",- десе, Г. Колмогоров қазақтардың арасында сауда кәсіпкерлігінің дамуын: " шекаралық қалаларда орыстардың алғашқы қажеттіліктің ұсақ тауарларын сатып алып, болыстар бойынша оларды тасымалдап, қой, елтері, жүн және т. б. басқа ұсақ-түйекке айырбастай бастады ",- деп сипаттады.[ 1,205-210бб ].
Зайсанның көпестері, кәсіпкерлері жергілікті халықтың сұраныс, қажеттерін қанағаттандыру үшін бүкіл Ресейді, әсіресе Сібір, Орал өңірлерін, Қытайдың Шәуешек, Құлжа, Қашқар, Орта Азиядағы Тәшкент, Самарқан, Бұқар қалаларын шарлап сауда жасаған, тауарлар әкелген. Әйгілі Ірбіт, Үркіт, Қоянды, Шар, Екатеринск жәрмеңкелерін де қалт жібермеген. Көпшілігі жәрмеңкелі жерлерде дүкен ашып, саудагерлер ұстаған. Ал, Зайсан тұрғындары кіре тарту, керуен айдау сияқты кәсіптерге жалданған. [ 2, 48-51бб ]
1867 жылы Зайсан жерінде дүниеге келген, 1890-1920 жылдары Семей мен Өскеменге белгілі болған, Зайсанның танымал саудагері- Пидахмет Бобкин. Ол келе-келе Зайсанда тері өңдеу зауытын ашып, өз өнімдерін Ресейдің Нижегород жәрмеңкесіне шығаруға дейінгі дәрежеге жеткен. Оның былғарыларының, әсіресе шегірен және сүрік деген түрлерінің даңқы Қытай мен Моңғолия сияқты елдерге де жайылған. Тегі, орыс көпестеріне оның тегін Бөбекенов деп
атаудан гөрі, Бобкин деп атау оңай болса керек. Фида Ахметович деген есімді де оған орыстар берген. Өзі оған қарсы болмағандықтан, орыс әріптестері оны Бобкин Фида Ахметович деген көрінеді. Ата- текті қазақшалап айтатын болсақ, оның сүйегі төрт төлегетайға кіретін төртуыл. Ата-аналары онша дәулетті адамдар болмаған, артында Пидахмет және Батима атты екі бала қалдырып, ерте қайтыс болады. Он жасар Пидахмет өзі мен қарындасын асырап, жеткізу үшін саудагерге жалданған.
Табиғатынан зейінді және адал Пидахмет, қожайынының тапсырмаларын тиянақты орындай отырып, айналасындағылардың сеніміне ие болады. Кейіннен жас жігітке қожайыны сатушылық қызметті де сеніп тапсырады. Ақылды да іскер Пидахмет, біраз қаражат жинап алғаннан кейін, өзінің сауда орынын, кейін дүкенін ашады. Ел ішіндегі әңгімелерге құлақ түргенде, оның саудада қулыққа бармайтын, басқалардың сатып алушылырын өзіне тартып алуға тырыспайтын жан болғанын білеміз. Оның бұл қасиеттерін басқа саудагерлер де бағалайтын және сол үшін сыйлайтын. Пидахмет те өз тарапынан сауда сияқты күрделі жұмысқа іскер, адал адамдарды туысына қарамай тартқан. Оның жанында осындай бірі туыс, бірі туыс емес Әділхан, Жиенгелді, Файзрахман, Шаяхмет, Темеш сияқты адамдардың болғанын білеміз. Бірлесіп, адал еңбек ету бұл адамдарды да дәулеттілер қатарына шығарған. Бобкиннің саудасы берекелі болды. Жыл сайын ол Нижегород жәрмеңкесіне баратын. Ресейлік атақты көпестер Морозовтар жәрмеңкеде ол әкелген терілерді, бағалы аң терілерін сатып алса, Фида Ахметович олардан елге қажетті тауарларын алып, параходқа тиеп, су жолымен Зайсанға жеткізетін. Кейде қажетті тауарларды алуға Пидахметтің қаражаты жетпей жатқанда, Морозовтар оған еш кепілдіксіз қарыз беретін болған. Олар Бобкинге күмәнсіз сенген. Пидахмет те бұлардың ойынан шығып отырған. Осыған қарап, біздер Пидахмет сияқты қазақ кәсіпкерінің үлкен адамгершілік сияқты қасиетімен бірге кемел ақылын да көреміз. Зайсандағы бір кезде бүкіл елге мәлім болған былғары зауытын ашуды Пидахметке ұсынған және оған ақша
4