¹9 (15) 2016
ОҚЫРМАНҒА СӨЗ
Қазіргі таңда Қазақстан алдында тұрған басты мақсаттардың бірі - ғылымды қажетсінетін
экономиканы дамыту, осы мақсатты жүзеге асыру бағытында, ең әуелі, білім мен ғылымның
сапасын арттыру - күн тәртібіндегі негізгі міндет.
Қалыптасқан әлемдік жаһандану үрдістері
мен нарықтық экономикалық қатынастар,
қарқынды дамып келе жатқан технологиялық
жетістіктер күннен күнге педагогтар мен
ғалымдардың жоғары білімділігі мен кәсіби
сауаттылығын талап етуде. Жаңа замандағы
мәдени, ғылыми жетістіктер ғалымдар мен
ұстаздардың бәсекел естік жағдайында өз
ор нын таб а ал а тын, өз мүмк інді ктер ін
көрсететін маман болуға итермелейді. Сол
себ епті де ғыл ым мен б іл ім беру сал асы
мамандарының кәсіби біліктілігінің жоғары
болуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан
шаралар үздіксіз атқарылып тұруы шарт әрі
тәжірибе алмасу жұмыстары үнемі жүргізілуі
тиіс.
Мұндай жұмыстар түрлі конференциялар мен
жиындар, біліктілікті арттыру курстары мен семинарлар түрінде ғана емес, халықаралық
деңгейде таралатын ғылыми-әдістемелік журнал жүзінде де жүзеге асуы тиіс деп есептейміз.
Бұл, өз кезегінде, ғалымдар мен педагог мамандардың тәжірибе алмасу үрдісіне қызмет ететін
құрал болатыны сөзсіз.
Осы орайда "ERUDIT" білім беру-ғылыми орталығы Еуразия кеңістігіндегі үздік ғалымдар мен
педагогтардың ғылыми-әдістемелік жұмыстарын, ғылымдағы соңғы жаңалықтарды журнал
беттерінде таратып отыруды жөн көрді.
"Еуразия білімі. Eurasian education. Евразийское образование" халықаралық журналы білім берудің
кәсібиленуіне, педагог мамандардың, ғалымдардың өз тәжірибелерімен бөлісулеріне мүмкіндік
береді әрі шығармашылық ізденістердің артуына септігін тигізеді деген үміттемін.
Бас редактор
3