EURASIAN EDUCATION №9 2016 | Página 7

Òàðèõ қосып, компаньон болған атақты Савва Морозов екендігін бүгіндері көзі тірі, Пидахметтің қызы Айшадан туатын жиені, Бекмұхамет указдың немересі, белгілі қазақ ғалымы Ермұхан Бекмахановтың жұбайы, Алматыда тұратын Халима апай айтып отырады. Нижгородтағы жәрмеңкеге Бобкин өзінің үлкен қызы Айшаны бірге ала баратын көрінеді. Айша білімді, орыс тілін жақсы білетін, баспа машинкасында жұмыс іс тей алат ын, әкес іне ісқағазд арын жүр гізуге көмектесетін алғыр адам болыпты. Ал Пидахмет Бобкиннің өзі еш жерде оқыған емес, өз бетімен қазақ, ор ыс т ілдерінд е оқ ып-ж азуд ы, с аудаға к ерек ті математиканы меңгерген кісі болған. Өзі білім ала алмаған соң тек балаларының ғана емес, өз халқының да сауатты болуына көңіл бөлген адам. 1912 жылғы "Айқап" журналының №14 санында "Зайсан қазақтары мек теп салуға қ аржы жинау шараларын ұйымдастырды. Пидахмет Бобкин бұл шараға 500 сом бөлді", - деп жазылған. Сонымен бірге Пидахмет Бобкин қолы ашық, жомарт адам да болыпты. Өзінен көмек сұрап келгендердің ешқайсысынан да көмегін аямаған көрінеді. Бірінің оқуын төлеп берсе, тағы ¹9 (15) 2016 біреуге Зайсаннан Семейге параходпен жетуі үшін ақша беретіні және т.б да көптеген игілікті істерге мұрындық болатыны бүгінге дейін ел жадында . Сол кездегі қым-қуыт аласапыран жағдайға байланысты 1920 жылы Бобкиннің жанұясы Монғолияға кетуге мәжбүр болған еді. Онда аз уақыт болып, Зайсанға қайтып келсе, мұнда большевиктер кеңес өкіметін орнатып жатады. Бобкиннің жанұясы алдымен Семейге, кейін Өзбекстан, Қарақалпақстанға кетуге мәжбүр болады. Ақыры Ташкентке қоныстанады. 1937 жылы Пидахмет Бобкин жазықсық айыпталып, қамауға алынады. Қиыр Шығыстағы Ворошиловград қаласына этаппен айдалып бара жатқан жолда қайтыс болған. Пидахмет Бобкин өмірінің соңында немересіне: " Мен қайтыс болған соң, кедейлерге садақа беруді ұмытпа", - деп өсиет айтқан екен. [3] Қазақ халқынан шыққан алғашқы кәсіпкерлердің бірі - Пидахмет Бобкин сынды ел тарихында жақсы істерімен аттары жұртшылықтың жадында қалған азаматтардың игілікті шараларын зерттеу нысандарына айналдыру, оларды дәріптеу және үлгі жасау қажеттілік деп есептейміз. ӘДЕБИЕТТЕР. 1. Асфендияров С.Д. История Казахстана (с древнейших времен). - Алма-Ата,1935. 2. Зайсан асулары [Мәтін] : (Зайсан ауданының құрылуына 70 жыл толуына арналған тарихи-публицистикалық очерктер). - Алматы : Баспа, 1998. - 190 б. 3. Большая семья Пидахмета Бобкина, Алматы 2011 5