Ïåäàãîãèêà
өздерің тексеріңдер. Неге? деген сұраққа жауап
беруге дайындалыңдар. Ауа жылы, суық болады
дегенге жауап іздеңдер.
Ескерту: Балалар бұл тәжірибені жасамас бұрын біздің
өткен аптада "Ана тілі" пәнінен оқыған Құрманбай
Толыбаевтың "Қар астындағы ұялар" әңгімесін еске
түсіріңдер.
- Құстар, аңдар қыстың қақаған аязынан неге қар
астына тығылды?
- Өйткені, қалың қардың астындағы ауа жылы болады.
¹9 (15) 2016
Ол қар астында қалған көп жылдық өсімдіктерді де үсіп
кетуден қорғап тұрады.
2. Сабақты қорытындылау.
- Қандай тақырыппен таныстық?
- Ауа қандай?
- Ауа бізге не үшін қажет?
- Оның тағы қандай қасиеті бар?
- Оны бақылау үшін біз сабақта не істедік?
3. Оқушылардың іс -әрекетін бағалау, мадақтау.
4. Сабақты аяқтау.
29