¹ 9( 15) 2016
жойылады. Күннің ыстық сәулесі жер бетін түгел күйдіріп жібереді.
- Балалар, ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамызда екенін білеміз. Ауаның барлық жерде бар екенін білеміз. Сынып бөлмесі де ауаға толып тұр.
- Мен қолыма бір затты алдым. Оны кітаппен сендерге көрсетпей жасырдым. Сендер көре аласыңдар ма?- Жоқ.- Ал, сыныптағы заттарды көре аламыз ба?- Иә.- Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?- Ауа мөлдір. Бұған айналамыздағы заттарды көре алатынымыз дәлел.- Бөлме өсімдіктері қандай түсті?- Жасыл.- Тақта қандай түсті?- Жасыл.- Ауа қандай түсті?- Ол түссіз. Иә, бұл ауаның тағы бір қасиеті.- Сендер әртүрлі бөлмелерде әртүрлі иіс бар екенін сезесіңдер. Ас бөлмеде тамақтың, дәріханаларда дәрінің иісі бар. Иісі бар заттардың бөлшектері ауамен араласып кетеді. Ал таза ауаның иісі бар ма?- Таза ауаның иісі жоқ. Ауа иіссіз.- Сонымен бірге ауа серпіледі, сығылады. Допты алайық. Доптың ішінде не? Ауа. Оны қолыммен қысамын. Бүйірі қабысады. Бұл кезде ішіндегі ауа қысылады. Қолымды жіберсем, серпіліп орнына келеді. Серпіліп тұрған оның ішіндегі ауа. Бұл ауаның тағы бір қасиеті.
- Балалар, жел ауа ағысы. Шынымен солай ма? Тексеріп көрелік.
- Алақандарыңды беттеріңнің дәл алдынан желпілдетіп қозғаңдар. Біз бетімізге сәл жел соққанын байқаймыз. Бұл тербеліске түскен ауа екен. Яғни, жел ауа ағысы.
Слайд қосылады. Тәжірибе № 1 орындалады. Балалар алдарындағы стақандағы суға шырын ішетін трубочканы салып, жел үрлейді.- Балалар, біз не істедік?- Жел үрледік.- Суда не пайда болды?- Ауа көпіршіктері.- Біз аузымызбен ауа үрледік, ол жел ағысына ұласып, су бетінде ауа көпіршіктері пайда болды.
Слайд қосылады. Тәжірибе № 4 орындалады. Су толы шұңғыл ыдыс қойылады. Ішіне қағаз қайық жіберіледі. Балалар, тақап келіп ауыздарымен жел үрлеп қайықты орнынан жылжытады.- Біз не істедік? Қайық қайтті?- Жел үрледік. Қайық орнынан қозғалды.- Дұрыс айтасыңдар. Біз аузымызбен ауа үрлеп, жел соқтырдық. Ол қайықтың қозғалуына себепші болды. Бұл ауаның тағы бір қасиеті.
" Шар жарылды " ойыны ойналады. Ойынның барысы: Балалар шарды қалай үрлейміз? Қане, шар үрлейік. Балалар шар үрлегендей " Пуф, пуф, пуф " деп шеңберді кеңейтеді. Мұғалім: " Шар жарылды "- дегенде, " Пш "- деп шеңберді кішірейтеді. Осылай бірнеше рет қайталанады.
- Балалар, ауа орын алады. Шынымен солай ма? Тексеріп көрелік.
Слайд қосылады. Тәжірибе № 1 орындалады. Балалар шарды үрлейді, соңынан желін шығарады.- Біз не істедік? Шардың ішіне не толды?- Шардың ішіне ауа толды.- Үрлегенде және желін шығарғанда шар қандай күйге түсті?- Яғни, үрлегенде шардың ішіне ауа толып, ауа шардың көлемін үлкейтті. Шардың ішіндегі желді шығарғанда ол бастапқы қалпына келді.
Слайд қосылады. Тәжірибе № 2 орындалады. Сытырлақ дорбаны үрлеп ауа толтырамыз. Аузын қолымызбен бекітеміз.
- Біз не істедік? Енді дорбаны жайлап қысамыз.
Ïåäàãîãèêà
- Тез қысылама? Неге?- Өйткені, онда ауа толып тұр. Ауа орын алады екен. Бұл ауаның тағы бір қасиеті.
Сергіту сәті орындалады. Балалар саусақпен мұрындарын қысып тұрып жасайды. Саусақпен мұрын қысайық, Әншіге біраз ұқсайық. Әрбір сөздің дыбысы, Қандай екен ұғайық.- Балалар, сергіту сәтін жасағанда дыбыс неге дұрыс шықпады?- Ауа аузымыз арқылы ғана шыққандықтан дыбысымыз өзгерді.
-Балалар, оттың жануы үшін де ауа қажет екен. Шынымен солай ма? Тексеріп көрелік. Слайд қосылады. Тәжірибе № 5 орындалады. Мұғалімнің басшылығымен тәжірибе жасалады. Жұмыс майшаммен жүргізілетін болғандықтан, қауіпсіздік ережесі қатаң сақталуы тиіс.
Тәжірибе барысы: Мұғалім жанып тұрған май шамның үстіне банка жабады. Ол бірнеше секундтардан соң өшіп қалады. Яғни, банканың ішінде шырақтың жанып тұруына қажетті нәрсе жоқ. Ол ауа.
- Бұл сонда нені білдіреді? Ауа тек дем алу үшін ғана емес, оттың жақсы жануы үшін де қажет.- Балалар, тағы да бір тәжірибе жасайық. Тәжірибе № 6.- Қараңдар, мен тарелкадағы қағазды сіреңкемен тұтаттым. Жанып жатыр ма?- Жанып жатыр.- Енді оны банкамен жабамын. 1, 2, 3.... өшіп қалды.- Қағаз әлі толық жанып біткен жоқ. Ал, от болса өшіп қалды. Неге?- Ауасыз от жанбайды.- Балалар, " Ауа таза болсын " дегенді қалай түсінесіңдер? Ауаны неден қорғауымыз қажет?
- Күнделікті завод, фабрикалардың мұршаларынан шыққан түтін қаламызды ластайды. Біз ауаны ластанудан қорғауымыз қажет. Ол үшін біз өсімдіктерді, ағаш, гүлдерді көп өсіруіміз керек. Оларды күтіп қарауымыз керек. Өсімдіктер шаң- тозаңды бойына сіңіріп, таза ауа бөліп тұрады. Ал таза ауа ең бірінші біздің денсаулығымызға пайдалы. 4. Сабақты бекіту. Сатылай талдау технологиясы арқылы бекіту. Мұғалім тақтаға " ауа " деген сөз жазылған сызбаны іледі. Балалар ауаның қасиеті, қажеттілігіне қарай басқа сөздерді сызбаға орналастырады. Ауа Тыныс алу үшін. Мөлдір және түссіз. Пішіні жоқ. Қысылады, серпіледі. Оттың жануы үшін керек. Таза ауада иіс болмайды. Ауасыз адам, жануар және өсімдік өмір сүре алмайды. Қосымша: Кез келген заттың бойында ауа болады. Екі оқушыны тақтаға шығарып, суы бар екі стақан беру.
Суға қантты салады.- Не байқап тұрсыңдар?- Қанттан көпіршік шықты, бұл ауа көпіршіктері, кез келген заттың бойында ауа бар екен. Бұл қанттың бөлшектерінің құрамындағы ауа екен. ІІІ. Қорытынды бөлім: 1. Үйге тапсырма: Тәжірибе жасау: Екі бөтелкеге су құйып алып, аузын мықтап бекітіңдер. Кешке қарай б ір бөт елкені қ ард ың асты на, екінші бөтелкені қардың үстіне қалдырыңдар. Ертеңіне бөтелкелерді келіп қараңдар. Қар астында қалған бөтелкедегі судың қатпағанын көресіңдер. Қардың үстінде қалған бөтелкедегі судың қатып қалғанын көр уге болад ы. Шынымен солай ма екен? Оны
28