EURASIAN EDUCATION №9 2016 | Page 29

Ïåäàãîãèêà ¹9 (15) 2016 Берілген сабақ жоспары арнайы мектептердің бастауыш сыныбында дүниетану пәнінен сабақ жүргізудің үлгісі ретінде ұсынылған. Сабақ жоспарын бастауыш сынып мұғалімдері өз тәжірибелерінде пайдалана алады. Данная разработка урока представляет собой пример проведения урока по предмету "Познание мира" в начальных классах специализированной общеобразовательной школы. Методическая работа будет интересна учителям средней школы. КАЙРАНБАЕВА ГУЛШАТ БОЛАТОВНА The working-out subject plan is given as a useful example for teaching subject "Learning the world" at specialized schools for children with special needs. Every primary school teacher may use this plan. "Қосалқы мектеп-интернаты" КММ дефектолог мұғалімі, Семей қ. АРНАЙЫ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫБЫНДА "АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕМ" ПӘНІ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТЫҢ ҮЛГІСІ Айналадағы әлем пәні. 3 сынып. Тақырыбы: Ауа, оның қажеттілігі. Мақсаты: Ауа және оның қажеттілігі туралы түсінік беру. 1.Білімділік: Ауаның қасиеті туралы білімдерін тереңдете отырып, тіршілік үшін маңызымен таныстыру, ауаның орын алатыны туралы, оның жер үстіндегі қозғалысы туралы түсініктерін қалыптастыру. 2.Түзету - дамытушылық: Сөйлеу тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Салыстыру және қорытындылау біліктілігін арттыра отырып, дүниетанымын кеңейту. 3.Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, ұқыпты қарауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың тегі: Дәстүрлі сабақ. Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың әдіс - тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндірмелі-зертханалық, сатылай талдау технологиясы. Сабақтың көрнекілігі, құрал - жабдықтары: Сызба, карточкаға жазылған сөздер, тәжірибеге керек: шар, су толы стақандар, шырын ішетін трубочка, сытырлақ дорба, қағаз қайық, шұңғыл ыдыс толы су, май шам, шыны банка, доп. ТҚЖ: Экран, ноутбук, проектор, слайд, видео материал. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: А) Амандасу. Ә) Психологиялық бағыт беру. Б) Дұрыс сөйлеу минуты: Балалар хормен айтады. Қоршаған орта табиғат, Жануар, өсімдік, адамзат, Сүю, қорғау-парасат Білейік мұны жамағат. ІІ. Негізгі бөлім: 1. Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ - жауап жүргізу. -Үйге қандай тапсырма берілді? -Қыс қызықтары. -Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады? -Күн суытады, қатты аяздар болады, боран соғып, қар жауады. -Қандай қысқы ойын түрлерін білеміз? - Шаңғы, коньки тебеміз, шанамен сырғанаймыз, аққала жасаймыз, қар ла қтырып ойнаймыз, қардан әртүрлі мүсіндер жасаймыз. - Балалар, қалай ойлайсыңдар, қардың мол жауғаны пайдалы ма? - Пайдалы. Қар көктемде ериді. Мол су жерді жақсылап суғарады. Ол шөптің жақсы шығуына себепші. Астық, көкөніс - жемістер жақсы шығады. Балалар "Қыс қызығы" тақырыбына үйден салып әкелген суреттерін тапсырады. 2. Қызығушылықты ояту: Музыка ойнайды. Видео материал қосылады. Балалар видео материалды қарайды, мұғалім "Көрінбейтін сиқыршы" туралы әңгімелейді. Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен біз күнделікті кездесеміз. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайыңда екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жөнелгенін көресің, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді, гүлдерді, ағаштарды байқайсың. Міне, ол ашық тұрған терезеден ішке енді, пердені сәл ғана сүйкеп өтті. Ол да тербеліп сала берді. Ол сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің. Бірақ ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. - Балалар, ол не? Айта қойыңдаршы. (ауа) 3. Жаңа сабақ түсіндіру: - Балалар, ауа адам өміріне не үшін қажет? - Демімізді ішімізге ұстап қанша уақыт тыныс алмай тұра аламыз? - Қане, тексеріп көрелік. (Балалар мұрындарын қысып, демдерін іштеріне тартып тыныс алмай тұрады). Слайд қосылады. Сызба көрсетіледі. Мұғалімнің түсіндірмесі: - Балалар, ауа адамға, жануарларға, өсімдіктерге, жәндіктерге тыныс алу үшін, яғни тіршілік үшін қажет. Ауа түссіз, иіссіз, салмағы бар, пішіні жоқ, мөлдір газ. Ол жылы, суық болады, қысылады, серпіледі. Жер шарын ауа қоршап жатыр, ол әртүрлі газдардан тұрады. Бұл жөнінде сендер жоғарғы сыныпқа барғанда оқисыңдар. Ауа қабаты жерді күннің көзінен, сәулесінен қорғайды. Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік 27