¹ 9( 15) 2016
Ïåäàãîãèêà
ІІ кезең
« БІЛУ » теориясы: Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?( 5 мин)
Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады. « Миға шабуыл » 1. Алгоритм сөзі туралы не естідің, не білесің? 2. « Атақарушы, орындаушы » сөзін айтқанда көз алдымызға не келеді? 3. Көзімізді жұмып, көз алдымызға күнделікті қолданып жүрген автоматты құрылғыларды және олардың атқаратын қызметін елестетейік. Автоматты құрылғыларға нелер жатады? 4. ББҮ кестесін толтыру. Алгоритм туралы білетіндеріңді « Білемін » бағанына толтырамыз.
Білемін Білгім Үйрендім келеді
Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар
Оқушылар бүгінгі күнді және жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.
« Алгоритм » ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми( 763-
850ж. ж) есімінің латынша Algorithmi( Алгоритми) болып жазылуына шыққан. Алгоритм дегеніміз – іс әрекеттің рет-ретімен орындалуы. 1. Жеке жұмыс. Оқушы « Алгоритм » жөнінде не білетінін дәптерге жазады. 2. Алгоритм, алгоритм орындаушысы, алгоритм қасиеттері, алгоритмнің жазылу түрлері т. б. 3. Алдымен жұпта, сосын топта талқылап, әр топтан бір оқушы жазғандарын оқиды.
« ТҮСІНУ » теориясы: Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?( 8 мин)
ІІІ кезең « ҚОЛДАНУ » практикасы: қарапайым тапсырмалар( 5 мин)
« ТАЛДАУ » теориясы: Салыстыр, айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде? Тақырыптың басты идеясын жаз, деген болу керек( 7 мин) Сергіту сәті( 2 мин)
« ЖИНАҚТАУ » теориясы: Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйелі, кесте, сызба, т. б. түрінде( 10 мин)
« БАҒА БЕРУ » практикасы: Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?( 3 мин)
« Қызығушылықты ояту » Осы тақырыпты білуіміз үшін нені меңгеруіміз керек? Қазір « Білгім келеді » бағанын толтыра қойыңыздар.- Информатика пәнінің іргелі ұғымы « АЛГОРИТМ » туралы не білгіміз келеді екен?- Қандай мақсат қояр едіңдер?- Осы мақсаттарға жету үшін тапсырмаларды орындайық.
« Автор орындығы » ойынын ойнату. Тақырып бойынша таратылған материалды түсініп оқу. « Сен маған-мен саған » ойыны топтар мәтіннен бір-біріне сұрақтар қояды.
Дәптерлеріне кестені толтырады. Сосын топта талқылап, топтан бір оқушы ойын айтады
- Алгоритм туралы не білгілері келетіндігін айтады.- Алгоритм, оны орындаушылары туралы және қасиеттерінің өзіндік ерекшелігін түсіну.- Орындаушы автоматты құралдарын атап шығады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау Әр топтан бір оқушы « Автор орындығы » орнына отырып, автор болып тақырыпты түсіндіріп береді.
Топтар бір-біріне сұрақ қояды. 1-топ 2-топқа, 2-топ 3-топқа, 3-топ 4-топқа, 4-топ 1 топқа сұрақ қояды.
« Физминутка » бейне көріністен оқушылар көрген қимылдарды қайталау арқылы сергіту сәтін өткізу
Алгоритм ұғымы туралы осы уақытқа дейін естіп білгендеріміз бар, бүгінгі сабақтан алған жаңалықтарымыз бар барлығын ой елегінен өткізіп алгоритм ұғымы туралы постер жасау тапсырылды.- Алгоритм ұғымы қайдан шыққан?-Алгоритм атқарушыларын ата?-Алгоритмнің қандай қасиеттері бар?-Алгоритмнің жазылу түрлері? Қорытынды:-Балалар, бүгінгі сабақта өз білімдеріңді көрсеттіңдер. Бүгінгі сабақтан не түйдіңдер?-ББҮ кестесін толтыру. « Үйрендім » бағандарын толтырамыз.
Топ мүшелері әрқайсысы өз ойларын жазады. Топта талқылап, постер жасайды.
Алгоритм ұғымын, оны орындаушылар, қасиеттерін және алгоритмнің жазылу түрлерін айтып береді.
Үйге тапсырма: Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар.
Күнделіктеріне жазып алады.
Білімдерін бағалау. Таратылып берілген бағалау парағы бойынша өз-өздерін бағалады.
Кері байланыс. Сабақ ұнады ма? Қандай әдіс-тәсілдер ұнады? Қандай ұсынысың бар?
Стикерге жазады.
" Алгоритм және оны орындаушылар. Алгоритмнің жазылу формалары " тақырыбындағы " Lesson-Study " ашық сабақтың фото көрністері
24