EURASIAN EDUCATION №9 2016 | Page 25

ОРТА МЕКТЕПТІҢ 6 СЫНЫБЫНДА ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ САБАҚТЫҢ ҮЛГІСІ
Ïåäàãîãèêà
¹ 9( 15) 2016
Берілген әдістемелік жұмыс орта мектепте информатика пәнінен сабақ жүргізудің үлгісі ретінде ұсынылған. Сабақ жоспары орта мектеп ұстаздарының, әдіскерлердің, педагогикалық мамандықтарда білім алатын студенттер мен магистранттардың назарына ұсынылады.
Данная методическая работа представляет собой пример проведения урока по информатике в средней школе. Методическая разработка будет интересна учителям средней школы, методистам, студентам и магистрантам педагогических специальностей.
КАШИМОВА КАРШЫГА КАПСМЕТОВНА
Семей қаласының "№ 38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей " КММ информатика пәні мұғалімі
This methodological work represents the example of a computer science lesson for pupils of secondary school. The lesson plan might be useful to the secondary school teachers, methodologists and students in the master ' s programs of pedagogics.
ОРТА МЕКТЕПТІҢ 6 СЫНЫБЫНДА ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ САБАҚТЫҢ ҮЛГІСІ
" Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында "
Н. Ә. Назарбаев
Бүгінде білім беру жүйесінде сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тарап отыр. Өз іс-тәжірибемде информатика пәнінен көптеген сабақтарда және сыныптан тыс жұмыстарда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды күнделікті қолданғандықтан, оқушылардың информатика пәнін терең түсіну қабілетін дамыта отырып, алған білімдерін күнделікте өмірде тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету үшін 6 сыныпта " Алгоритмдеу және модельдеу " тарауында жеті модульді ықпалдастыра отырып, тарау бойынша тізбектелген сабақ жоспарын құрастырып, жаңа әдістерді қолдана отырып бірнеше ашық сабақтар өткіздім. Бұл сабақтар арнайы І деңгейлік мұғалімдердің " Lesson-Study " оқушыларды зерттеу мақсатында өткізілді. Әр сабақта оқушылардың психологиялық ахуалына басты назар аударылып, оқушыларды топқа бөле отырып, бір-бірін, өзара бағалауға баулыдым. Сабақтың соңында оқушылар кері байланыс арқылы өз білімдерін нені меңгергенін, меңгермегенін білдіріп отырды. Тізбектелген сабақтар өткізу барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдана отырып, сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыруға көңіл аудардым. Сабақты қорытындылай келе тарау бойынша " Орта мерзімді сабақ жоспарын " және " Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын " құрастырдым.
" Алгоритм және оны орындаушылар. Алгоритмнің жазылу формалары " тақырыбында сабақ үлгісін төменде ұсынып отырмын.
Сынып: 6 Күні: Пән: Информатика
Сабақ тақырыбы Сілтеме
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың түрі
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар
Әдіс-тәсілдер
Кезең. Берілетін уақыт( 45 мин)
І кезең
Ұйымдастыру( 3 мин)
Үй тапсырмасын тексеру( 2 мин)
Алгоритм және оны орындаушылар. Алгоритмнің жазылу формалары 6 сынып оқулығы Е. А. Вьюшкова, Н. В. Параскун, Б. Қ. Әбенов
- Алгоритм және оны орындаушысы ұғымы туралы өз ойларын түсіндіру, қорыту;- Алгоритмнің қасиеттерін, жазылуын, блок-сызба түрінде көрсетілуін анықтату;- Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру;- Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу;- Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру;- Оқушыларды сыни ойлау, есте сақтау қабілеттерінің, топта және жұпта жұмыс істеу дағдыларының дамуына жағдай жасау;- Өзара және өзін бағалауға дағдыландыру;- Алгоритм және оны орындаушысы ұғымы туралы өз білімдерін жетілдіреді;- Алгоритмнің қасиеттерін бір-бірінен ажырата біледі;- Алгоритмнің жазылуын және алгоритмді блок-сызба түрінде көрсете алады;- Алгоритм ұғымы жөнінде жан-жақты білім алады;- Жұппен, топпен жұмыс жасау арқылы сыни ойлауға ынталанады, пікірлесу арқылы ойын еркін жеткізеді.
Аралас сабақ, СТО, АКТ
Интерактивті тақта, оқулық, таратпа материалдар, постерлер, тұсаукесер Жұптық, топтық жұмыс, диалог, сын тұрғысынан ойлау, оқушылар өздерін бағалауы
Мұғалімнің әрекеті Оқушы әрекеті
Сабақтың барысы
Сәлемдесу. Түгендеу Ақпараттық технология құрылғыларын сұрыптау арқылы топқа бөліну. Топ ережесін анықтап алу. Жағымды психологиялық ахуал туғызу. « Ғаламтор » тренингі. Бағалау парағын тарату. Оқушылар өз-өздерін бағалайды. Тест жұмысын жазғызу. Оқушылар жанындағы жұбының жауабын тексеріп бағалайды. Ал оқушы бағалау парағына жұбының қойған бағасын қояды.
23