EURASIAN EDUCATION №8-9 2015 | Seite 78

¹8-9 (8) 2015 Осы үйге берілген тапсырмаларын тексеріп, өткен сабақ бойынша білімдерін тексеру мақсатында сұрақтар қойылады. - Балалар еңбектене біледі екенсіңдер, ата-аналарыңа көмектесе алады екенсіңдер, ал енді осы "еңбек" туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер? Оқушылар білетін мақал - мәтелдерін айтады (ұпайлары есептеліп отырады). - Ал енді балалар жаңа сабағымызды бастамас бұрын дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, жаңа тақырыпты жазып алайық. Жаңа сабақ: - Бүгінгі біздің алдыңғы сабақтарда өткен "Еңбек" модулі бойынша, лексикалық тақырып "Мен анама көмектесемін", грамматик алық тақырыбымыз "Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем". Ендеше барлығымыз "Құрмалас сөйлем" туралы ережелерді еске түсірейік: 1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не? 2.Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді? 3.Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не? 4.Салалас құрмалас сөйлем түрлерін атаңдар. - Жарайсыңдар, құрмалас сөйлем туралы жалпы білімдеріңді байқадым, енді бүгінгі сабақ тақырыбына көшейік. 1 слайд. Жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң дәптерге бір - екі мысал жаздыру, ереже дәптерге ыңғайластың жалғаулықтарын жазғызу. - Оқулықпен жұмыс. 63 беттегі 1 тапсырманы орындату - Грамматикалық тақырыпты бекіту 1. Синтаксистік бір атау күрделі ойды білдірер, үш салаға бөлінеді. Жұбын жазбай үшеуі, Оқулықта бір жүрер. 76 Ïåäàãîãèêà Ойлаңдаршы,балалар, Бұл атауды кім білер? Жауабы: Құрмалас сөйлем түрлері: Салалас құрмалас, сабақтас құрмалас, аралас құрмалас. 2. Әрбір жай сөйлемі тең тіркеседі, Бірінен - бірін бөліп айтса да, Әрқайсысына жеке ойды көрсетеді. Жауабы: Салалас құрмалас. 3. Алдыңғысы соңғысына ереді, Тиянақты жағы тірек болып келеді. Бұлай байланысқан сөйлемдерде қайсысының мағынасын қайсысы ашып береді? Жауабы: Сабақтас құрмалас. - Жақсы балалар енді бәріміз тақтаға назар аударайық. Өлең "Қалсын апам қуанып" Бір оқушыға бір шумағын оқытып талдату Екінші оқушыға екінші шумағын оқытып талдату Сабақты қорыту: - Бүгінгі біздің лексикалық тақырыбымыз "Мен ата- анама көмектесемін". Отбасы шағын мемлекет дедік. Осы мемлекетте береке бірлік, ынтымақ болу үшін б ір -б ір імізд і с ы й л ап ат а-анамы з ғ а к ө мек т ес іп ж ү р уіміз к ер ек . С енд ер ат а-анал ар ы ңа көмектесесіңдер ме? Мен үйдегі ата-анамызды күнге теңеп отырмын. Соны осы күннің айналасына жазып шығайық. Сонда күніміз бізге шуағын шашып, нұрын төгеді. Бұл деген ата-ана мен бала арасында, яғни отбасында береке-бірлік, ынтымақ болады деген сөз. (Балалар күннің айналасына ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жазады). Үйге тапсырма: Көркем әдебиеттен ыңғайластың түрлеріне 5 мысал жазып келу. Бағалау: Әр оқушыны сабаққа қатысу деңгейіне қарай бағалау.