EURASIAN EDUCATION №8-9 2015 | Page 77

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ОРТА МЕКТЕПТІҢ 8 СЫНЫБЫНА АРНАЛҒАН САБАҚ ЖОСПАРЫ
Ïåäàãîãèêà
¹ 8-9( 8) 2015
Берілген әдістемелік жұмыс орта мектептің 8 сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінен жүргізілетін сабақтың үлгісі ретінде берілген. Сабақ жоспары орта мектеп ұстаздары мен педагогикалық оқу орындары студенттерінің назарына ұсынылған.
Данная работа представляет собой разработку урока по казахскому языку для 8 класса средней школы. Урок будет интересен не только практикующим учителям, но и студентам педагогических вузов.
This work represents itself the lesson plan of the Kazakh language for 8th grade pupils of secondary school. The lesson will be interested not only for practicing teaches, but for students of pedagogical universities as well.
СУЮНДИКОВА АЙНУР СУЮНДИКОВНА
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының № 7 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ОРТА МЕКТЕПТІҢ 8 СЫНЫБЫНА АРНАЛҒАН САБАҚ ЖОСПАРЫ

Біз " Өмір бойына жететін білім алу " моделінен " өмір бойы білім алып өту " моделіне көшуге тиіспіз.
Н. Ә. Назарбаев
Бүгінгі білім мен тәрбие технологиясында " жеке тұлға " тәрбиелейтін мұғалімнің, өзіндік жеке тұлға ретінде шығармашылығының орны ерекше. Инновациялық технологияларды пайдалану- бүгінде сапалы білім берудің негізгі шарттарының бірі. Ал осы басты міндетті атқаруда әрбір ұстаздың бойында мынадай проблема бірден қалыптасады: оқушылардың танымдық қабілеттерін, оқу процесінде жүретін( есту, көру және т. б.) негізгі әрекеттерін дамыту бүгінде заман сұранысына сай қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің аздығы. Осы проблеманы шешу үшін тиімді жолдарды қарастыру қажет. Қазіргі қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің бірі- оқушыларды топқа бөліп оқыту әдісі. Бұл әдістің пайдасы өте көп. Топқа бөлу, оқушыларды бірлесе отырып өзара іс-әрекет арқылы оқуға, бір-бірін тыңдауға, сыйластыққа, бір-біріне көмек жасауға үйретеді және сыныпта өз өзімен отыратын оқушылардың да қызығушылығын оятады.
Топқа бөліп оқытудың басты м ақсаты- оқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Әсіресе табиғатынан тұйық, өз ойын жеткізе алмайтын, өздеріне сенімсіздеу оқушыларға пайдасы зор. Ал мұғалімнің міндеті- оқушының неғұрлым белсенділік танытуына жағдай жасау, қажет кезде жол көрсету болып табылады. Мұнда мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс істеуі үлкен рөл атқарады. Өз сабақтарым интерактивті әдісті сабақ барысында диалог тәсілі көмегімен және топқа бөлу жұмысына негізделген. Нәтижесі жинақталған білімін сыртта пайдалана алады. Интерактивті әдістің ерекшелігі- оқушыға жаттанды білім беру емес, керсінше әр оқушының танымдылық қабілеттерін және танымдық үдерістерді, яғни қойылған сұраққа бірнеше нұсқалы жауап беру, ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілеттерін, сөздік қорын белсенді түрде дамыту болып табылады. Қолданып жатқан әдістің нәтижесінде оқу процесінің барысында оқушылар мыналармен қарым-қатынасқа түседі: 1. Мұғаліммен( оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде); 2. Оқушылармен( жұптасып жұмыс істеу барысында) 4. Шағын топтармен( 3-4 оқушымен); 5. Оқушылардың үлкен тобымен( көбіне пікірталас / дебат сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында); 6. Техника түрлерімен( мысалға, компьютермен, интерактивті тақтада жұмыс істеуде).
Осы әдіс-тәсілдің дәлелі ретінде төмендегі сабақ жоспарын ұсынамын.
Сабақтың тақырыбы: Мен анама көмектесемін. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді айыра білуге, олармен лексикалық тақырып аясында сөйлемдер кұра білуге үйрету.
Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу, сауатты жазу, ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Еңбек етуге, ата-аналарын сыйлап, оларға көмектесуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы. Сабақтың әдісі: түсіндіру, топтық жұмыс, қайталау, сұрақ-жауап, іздендіру. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызба кестелер, асықтар Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу 2. Кезекшімен сұхбат 3. Оқушылармен сұрақ-жауап.- Ал, енді балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше сабақ, топпен жұмыс жүргіземіз. Оқушыларды екі топқа бөлу. Әр топ өз топ басшысын, яғни спикер сайлайды. Топ басшылары өз топтарымен ақылдасып, топ аттарын айтады 1-ші топ: Алғырлар 2-ші топ: Білімділер Үй тапсырмасын тексеру:- Ал, енді үйге не берілді?- Үйге " Ата- анаға көмектес " тақырыбы бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындау. 1 деңгей: Сөздердің антонимін Сөздердің синонимін табыңдар: табыңдар: Шағын- міндет- қиын- үнемі- еңбекқор- қолғабыс- соңғы- еңбектену- кейде- кәсіп- 2 деңгей: Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңдар. жекеменшік үйде, қатты бағалау, айналаң, қиын жұмыс, жалықпай еңбек ету, рақатына батасың 3 деңгей: " Мен ата- анама қалай көмектесемін?" тақырыбы бойынша шағын әңгіме құрау.
75