¹ 8-9( 8) 2015
МУКУШЕВА ГУЛЬНАР МУХТАРОВНА
ОМАРОВА ЖУМАБИКЕ КАБДУЛЛАЕВНА
Мақала өскелең ұрпаққа адамгершілік тәлімтәрбие беру мәселесіне арналған. Мақалада адамгершілік тәрбие берудегі негізгі мәселелер мен тәрбие үрдісін заман талабына сай жетілдірудің жолдары қарастырылған.
Статья посвящена вопросу нравственного воспитания подрастающего поколения. В статье выражены основные вопросы и пути совершенствования нравственного воспитания на современном этапе.
The article deals with necessity improving of moral education in children and teenagers. The article is given the main problems and ways to realize perfection of moral education.
" Экономикалық лицей " КММ қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдері, Семей қаласы
БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігіне баса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық, адамдық, Отанын сүйе білу сияқты гуманды сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап өтті. Осы тұрғыда білім беруге үлкен өзгерістер енгізіліп, қазіргі уақыттағы жаһандандыру жағдайында ғылым, ақпараттық- техникалық, мәдени даму жолында тәрбиеге ерекше көңіл бөлу бүгінгі алға қойылған мақсаттардың бастысы болып табылады. Болашақ ұрпақ тәрбиесі, қоғамға қажетті, адам атына лайықты азаматтарды тәрбиелеу- күрделі, еңбек пен шыдамды, ізденіс пен төзімді қажет ететін, жауапкершілігі мол үрдіс. Сондықтан кез келген білім мен тәрбие беру мекемесінің алдында жауапты, маңызды міндеттер тұр. Қазіргі таңда осындай маңызды мәселелерді шешу үшін тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіру шарт. Осыған орай өз тәжірибемізде қолданатын әдіс- тәсілдердің бірін ұсынып отырмыз. Қайырымдылық( мәңгілік сұрақтар) Тренингтің мақсаттары:- Материалдық және рухани құндылықтар ұғымының мағынасын, олардың әр адамның өміріндегі алар орнын анықтау;- Осы сабақ арқылы жеке тұлғаны дамыту;- Қазақ тілін үйрету, сөздік қорын байыту;- өз ойын еркін жеткізуге, нақтылы дәлелдерді табуға, өзінің әлеуметтік тәжірибесін шебер қолдана білуге дағдыландыру. І жаттығу Берілген құндылықтардың тізіміне назар аударып, өзіңіздің өмір ұстанымыңызға сай келетінінен бастап белгілеп шығыңыз. Сіз үшін ең маңызды болып табылатын құндылықты " 1 ", ал маңызы азырақ деп шешкеніңізді " 18 " санымен белгілеңіз. Құндылықтар тізімі- Ауқаттылық, жақсы тұрмыс- Теңдік( барлығына тепе-тең мүмкіндіктер берілуі)- Қызықты өмір( белсенді, жарқын)- Бостандық( еркін таңдау, тәуелсіздік)
- Мемлекеттің қауіпсіздігі- Ішкі сәйкестілік( ішкі күйзелістерден, уайымдардан ада болу)- Өзін-өзі басқару( өз-өзіне сенімді болу)- Қоғамға қажеттілік( қоғамдық ортада алар орны, өзге адамдардың таңданысы, құрметі)- Нағыз достық- Даналық( адамдар мен өмірді түсіне білу)- Әлемдегі бейбітшілік- Дарын- Махаббат( жыныстық, рухани жақындық)- Денсаулық- Жанның азаттығы( күнәлардан арылу, мәңгілік өмір)- Рақаттану- Мансап Талқылауға ұсынылатын сұрақ:- Сіздің ойыңызша, құндылықтарға берілетін бағалауларыңыз өміріңіздің соңына дейін өзгеріссіз қала ма?
Шындығында, қай құндылықтың маңыздырақ екенін анықтау өте қиын. Әр адамның өзі маңызды деп танитын, өзіндік құндылықтары бар, сондықтан бүгін де әр түрлі көзқарастардың куәгері болдық. Біздің бүгінгі тренингімізді тақырыбына " Қайырымдылық " тақырыбын таңдап алуымыздың себебі не деп ойлайсыздар? Алдарыңызда жатқан парақтарға өз жауаптарыңызды түсіре аласыздар.
/ әр топ өз жауаптарын қағаз бетіне түсіреді, оны негіздейді /
Сонымен, сіздердің жауаптарыңыздың ортақ қорытындысы бойынша, " Қайырымдылық " мәңгілік тақырып болып табылады. Қайырымдылық біреуге көмек көрсетеді, өмір ауыртпалықтарын жеңілдетеді, қайырымдылық жасағана адам рухани өсіп, мейірімге бөленеді. ІІ жаттығу. Ендігі орындалатын тапсырма мынандай- келесі түсініктерге анықтама беріңіздер:- Қамқорлық-...- Рақымдылық-...- Қолдаушылық-...- Аяушылық-...- Жанашырлық-...- Қайырымдылық-... Осы сөздермен қатар қандай ассоциациялар қолданылады?
55