EURASIAN EDUCATION №8-9 2015 | Page 58

¹8-9 (8) 2015 Назар аударсаңыздар, бұл тақырыпты талқылау барысында есепсіз көп сөздерді келтіре беруге болады. Оқушылар оларды өз сөздіктеріне жазып алып, сөйлеу барысында қолданылады. Жұмыстың келесі кезеңі - оқушылардың микрожобалары. Оқушылар айналадағы қоршаған ортаны қажет ететін объектіні анықтайды, келесі сабақта оған көмек көрсету тәсілдерін қарастырамыз да талқылаймыз. Осындай жобалардың бірі - 102-топ оқушылары ұсынған "Жылы қыс" акциясы. Жобаның мақсаты - әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету. Бұл жобаны жүзеге асыруға әрбір лицей оқушысы ынта Ïåäàãîãèêà білдіріп, белсенділі к танытты. Жобаның нәтижесінде қала сыртындағы орта мектептің әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларын қысқы жылы киіммен қамтамасыз еттік. Адамгершілік - адам бойындағы игі қасиеттердің топтамасы. Мектеп жасындағы баланы бауырмалдық пен жанашырлыққа, қамқорлық пен қайырымдылыққа баулу арқылы біз өз болашағымыздың, еліміздің ертеңінің сенімді, жарқын боларына кепілдік бере аламыз. Ортақ адамгершілік құндылықтарды негізге ала отырып оқыту - рухани бай, дені сау, мақсаты айқын ұрпақты тәрбиелеудің негізі. ӘДЕБИЕТТЕР. 1. Архангельский Н.В. Нравственное воспитание, М.: Просвешение, 1979. 2. Воспитание личности школьника в нравственной деятельности /методические рекомендация/ Омск: ОГПИ 1991. 3. "Воспитание школьника" №5, 2005 / Малыбаева С.С. Особенности методов осмысления детьми своего социального опыта, мотивации деятельности и поведения/. 4. Мудрик А.В. Время поисков и решений, или старшеклассникам о них самих. М: Просвещение, 1990. 5. Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы, Атамұра, 1999 ж. 56