EURASIAN EDUCATION №8-9 2015 | Page 53

Ïåäàãîãèêà
- бесік жыры . " Баланы қолына алған , баланың бесігі жанына келген ана үндемей отырмасын жырлай берсін . Бала сөзін ұқпаса да , күйінен әсерленеді . Жас балаға қазақтың " Әлди-әлди ақ бөпем " деп басталатын бесік жырын жырлау керек . Бұл жырдың күйі де , әні де тәтті ", - дейді М . Жұмабаев " Педагогика " деген еңбегінде .
Үйде қоңыр домбыраның орнына , телевизор , магнитофон , т . б . техникалық музыка аспаптары сайрап тұрған , әлди-әлдидің орнына " баю-баюшкиге " құлағы үйренген балаларды да күйге үйретіп келеміз . Кейде бұларды асфальттың балалары деп те ұстаздардың атауына қарағанда қаланың қасаң тәртібіне түскен болашақ домбырашылар екенін білеміз . Бұл тұста - атаананы болмаса шәкіртті , қоғамды , адамды кінәлаудан аулақпыз . Өмір ағысымен , тынысымен тіршілік қылып домбыра өнерін оған қай бағытта , қандай деңгейде болса да , үйренуді ниет қылған шәкірттің бәріне оның бастауын ашуға тиіспіз . Жол ашар қабілеттің бірі есту арнайы жолға қойылады . Домбыраға тікелей бет бұруы мамандықтан басталады . Есту қабілеті дыбыс объектісін толық білмейінше , көзіне елестетпейінше беріле бермейтін қасиет . Дала баласының көргені , сезгені мен қала баласының танымтүйсігінде айырмашылық бар . Адам даусын , домбыраны естігенмен фортепиано дыбысын ажырата алмайтындар , болмаса керісінше жағдайлар көп . Есту қабілетінің түрлері көп . Ал музыкалық есту дегеніміз құрамдас бөлімі өте күрделі ұғым . Мысалы , ең маңыздысы дыбыс биіктігін , мөлшерлік , есту ( жоғары , төмен ) ладтық , әуездік ( жарқын , мұңды ), оның ішінде , мақамды әуендік , көп дыбыстық , тембрлік және динамикалық есту ( көптеген қалыптасқан сөздерді аудармауға тырыстық ). Мұның қай-қайсы да музыка маманына өте қажетті маңызы бар . Кейде Абсолюттік есту қабілеті бола ырғағы , есте сақтауы сәйкеспейтін кездер де жиі кездеседі . Сонда да мұны музыканттық дарындылығын көрсетеді деп есептейміз - ол сирек болса да бар . Бірақ музыка мамандары арасында қалыптасқан ұғым бойынша бұл жай ғана мәдениет . Олар кейде жақсы естуі арқылы шығарманың дыбыстық қана құрамасын береді . Нағыз дыбыстық құбылыс олардан алыс нүкте-нүктемен жатады . Себебі дыбыс құдіреті жай ғана бір-бірінен кейін келетін дыбыс қатарлары емес , ол алыс аралықтарындағы тартылу заңдылықтары , олардың бір-біріне жымдасуы ең басты тіршілік осында . Сонда ғана ол ноталар тіріледі . Осылайша оқушыда абсолюттік есте болуы міндетті емес деп тұжырымдаймыз .
Есту қабілетінің біз үшін тиімдісі - салыстырмалы есту . Салыстырмалы есту қабілеті бар адам - жоғарыда айтқан дыбыстың түрлерін , заңдылықтарын ажыратудың ең бір тиімді жолы . Салыстырмалы естумен теңдес , бірінші , екінші деп бөлуге болмайтын қабілет іштей есту . Бұл өте-мөте музыка маманына қажетті қасиет . Іштей естудіңмаңызды екі жағы : 1 ) есте музыкалық елестердің , бейнелердің сақталуы үшін музыканы дәл қабылдаудың мәні зор ( ол жеке орындаушы ма , ансамбль ме бәрі бір ). Ішкі есту қаншалықты болса , соншалықты музыкалық дыбыстың биіктік , бояулық , әуездік барлық бүге-шүгесі анық қабылданады :
2 ) орындаушының өз орындауын анық сезінуі . Бұл - нағыз дамылсыз , ыждағаттылық , тұрақтылықпен тәрбиелеуді керек ететін қасиет . Әр уақыт шәкірттерімізге өзіңді тыңдамайсың деп реніш білдіріп жатамыз - мұның себебі - 1-ші іштей сезінбеуден , екінші естімеуден , беталды ойсыз орындаудан ;
3 ) үйретуші әр уақытта мына жерін былай орында , ал мына қағысты , дыбысты алу жолы осылай деп көрсетулерін , сөйлемді анық ойна , мына тұстан аяқта т . с . с . сияқты деген бұйрық райларды көбейткенше бірден өзін естуге , дыбыс тазалығын , мазмұнды бояуын , қағыстың ерекшеліктерін естуге баулыған дұрыс . Дәл
¹ 8-9 ( 8 ) 2015
анық қабылдау , елестетудің санадан тыс , еріксіз жұмысын үдетеді . Сондықтан әрбір музыкамен айналысқан адамға іштей сезіну , есту , құйма-құлақтық керек . Бұл қабілеттің де бес негізі бар :
- бір кезде естіген , бір орындаушының орындауындағы музыканы дәл еске түсіру , немесе есінде қалған бейнеден елес алу .
- өзінің соңғы ойнаған шығармаларын есіне түсіру . Бұл алға қарай жетілуге өзіндік сын , талдау болып есептелінеді .
- бұрын таныс емес шығарманың нота текстісін ойша оқудың негізінде дыбыстың болжамының қалыптасуы . Бұл өте күрдел , оңайлықпен келмейтін қабілет .
- дәл орындаушылық жүйенің қалыптасуы , шығарманың бір бөлігіне , буынына , композитор ойына шәкіртпен ұстаздың ойы қосылуы .
- орындау кезінде музыканың жандануы кейіптік нанымдылық , таңқалдыру . Бірақ та берілген шығарманы орындап жеткізу үшін тек қана есту , мінез қазбалығы аздық етеді . Өте жақсы естуді қамтамасыз ететін шеберлік жетістігі болу керек . Сонымен қатар есту елесі өз қатарына шеберлік қажеттіліктерді шоғырландыруы керек . Ол пернелерді саусақпен басу реті , қимылдар , қағыстар , оң қолда қай саусақпен қағу , қозғалыста қолдың қай буыны басты маңызда болады , перне аралық қашықтықты мөлшерлеу , оған тірек нүктелері тағы сол сияқтылар . Есту елесінің мұндай таңқалдыратын құрамды жұмысын музыка мамандары ойлы , ұңғыт , сезімтал , тапқыр , қағілез , ақылды тағы басқа да қасиеттермен мөлшерлейді . Егер саусақтары есепсіз жүрсе , ол орындаушыда есту қабілеті , оған керекті құрамды бөліктер қалыптаспаған деген сөз .
" Әнді айта алмаған абалаған , домбыраны тарта алмаған сабалаған " деген халық сөзі осыдан қалған . Күй құдіреті Құрманғазының өзі де : " Динаның сол қолын , менің оң қолымды бір адамға берсе " деген түйінінде терең ғылым жатыр емес пе ? Бүкіл әлемдік өнер тұлғалары Бетховенді тыңдасақ : Ақылда естуден сес болмаса , саусақ дәрменсіз , ал Гофман : " Орындаушының саусақтары жайылып жүрсе , жетелеуге болмаса , еруге көнбесе ойдың піспегендігі , есту елесінен аулақ екендігін байқау қиын емес " - деген екен . Орындау кезінде таңқалдыратын елес , қимылдар дыбыстармен шынында кіріге , тығыз бірлікте жүрсе - онда есту арқылы музыкалық орындаушылық мәселесінің шешілгендігі . Әрине , біздің бұл жинағанымызда айтпағымыз алғашқы кезеңдегі есту қабілетін тексеру , байқау , оны жетілдіру , жалпы жұмыс реті қақында болғандықтан тереңдеп бармай қысқаша жоғарыдағы есту қабілеттері жөнінде мәліметтермен тоқтауға тура келеді . Есту қабілеті шамамен мына түрде тексеріледі : - білетін әндерін айтқызу ; - қолда бар аспаппен әр түрлі деңгейдегі дыбыстарды анықтау ; - кейбіреулері аспап дауысын бірінші естігендіктен , ажырата алмай қалады . Үйреншікті дыбыс бояуымен байқау ( Адам дауысы , аспап );
- көп дыбыстың санын анықтау естісе бәрін , естіп алмаса , мүмкіндігінше біреуін анықтау ; - дыбыстың жоғары-төмен қозғалысын анықтату ; - мақамдық бояуды анықтау ( көңілді , көңілсіз ); - белгілі бір үзіндігінің , шығарманың орындалуын естуі тағы с . с ; - дыбыс күшілік бояуды естіп мөлшерлеуі . Алғашқы кезеңдегі есту қабілетіне берілетін бағыт бұрау тазалығына құлақ үйрету және перне басылу тазалығын үйрету . Саусақтарды пернеге қай тұстан , қалай қойғанда таза дыбыс алынады .
Бұл мерзімде орындаушылық кезіндегі дыбысты есту табиғаты қақында айтуға ерте , ұстаз орындап бергеннің өзінде түсіне қоюы қиын , бейнелеп елестете алмайды , бірақ та дыбыстың бояуын , әуездік әрін есітуге үйрету
51