¹ 8-9 ( 8 ) 2015
айқындалғаннан кейін ғана рұқсат етіледі .
Оқушының концерт қоятын күні шаршамағаны жөн . Сондай-ақ , сахнаға шығар алдында оған көп ескертулер жасап , абыржытпау керек . Ондай ескертпелер , әдетте шығарманы өз дәрежесінде орындап шығуға көмектеспеуі былай тұрсын , керісінше кері әсер етуі мүмкін . Жас музыканттың бойында сахнада ойнауға жеткілікті түрде даярмын деген өзіне-өзі сенімділікті тәрбиелеу - мұғалімнің басты міндетінің бірі .
Шәкірттің көпшілік алдына шығып , өнер көрсетуі тек өзінің орындаушылық , шеберлігін арттыру емес , сонымен бірге композиторларды және олардың шығармаларын насихаттау екенін де есте ұстауы қажет . Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай орындауда көрінетін қасиеті . Бір сөзбен айтқанда , қабілет дегеніміз - ұғымталдық , зеректік , алғырлық , қағілездік , сезімталдық , байыптылық , табандылық , адалдық , еңбекқорлық және т . б . қасиеттердің белгілі деңгейде жетілген жиынтығы . Қабілеттің дамуының табиғи негізін құрайтын бар қабілет жиынтығы дарыған оқушыны - дарынды , талант дейміз . Нышандардың жинағын дарындылық деп атайды . Бұл туа бітетін қасиет . Кейбір балалар оқуға түспей тұрып та қабілеттіліктерін танытады . Тек қана дарындылық жалғыз өзі уақытта дами алады . Қабілеттілік - шеберлікті тез игеруге алғышарт болса , шеберлік жолындағы еңбек талантының ұшталуына , жетілуіне , іске асуына көмектеседі . " Еңбек бәріне жеңбек " деген халық мәтелі әр уақыт асқан талантты деген домбырашының жадында болғаны дұрыс . П . И . Чайковский айтқан екен " Адам неғұрлым талантты болса , соғұрлым еңбекқор болуы керек ", - деп . Шеберлік дегеніміз білімнің еңбек арқылы іске асуы , өнердің қорытындысы . Болмаса естуі өткір адам музыкант болады деу өте қате пікір . Адамға белгілі бір қызметті көңілдегідей атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысуын талант деп атаймыз . Музыка маманына керекті есту , есте сақтау , ырғақ қабілеттері бәріне жеткілікті дәрежеде болмайды . Осы үш қабілеттің ішінде ішкі сезімталдық естуі басым болса құба-құп . Барлық қасиетті де дамытуға болады , өте жақсы деген деңгейге де жетеді . Бірақ табиғаттан қанға беріліп , ана сүтімен дарығанға не жетсін .
Музыкалық талант - музыкалық қабілеттердің ең биік шыңы . Ол - әсер , ес , ақыл , сезім , есту , ырғақ , есте сақтау . Жан танымдық зерттеулерге көңіл бөлсек , қабілеттер дегеннің өзі сыртқы әсерді қабылдап , оның жанда көрініс табуы . Бұл ми мен ( нейрондар ) жүйке тамырлары , талшықтары арқылы іске асады екен .
Осы қабілеттердің жұмысын данышпан Абай үш топқа бөледі . Ақыл , сезім және қайрат . Осы үш топ арқылы сыртқы ортадан болған құбылысты әсер деп атайды . Бар адам баласы әсерлене алады , әсіресе құлақ нейрондары арқылы болатын , оның ішінде , дауыс , дыбыс әсері ең керекті құбылыс . Әсерленудің жұғымды , жұғымсыз болуы әсерленудің қажыбы ( тоны ) деп аталады . Естуге байланысты жағымды дыбысты ( консенанс ), жағымсыз дыбысты ( диссонанс ) білеміз .
М . Жұмабаев " Педагогогика еңбегінде " нейрондардың әсерді миға апарып жеткізуін , орналастыруын локолизация деп атайды . Әсерленуді туғызған себепті перцепция деп атаған . Яғни музыкалық қабілеті жоғары адамдардың құлақ нейрондары музыкаға дыбыс арқылы локолизацияланады . Бұл әсердің музыкалық дыбыстан болғандығын анықтаймыз . Мұны перцепция деп атаған . Ал мұны бұрынғы болған тәжірибелермен толықтыру Апперцепция болып табылады екен . Сыртқы сезім әсерленулерінің алты түрі бар : Көру , есту , сипау , тату , иіскеу , ет сезімі . Осының бәрі түгел болғанда адам есі түгел болады : 1 ) Есту , 2 ) Көру сезімдері ең керекті сезімдер . Әрине мұнан басқасы керегі жоқ деген ұғым тумайды . Сипау , ет сезімдері музыка мамандары үшін қалыс қалмайтын сезімдердің бірі . Адам ән салса
Ïåäàãîãèêà
тамағымен ( тіл ), аспапта орындаушылардың барлығы үрмелі аспаптарда қол , ерін , көкірек демі , ал домбырашылар екі қол дейміз , алайда барлық дене мүшелерінің бірлікті қозғалысы арқылы жеткізетініміз кімкімге болса да белгілі . Бірақ музыка маманы үшін есту мен көрудің өте жоғары болғаны дұрыс .
Музыкалық оқу орындарына қабылдау емтихандарында жалпы музыкаға бет бұрған адамзат баласы бойынан негізгі үш қасиет іздейміз . Жоғарыда айтып өткеніміздей , ол есту , есте сақтау және ырғақ . Бірақ бұл үшін қасиеттің бір баста түгел кездеспейтіндігі өте жиі кездеседі . Ең бірінші кезекте - Есту қасиеті . Есту қасиеті де негізінен табиғатынан берілген құба-құп . Бала жасынан есту қабілетін жолға қойса , нені көріп , нені есітіп өседі осы тұрғыда сезінуде дайындалады . Қазіргі заманда барша жұртшылық баласын домбыраға үйір ғып өсірмейтіні қақ . Есту арқылы жан сезіміне нерв талшықтары арқылы мида ( перцепция ) толқу болып , ес , ақыл арқылы шығарма мазмұнына керекті дыбыс бояуын беру үшін қимыл жасаймыз . Апперцепция құбылысы осы жерде туындайды . Бір мысал - біздің күйлерімізде табиғат , адам өмірі , жан-жануарлар бар тіршілік суреттелген дейік . Ауыл өмірінен бейхабар қала баласы сабақта отыр .
" Бозшолақ ", " Көкшолақ ", " Нар идірген " тәрізді күйлерді білмегені былай тұрсын , елестете алмайды . Үстінде үйдің тұр еді мысық , Қасына келді бір торғай ұшып , - әнін үйретіп бастайық . Күнделікті бәрімізде мысық та бар екенін ойласақ , бұл тұста да апперцепция қасиеті болмай қалады . Себебі бес онан да көп қабатты үйлерде тұратын бала бұл жағдаймен таныс емес . Әннің сөзін жаттатқызып , әуенін үйреткенмен әсерленуі , туғызған перцепция толқуы жалған , табиғи жолмен іске аспайды , қиындықпен алады . Қошақан , лақ , бота , құлын туралы әндер , күйлердің үзінділері түсініксіз . Баяғы ботаның көзіне ғашық боп , лақпен бірге құдықтың дересін тапаған , қозымен бірге ойнаған , құлынмен бірге жарысқан баланы таппақ түгілі , колледжге түсуге келгендердің өзіне ұлт өмірінің осындай ғажайып тұстары тарих болып тұр . Тіпті кейбір ұстаздарының өзіне де бұл кино арқылы таныс болуы мүмкін . Осындай өліара шақта оқу құралдарынан басқа , көгілдір экран , радио , ақпарат құралдарының дұрыс жолға қойылуы да басты мәселе екені туындайды . Сонда да суретін көрсетіп , салғызып айтып беріп , орындап , тыңдатқызып апперцепция жоқ болса да , қиялымен елестете , ести алмаса да , перцепцияны қолдан жасағанның өзінде домбырашылар қауымын дайындауда көп болғанмен нағыз ауылдың иісі аңқыған қазақи , табиғи күйшілер бар . Ауылдан , қаланың және керісінше кіндігі ажырамауы күйші үшін маңызды оқиға . Өркениетті мәдениетті білу , жан-жақты білім алу басты шарт , бірақ жапырақ жайған еменнің тамыры әрі тереңдей беруі ұлт өнері үшін өте керек . Бастапқы баспалдақта балалар әсерінің перцепция , аперцепция құбылыстары әлсіз боп келеді . Өсе келе жаттығады . Сондықтан есту , көру сезімдері жақсы жолға қойылғаны абзал . Күйші алдында жағын таянып жатып күй тыңдаған баланың , кейін домбырашы болғанда табиғи күйші атына ие болып , құйма-құйма әдісіне жақын тұратыны да осыдан болса керек . Мылқаудан соқыр болса да құлағы еститін адамның сезімдері , әсерленуі өте жоғары , сондықтан да ең бірінші кезекте есту қабілеті тұрады .
Әр түрлі дыбыстарды адам , жан-жануар т . б . бәрі естиді . Есту қабілетін тәрбиелеуге болады , дей тұрғанмен кейде музыкалық дыбысты естіп айтқанмен , табиғатындағы бояуын , негізін , қасиетін ажырата алмайды . " Баланың есту сезімін ілгерілету үшін бесік жастан балаға музыка құралдарының үнін естірте беру керек . Домбыраға түрлі күй тартып отырсаң , алдында отырған бала тырп етпей , шын ынтасымен тыңдап отырмай ма ? Баланың есту сезіміне аса көп әсер беретін
50