Ïåäàãîãèêà
балалар арасындағы қарым-қатынастың керемет құралы .
Қазіргі кезде музыкалық білім жүйесімен күй үйретудің ( топтық ) ансамбльмен жұмыс істеудің біршама тәжірибесі жиналды . Ендігі жерде бірнеше жылғы ұстазды қызметті ғылыми тұрғыда талдап , бір қорытындыға келіп , алдағы бағыт бағдарламаны анықтап ашу керек . Бұл - өмірдің талабы . Халық педагогикасында қазір көп көңіл бөліп жатқан кезде ансамбльмен ( оркестрмен ) жұмыс істеудің әдістерін жан жақты қолданудың жүйесін жасау керек . Музыкалық білім сауаты арқылы топтық жұмыс ( оркестр , ансамбль ) жасау - ең күрделі қиындығы мол жұмыс . Бұл салада , көп жылғы тәжірибе қалыптасты , біршама табыстарға қол жетті . Болашақ өнер иелерінің рухани тәрбиесі - кәсіби өнер мен халықтық мектептің тығыз байланысы , осы өнерді көздің қарашығындай сақтап , аспаптық өнерді жан жақты дамыту , орындаушылық және ұстаздық шеберліктерінің қарқынды дамуымен , музыка мамандары қызметінің ұлағаттылығымен жіпті бағыты арқылы атқарылатын абыройлы іс . Бұл пәннің негізгі мазмұнына - оқушыға аспаты үйрету уақыттарындағы әдіс амалдарының іске асыруына қажет білімнің қыр сырлары енген . Оқушылардың өз бетімен ойнау қабілетінің аспапта ойнап үйретудің үлгілерін , әдістерін жете білуге үйретеді .
Қазақта аспаптық өнердің сан ғасырлық даму тарихы бар . Өнерді көріп , әдісін тауып баптайтын шынайы бапкер болғанда ғана шеберліктің шыңына көтерілуге болады . Музыкалық көркем шығармалардың мәнін терең түсінбей музыкант тәрбиелеу мүмкін емес . Мұндай қабілет оқушының көптеген шығармаларды жан жақты талдау нәтижесінде шығарманың тәрбиелік мәнін ашуы үшін қолданған әдістерге байланысты . Аспаптың техникалық көркемдік мүмкіншілігін білу , оны шығарма мазмұнын ашу үшін пайдалану , болашақ кәсіпқой музыканттың шығармашылық жұмысының нәтижелі болуын қамтамасыз етеді . Бастапқы оқытудың ең қиын күрделі жағы - орындаушылық дағдыларын меңгеру . Оқу бағдарламаларын құру . Орындау әдістерімен шығарманың мазмұндық мағынасын аша отырып , музыканы мәнерлеп орындаудың әр түрлі тәсілдерін үйрету . Аспапта орындаудың әдіс амалдары арқылы көркем образдың сырын ашу . Дәріс беруші ұстаз - шәкіртті жай теориялық білімнің аясында емес , шешуші бағытпен қарай алатын жолға қою керек . Оқушының музыкалық әлемге бағыттауда , музыка өнерінің көркемдік жақтарын , мектебін , жанрын , композитордың стильдік ерекшелігін , оны жеткізудегі фталық өрнегін ұқыптылықпен , тапқырлықпен түсіндіре білуге көмектесуі керек . Ансамбль жетекшісіне оқушылардың аспаптарда ойнау шеберліктерімен қабілеттерінің шыңдалуына , музыкалық эстетикалық талғамдарының өсуіне ықпал жасауын міндетеуімен қатар , өзінің практика жүзінде жинақталған тәжірибесін қолдана отырып , оқушыларға шығарманың көркемдік , техникалық сапасын дамытып , қажетті деңгейде көрсете алу жолында көп қызмет жасауын , ең негізгі талаптардың бірі деп санайды . Ансамбль жетекшісі оқыту барысында оқушылардың төмендегідей білім , білік , іскерлік дағдыларын дамытуға тиіс : Әрбір оқушы өз партиясын дирижердың талабына және ойналатын шығарманынң мазмұнына сәйкес орындауы қажет ; Нотаны бірден оқу дағдысын дамыту ; Ансамбльдегі жеке топтағы партияларды , шығарманың тақырыбын , сүйемел үрдісі мен бағыныңқы ( қосалқы ) дауыстарды дұрыс таңдап , айырып , анықтай білу керек ; Хорды , әнді , жек аспаптарды , биді сүйемелдеу ; Ойнап жүрген шығармалардың шығу тарихын , авторын , мазмұн идеясы жайлы ойларын қортып , айта білу .
¹ 8-9 ( 8 ) 2015
Ансамбль жетекшісі әрбір жаңа шығарманы ансамбль репертуарына еңгізбес бұрын , оның партитурасын алдын-ала мұқият талдап , жеке танысып шығу керек .
Ансамбльдің дайындығы жоспарлы түрде өтуі тиіс . Ол үшін жетекші әр сабаққа айқын жоспармен келеді . Алғашқы әзірлікте әр топпен жеке дайындық өткізіп , партияларын таза ойнауына , саусақ аппликатурасына , штрихтарға жеке көңіл бөлу керек . Егер топпен өтілген жұмыс кезінде әрбір орындаушы өз партиясын қатесіз , тыңғылықты орындаға болса , жалпы ансамбль дайындығы табысты өтері сөзсіз .
Музыкалық шығармаларды үйретудің бірнеше жолдары бар . Оны түрлі сатыға бөлуге болады . Шығарманы алғаш үйреткенде , оқушыға басынан аяғына дейін бір орындап шығу қажет , Мұның үлкен мәні бар . Алғашқы ойын арқылы оқушыға шығарманың жалпы мінезі , көркемдік суреті айта қаларлықтай әсер етеді . Оқушы жаңа шығарманы басынан аяғына дейін ойнап , танысқаннан кейін , мұғалім шығарманы оған өте жай ойнатып талдауға кіріседі . Шығарманың қиын жерлеріне көбірек тоқталып , оқушыға оның игеру жолдарын түсіріп , музыкалық құрылысы , ырғағы , мелодиялық ерекшелігі жайлы әңгімелеп таныстырады . Әрине , осы тұрғыдан үйретумен бірге тәлімгер оқушыдан , ең алдымен , шығарманың ноталарын өте дұрыс үйреніп , оған аса ұқыптылықпен қарауды талап ету керек . Біз ноталарды дұрыс үйрену керек дегенде , шығарманың гармониялық фактурасын , динамикалық ерекшеліктерін , шығарманы алғашқы үйрену мерзімінен бастап-ақ түсініп ойнауға тырысу керек деген ұғымды айтып отырмыз . Сондықтан оқушының шығарманы дұрыс түсініп , ырғағы мен мелодиясын бұзбай ойнауын мейлінше қадағалау - үйретушінің жауапты міндеті . Шығарма үйренуде аппликатураны дұрыс пайдаланудың маңызын еш уақытта естен шығармау керек . Мұғалімнің міндеті - әр оқушының аппликатураны өзі қойып үйренуге жаттықтыру . Қандай шығарма болмасын , ұстаздың жәрдемінсіз-ақ оқушының өзіне ыңғайлы етіп аплликатураны қоя білуі - оның шығарманы дұрыс ойнауына , саусақтарының дұрыс орналасуына көп көмегін тигізеді . Музыкалық шығарманың мазмұнын , көркемдік дәрежесін түсіндіру - оның ішкі сырын көңіл күйі арқылы сезу , беріле орындау деген сөз . Шығарма мазмұны түсінікті болып , музыкалық образы оқушы санасына ой салғанда ғана , орындаушы шығарманы шын сүйсініп ойнайтын болады . Ондай шығармалар оқушының тек сүйікті шығармасы болуымен бірге , оның музыкалық орындаушылық шеберлігінің өсуіне , музыкалық сана-сезімнің жетіліп , дамуына зор мүмкіншілік туғызатыны айқын .
Профессионал-домбырашы даярлау міндеті - ұстаздың оған оқып жүрген кезде-ақ жанрда және стильде жазылған музыкалық шығармаларды беруді талап етеді .
Домбыра - қазақтың халық музыка аспабы . Қазақ халқы күйге бай болғандықтан , болашақ домбырашының репертуарында күй мол болу қажет . Ол күйді орындағанда бабына келтіріп тамылжыта , тебірене орындауға міндетті . Әрине , бұған қарап , домбырашы репертуарын тек күймен қана шектеп қоюға болады деген ұғым болмау керек . Мұғалім оқушысына күймен қоса , халықтың әндер мен билерін , домбыраға лайықтап түсірілген орыстың , Батыс Еуропа классиктерінің , тағы басқа халықтардың түрлі мінездегі музыкалық сипаттағы шығармаларын орындауға міндетті . Көп алдына шығып , жеке өнер көрсету , бір жағынан , оқушының орындау шеберлігіне сын болса , екінші жағынан , оның жауапкершілігін де арттырады . Баланың жеке даралық ерекшелігі де оның шығармашылық өмірінің осы бір жауапты кезеңінде айқындала түседі . Шәкірттің көп алдына шығып өнер көрсетуіне , концерттік шығармалар алдын-ала жатталып , оларды орындаудың әдіс-амалдары толық меңгеріліп , көркемдік мазмұны
49