EURASIAN EDUCATION №8-9 2015 | Page 50

¹ 8-9 ( 8 ) 2015
дыбыс шығару тәсілдері игеріледі . Ансамбльмен жұмыс жүргізудің негізгі түрлері мен әдіс тәсілдері арқылы оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамытып , оған деген құштарлығымен қызығушылығын арттырады . Автордың ойы мен дирижердың талаптарын орындауға үйрету . Сабақта нотаны өздігінен бірден оқып , ойнау дағдысын игеру . Дирижерлық схемамен және оның көптеген шартты белгілерімен танысады . 2 / 4,3 / 4,4 / 4 өлшеміндегі дирижердың қол қимылын түсініп репертуарды орындайды . Шығарманы бір уақытта бастап . Бір уақытта аяқтау дағдысын игереді . Шығарманың екпініне , сипатына , динамикалық және әендік иірімдеріне байланысты әдіс амалдарын меңгереді . Тыңдау арқылы әуенді , аккомпанементті басты естіп , қадағалау қабілетін жетілдіреді .
Ансамбльдік сыныпты ұйымдастыру , аспатық І-ІІ партияларға бөліп отырғызу ансамбль жетекшісінің ең бір көңіл аударарлық мәселесі . Бұл жұмыс алғашқыда оңай болып көрінгенімен , мұнда үлкен мән бар . Ансамбльге қатысушыларды аспаптық партиялар бойынша орналастырғанда олардың әр қайсысының физикалық және музыкалық мүмкіндіктерін ескеру қажет . Ансамбль жетекшісі жыл бойына мектептегі өтетін түрлі тақырыптағы әр түрлі сипаттағы шығармаларды дайындау қажет . Шамамен 4-5 қазақ халық ән-күйлері , 3-4 қазақ халық композиторларыны ән күйлері , 3-4 орыс , шетел композиторларының шығармалары және 2-3 қазіргі заман композиторларының шығармалары .
Алғашқы жылы ансамбль репертуарына іріктеп алынып ойналатын шығарманың бағдарламасы оқушыларды партитурадағы музыкалық фактураның барлық элементтерімен біртіндеп ретімен таныстыруды көздеп құрылады . Репертуарды 2-3 бөлімне тұратын шағын , жеңіл және тональдік белгілері аз , метрлік құрылысы мен ырғақтық бірлестіктері күрделі емес шығармалар таңдалынады . Алғашқы кезеңде , " до мажор " - " ля минор ", " ля мажор " - " фа минор ", " фа мажор " - " ре минор " тональдіктерінлегі шығармаларды , оған қоса аспапта ойнау техникасын дамыту мақсатында бір дауысты , жеңіл ансамбльдік жаттығулар мен гаммалардың ойнатылғаны тиімді .
Екінші жылы ансамбль топтарының партияларын жеке талдап , ойнату ықпалында өткізілуі жалғастырылады .
Үшінші оқу жылы ансамбль сыныбында дыбыстың , аспаптарды құлақ бұрауының тазалығы мен ырғақтардың сапалы орындалу жұмыстарын жетілдіру ары қарай жалғасады .
Оқушыларға шығарманы үйретпей тұрып , ең алдымен ол жөнінде мағлұмат беріп , таныстырып өту керек . Мұнда автордың аты-жөні , шығарманың мазмұны , тональдігі , қарқыны , кезігетін түрлі динамикалық белгілері айтылады .
Ансамбль жұмысында көрнекті орын алатын мәселе - репертуар . Балалар ансамблі жұмысының табысты болуы көбінесе репертуармен тығыз байланысты . Ол ансамбль ұжымының белгілі бір дәрежедегі шығармашылық жетілуін анықтайды . Сондықтан жетекші ансамбль репертуарын жасағанда музыкалық шығармалардың мазмұндылық , мәнерлілік жағына көңіл бөлгені жөн . Идеялық-көркемдік жағынан құнды , орындаушылыр мен тыңдаушыларға қызықты репертуар жасау , оқытушының баксты міндеттерінің бірі . Репертуарды іріктеуде , педагог , ансамбльдің техникалық шеберлігінің және көркемдік орындаушылық дағдылығының өсуін есте ұстағаны жөн . Тағы ескертетін мәселе , әрқашанда ұжымның мүмкіншілігін , оның сапасын , дайындық дәрежесін ұмытпауы қажет . Ойналатын шығарманың шағын , әуені жанға жайлы , ансамбль мүшелерінің қабылдауына жеңіл , ойын техникасы көп қиындық түсірмейтін болып келгені дұрыс . Репертуар қорында негізінен оқушыларды өз отанын шексіз сүюге , патриотизм мен ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелейтін сапалы шығармалар болуы тиіс .
Ïåäàãîãèêà
Ансамбльге бастапқы кезде сегіз немесе он алты тактыдан тұратын халық әндерін түсіріп ойнатқан жөн . Себебі халық арасында көп тараған әуенді әндер , күйлер , шағын шығармалар орындаушылардың түсініп орындауына жеңіл болады . Жеңіл қолайлы шығармаларды алғаш рет өз бетімен ойнап шығу баланың өзіне деген сенімін шыңдап , аспапты меңгеруге деген құлшынысын арттырады . Жаңа құрылған ансамбль үшін шығармаларды аспаптарға бейімдегенде , күйлерді өндегенде , тенор домбыраны негізге алу керек . Мысалы , халық күйлерінен " Кеңес ", " Келіншек ", " Айжанқыз ", " Жастар биі ", халық композиторларының күйлерінен Құрманғазының " Балбырауын ", Динаның " Тойбастар ", " Әсемқоңыр ", Түркештің " Қарабас ", Тәттімбеттің " Қосбасар ", Дәулеткерейдің " Қосалқа ", " Желдірме " шығармаларын түсіруге болады . Пьесалардан Глинканың " Полькасы ", Е . Брусиловскийдің " Колхоздағы той ", " Қыз арманы ", халық әні " Екі жирен " және т . б . лайықтаған жөн . Олардан басқа партитуралары дайын Ахмет Жұбановтың " Би күйі ", " Тәжік билері ", М . Қойшыбаевтың " Жастары ", Н . Тілендиевтің " Ата толғауы ", С . Құсайыновтың " Мереке ", К . Күмісбековтың " Өмір жолы " және т . б . шығармаларды реертуарға алуға болады . Сондай-ақ , жергілікті авторлардың жүрегінен шыққан шығармалары да оқушылар ансамблінің репертуарын даралайды .
Ансамбль топтарымен жұмыс істеу барысында динамикалық белгілерді оқушылардың естеріне түсіріп , үйретіп отыру қажет . Себебі , мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктеріне байланысты нотаны үйрету барысында кездесетін динамикалық белгілерді үнемі құлағына құйып , қайталап отыру нәтижесінде олар естерінде сақталып , жаттанды болып қалады . Ал шығарманы жаттаған соң , қиынға түседі . Ансамбльдегі оқушылар нотаға қараймын деп отырып , ойнап жатқан шығарманы өзгелермен бірдей бітіре алмай қалатын жағдайлар да жиі кездеседі . Мұндайда оларға соңғы екі тактіні жаттап алыуы немесе санап отырып жетекшіге қарап бітіру керек екендігін түсіндіру керек . Әрбір педагог өзінің нақты пәні және сабақтан тыс тәрбие жұмысын оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде сәтті жүзеге асыруға дайын болу керек . Қосымша білім және тәрбие , эстетикалық цикл мұғалімдеріне ерекше рөл артылады . Соның ішінде қосымша білім беретін балалар музыка мектебі . Әлемде өзінің музыкалық мәдениеті мен аспаптары жоқ халықты табу қиын . Бірақ олардың әрқайсысы тең дәрежеде барлық елге танымал , себебі музыкалық аспаптар рөлді атқарады және әлемдік мәдениетте күрделі мәнге ие . Барлық өркенитті елдердің музыкалық мәдениетінде қолданылатын бір қатар аспаптары бар . Музыкалық тәрбиелеу теориясы , ғылыми білімдер жүйесі , баланың дамуын басқару , оны музыкамен таныстыру барысында адамгершілік эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу заңдылықтары туралы ұғымдар жүйесі ретінде қарастырылады . Балалар музыка мектебінде музыкалық қызметтің негізгі формасы музыка сабақтары болып табылады . Олар қызметтің барлық түрлерін біріктіреді : ән тыңдау , ән айту , күй тыңдау , музыкалық-ритмикалық қимылдар , балалардың музыка аспаптарында ойнау . Соңғысына мен ерекше назар аударамын , себебі музыцирлеу дүние танымды кеңейтеді , сабақтарға деген қызығушылықтарын арттырады . Жадының , зейіннің дамуына ықпал етеді . Артық ұялшақтықты , тұйықтықты жеңуге көмектеседі . Аспапта ойнату барысында балалардың шығармашылық және музыкалық қабілеттері дамиды . Көптеген балалар үшін аспапта ойнау - олардың ойлау және музыканы қабылдау сезімдерін , ішкі рухани әлемін жеткізуге көмектеседі . Бұл тек тұлғалық дамудың ғана емес , сонымен қатар ойлаудың , шығармашылық бастамашылдықтың ,
48