EURASIAN EDUCATION №8-9 2015 | Page 49

Ïåäàãîãèêà
¹ 8-9 ( 8 ) 2015
Мақала балалар музыка мектебінің домбыра сыныбында топтық оқу әрекетін ұйымдастыру мәселелеріне арналған . Автор инструментальді ансамбльдің кәсіби , тәрбиешілік , коммуникативтік және әлеуметтік функцияларын айқындайды .
БАЙГАРИНОВА ГУЛЬМИРА АУЕСКАНОВНА
Шүлбі жалпы орта білім беретін эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешенінің балалар музыка мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі , Семей қаласы
Статья посвящена вопросам организации коллективных форм учебно-исполнительской деятельности в домбровых классах детских музыкальных школ . Авторвыявляет профессиональные , воспитательные , коммуникативные и социальные функции инструментального ансамбля .
This article is devoted to the organization of collective forms of teaching and performing activities in dombra classes in children ' s music schools . The author discovers professional , educational , communicative and social functions of the instrumental ensemble .
ЖЕТЕКШІНІҢ ДОМБЫРА АНСАМБЛІ СЫНЫБЫНДА ОҚУШЫЛАРМЕН ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ЖАСАУЫ
Ансамбль сыныбы музыка өнер мектептерінің халық аспаптар бөлімдерінде өткізетін пәндердің арасындағы ең негізгі пәндердің бірі болып саналады . Ансамбль сыныбы сабағында оқушылардың есту қабілетін , оны жадында сақтау , қабілетін нығайтып дамытуға , көркемдік талғамның өсуіне тәрбиелеп , олардың ой өрісін кеңейтуге көмектеседі . Оқушылар ансамбль сыныбында оқу барысында ансамбльде ойнау дағдысын меңгеріп , ансамбльде жұмыс істеу әдістемесімен танысады . Ансамбль белгілі бір композитордың шығармасын ойнайтын музыкант орындаушыдан тұратын үлкен ұжым . Ансамбльмен ойнаудың мақсаты - топ болып орындауда машықтану . Ансамбль сыныбы пәні , оқушылардың кәсіби дайындығын жетілдіруге бағытталған . Соңғы жылдары музыкалық оқу орындарында ансамбльмен жұмыс , аспапта үйрету бағдарламасы қазіргі уақыт талабына сай жаңартылып толықтырылуда . Ансамбль репертуары әр ел композиторларының шығармалары молайтылып , аспаптық орындаушылық мүмкіндігі де арта түсті . Бұл әдістемелік нұсқау бүгінгі уақыт тынысынан туандалған талаптарды ескере отырып , ансамбльмен жұмыс жасаудың көп жылғы тәжірибесіне сүйеніп отырып жазылды . Еліміздің ежелден дәріптеп қастерлеп келген ұлттық өнерінің шегін шектеу , болмысын танып , оның асылын тарихтың рухани керуеніне ілестіріп отыру арқылы өткені мен бүгінін мәдени музыкалық мұраларды жалғастырып идеяны айтын тарихи үлгі өнеге тұтар парасатты ой , толғанысы күшті қауым тәрбиелеу мақсатында өз үлесімді музыка өнері және ансамбльмен жұмыс жасау арқылы қосқым келді . Осы мақсатта ансамбльмен ( топтық ) жұмыс жасау кезіндегі сабақтың өтілуі , әр сыныпқа репертуар таңдау , репертуарды талдау , онымен жұмыс жасау , шығармаларды оқушыға үйрету , сол бағдарламаның ішіне кіретін бағдарламаның барлық элементтерін пайдаланып , көптеген жылдар бойы сабақ жүргізу барысында қолданған балалар музыка мектебінің халық аспаптар бөлімінде домбыра-тенор аспабында ансамбльмен жұмыс қалай жасау , жүргізу барысын ұсынып отырмын . Өз жұмысымның , сабағымның жүргізілуін жаза отырып , әдістемелік нұсқау жаздым . Пәннің мақсаттары мен міндетттері . Пәннің негізгі мақсаты : Оқушылардың музыка , фольклорды барлық ынтасымен оқуға және қазақтың музыка аспаптарына деген қызығушылығын , сүйіспеншілігін тұрақты түрде арттыруға кешенді тәрбиелеу ; Олардың көркемдік талғамын жетілдіру ;
Өз ісіне шығармашылық көзқараспен қарауға , өз міндетіне саналы түрде қарап , жауапкершілік сезімін қалыптастыру ; Ансамбльдік ойнау дағдыларын дамыту , тәжірибесін үйрену және шыңдау ; Ансамбльдік репертуарды меңгеру ; Теориялық білімді тәжірибе жүзінде іске асыру ; Әр түрлі музыкалық формалардың орындаушылық интерпретациясын сақтау , қолданысқа еңгізу ; Орындаушылық өнердің сахна мәдениетін игеру ; Пәннің негізгі міндеті : Ансамбльде музыкалық шығармаларды мәнерлеп орындауға дағдыландыру ; Музыкалық аспаптардың құлақ күйін келтіруді үйрету ; Нотаны бірден оқып , сауатты ойнау дағдысына жеткізу ; Ансамбльмен дайындық жүргізу жұмыстарының түрлерімен және әдістеріменен тәжірибе жүзінде таныстыру ; Ансамбльмен орындаудың негізгі тәртібін сақтауға оқыту ; Концертпен шығуға дағдыландыру ; Жоғары талғамды түрлі репертуармен таныстыру ; Еңбекке баулып , тәрбиелік және шығармашылық ізденіс жолдарына көңіл бөлу ; Музыкалық қабілеттілікті ( музыкалық есту қабілеті , ой өрісі ) дамыту . Ансамбль құрамы жинақталған топтан тұрады ( 15-20- дан астам оқушы болу керек ). Оқушылар ансамблінің құрамы толмаған жағдайда , оқу тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында ансамбльге кәсіпқой орындаушылардың ( мектеп оқытушыларына және де басқа да иллюстраторлардың ) қатысуына рұқсат етіледі . Ансамбльдік сынып сабағының мазмұны қазіргі музыка мектептеріндегі пайдаланып жүрген оқу жоспарының талаптарына сай жүргізіледі . Ансамбльдік сыныпқа 7 жылдық музыка мектептері үшін ( 5-7 сыныптар ) қабілеттерін танытқан 5 сынып оқушылыры , ал 5 жылдық музыка мектептері үшін ( 3-5 сыныптар ) қабілеттерін танытқан 2 сынып оқушылары қабылданады .
Бірінші оқу жылы ансамбль құрамын оқушылардан ұйымдастырып , қалыптастыру кезеңі . Ансамбль сабағын жүргізетін педагог орындаушыларды ансамбльге орналастыру тәртібін және санына қарай бөліп отырғызу , музыкалық аспаптардың бұрауымен таныстырып , домбыраның құлақ күйін келтіру дағдысын үйрету жөнінде толық мәліметтер беріп , олардың мағынасын түсіндіреді . Оқушылардың аспаптарды мәнерлі , сапалы
47